Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 651 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі N 1398 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 31, 330-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
"Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 68-жолмен толықтырылсын:
"Магистралдық мұнай құбырлары" деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жолдағы 2-баған "("Өзен" БМАС-тан (0 км.) Ресей Федерациясының шекарасына дейін (1237,4 км.) ұзындығы 1237,4 км.)" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 14-жолдағы 2-баған "(Ресей Федерациясының шекарасынан (214,7 км.) "Павлодар" БМАС-қа дейін (437,3 км.) ұзындығы 222,6 км.)" деген сөздермен толықтырылсын;
"Атом энергиясын пайдаланатын объектілер" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"ЕМК - еншілес мемлекеттік кәсіпорын".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов