Осы редакция 18.04.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-ОД бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2217.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңы 4-бабының 3 тармағы және 13-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару Ережесі бекітілсін.
2. "Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастырудың және жүргізудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің 1998 жылғы 19 тамыздағы N 03-5-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын. (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1998 жылғы 16 қарашада N 645 тіркелген; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 12 ақпандағы N 20-НҚ бұйрығымен; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 186-НҚ бұйрығымен өзгертулер енгізілді).
3. Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т.Шабдарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Б.Ә.Сағынтаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті
қорғау жөніндегі агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 26 ақпандағы
N 57-ОД бұйрығымен
бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесі
1. Осы Ереже " Табиғи монополиялар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне табиғи монополия субъектілерін енгізу және шығару тәртібін белгілейді.
2. Осы Ереженің мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:
табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімі (бұдан әрі - Тіркелім) - бұл республикалық және жергілікті бөлімдерден тұратын табиғи монополиялар субъектілерінің жеке атаулы тізбесі;
табиғи монополия субъектісі - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндірумен, жұмыс орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
табиғи монополия - қызметтердің осы түрін (тауарлардың, жұмыстардың) өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) белгілі бір түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногының жай-күйі;
табиғи монополия саласы - жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектісі болып танылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында пайда болатын қоғамдық қатынастар саласы;
уәкілетті орган - табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
орталық уәкілетті орган - табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;