• Мое избранное

Отправить по почте

"Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1079 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: »;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 6, 15, 23, 24, 29, 30-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
 
6. «Волковгеология» АҚ акциялар пакетiнiң 90%
15. «Қызылту» ЖШС қатысу үлесiнiң 76%
23. «Таукент - Энергосервис» ЖШС қатысу үлесiнiң 100%
24. «Шиелi - Энергосервис» ЖШС қатысу үлесiнiң 100%
29. «Өскемен СЭС» АҚ акциялар пакетiнiң 90%
30. «Шүлбi СЭС» АҚ акциялар пакетiнiң 92,14%
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 69, 70-жолдармен толықтырылсын:
 
69. «Азиялық Газқұбыры» ЖШС қатысу үлесінің 50 %
70. «Азиялық Газқұбыры – Қорғас» ЖШС қатысу үлесінің 100 %
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19-жолмен толықтырылсын:
 
9. «Бұхара газтасымалдаушы ауданы – Ташкент – Бiшкек – Алматы» газ құбыры
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
 
4. Сырдария өзеніндегі тасқын суға қарсы Көксарай контрреттегіші
3) көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28-жолдармен толықтырылсын:
 
13. «Қазақтелеком» АҚ акциялар пакетінің 39,93%
14. «Степногор тау-кен-химиялық комбинаты» ЖШС қатысу үлесінің 100%
15. «Бетпақ Дала» бірлескен кәсіпорны» ЖШС қатысу үлесінің 70 %
16. «АППАҚ» ЖШС қатысу үлесінің 35%
17. «Қаратау» ЖШС қатысу үлесінің 50%
18. «Инкай» бірлескен кәсіпорны» ЖШС қатысу үлесінің 60%
19. «Катко» бірлескен кәсіпорны» ЖШС қатысу үлесінің 51%
20. «Қызылқұм» ЖШС қатысу үлесінің 70%
21. «Заречное» бірлескен кәсіпорны» Қазақстан-Ресей компаниясы» АҚ акциялар пакетінің 50,34%
22. «Байкен – U» ЖШС қатысу үлесінің 95%
23. «Қызылту» ЖШС қатысу үлесінің 24%
24. «Атом станциялары» Қазақстан-Ресей компаниясы» АҚ акциялар пакетінің 50%
25. «Ақбастау» бірлескен кәсіпорны» АҚ акциялар пакетінің 50%
26. «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыржол компаниясы» АҚ акциялар пакетінің 49%
27. «Азаматтық авиация академиясы» АҚ акциялар пакетінің 10%
28. «Азиялық Газқұбыры» ЖШС қатысу үлесінің 50%
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.