Toggle Dropdown
Осы редакция 12.07.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің Талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6395 болып енгізілді
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қаржылық-экономикалық негіздеменің мазмұнына, әзірлеу тәртібі мен мерзіміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібіне қойылатын талаптарды айқындайтын ережесі бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат департаменті (Б.К. Тортаев) және Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. «Қаржылық-экономикалық негіздеменің мазмұнына, әзірлеу тәртібі мен мерзіміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 3 наурыздағы № 34 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 наурызда № 5610 болып тіркелген).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің
2010 жылғы 22 шілдедегі
№ 126 бұйрығымен бекітілген
Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптары
1. Осы Қаржы-экономикалық негіздеменің (бұдан әрі - ҚЭН) мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленген және ҚЭН мазмұнын, әзірлеу тәртібі мен мерзімін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды (бұдан әрі – Инвестициялар) іріктеу тәртібін айқындайды.
2. Талаптарда мына негізгі түсініктер пайдаланылады:
1) Инвестицияларды алушы – қаражатты жарғылық капиталды ұлғайту немесе қалыптастыру үшін түпкілікті алушы болып табылатын, Инвестициялар есебінен іс-шараларды іске асыратын заңды тұлға;
1-1) қатысушылар – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;
2) қаржылық схема – қатысушылар арасындағы бюджеттік ақшаның ағыны;
3) маркетингтік орта – Инвестицияларды алушының қызметі жүзеге асырылатын және нысаналы клиенттермен табысты ынтымақтастықтың қатынасын белгілеу және қолдау мүмкіндіктеріне ықпал ететін белсенді субъектілердің және шарттардың жиынтығы;
3-1) нәтижелілік - тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігі, сондай-ақ тиімділік пен сапа көрсеткіштері болған жағдайда есептермен расталған дәйектемелердің болуы;
3-2) негізділік – әрбір құрамдауыш бөлінісінде іс-шараларды іске асыруға арналған қаржыландыру көлемінің, сондай-ақ іс-шараларды балама көздерден қаржыландырудың мүмкін еместігінің құжатпен және есептермен расталған дәйектемелерінің болуы;
3-3) орындылық – ел (өңір) экономикасы мен саланың даму қажеттіліктерінің талдауын, сондай-ақ маркетингтің талдауды негізге ала отырып, ҚЭН-де көзделген іс-шаралардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің негіздемесі;
3-4) Субъект – жарғылық капиталына арқылы мемлекеттің қатысуы заңды тұлға жоспарланады;
3-5) тікелей нәтиже - қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметіне толық байланысты болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы;
3-6) түпкілікті нәтиже - белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің, басқа да мемлекеттік органдар қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізумен ұштасатын, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының, әлеуметтік саланың, экономиканың, қоғамдық қауіпсіздіктің және мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының мақсатты жай-күйі (жай-күйінің өзгерісі)
4) өнім – материалдық-заттай (материалдық өнiм) немесе материалдық емес (зияткерлік өнiм) нысанында, немесе жұмыстар мен (немесе) қызметтер түрiнде, соның ішінде қаржылық, берiлген шаруашылық қызметiнiң нәтижесi;
5) өнiмдер – белгiлi бiр уақыт аралығында Субъект өндiрген барлық өнiмнiң саны;
6) іс-шара – аяқталған сипатқа ие және құрылуы кезінде Субъектінің жарғылық капиталын ұлғайтуға немесе жарғылық капиталын қалыптастыруға бастама жасайтын бюджеттік бағдарлама әкімшісінің (бұдан әрі – Әкімші) стратегиялық жоспарының жобасында көзделген міндеттерді орындауға бағытталған, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялар шеңберінде орындалатын өзара байланысты іс-қимылдар кешені;
7) компонент – аяқталған сипаты бар іс-шараның құрамдас бөлігі;
8) өндіріс – өнімдерді құру процесі;
9) стратегиялық даму құжаты – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібімен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарлары, акционері мемлекет болып табылатын, сондай-ақ мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму бағдарламасы.
2. Субъектінің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу арқылы бюджеттік инвестициялар ҚЭН-інің мазмұны, әзірлеу тәртібі және мерзімі
1-параграф. Субъектінің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу арқылы бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-ін әзірлеуге қойылатын жалпы талаптар
3. ҚЭН Инвестициялар сомасының негіздемесін, орындылығын және нәтижелерін бағауды қамтитын құжатты білдіреді.
ҚЭН-ді әзірлеуді Әкімшінің стратегиялық жоспарының жобасын әзірлеу кезеңінде Әкімші жүзеге асырады.
ҚЭН Әкімшінің стратегиялық жоспарының жобасында айқындалатын мақсатқа қол жеткізу үшін іске асыруға жоспарланатын әрбір жекелеген міндетті шешуге бағытталған іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді.
4. ҚЭН-да Инвестицияларды алушының жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған Инвестициялардың орындылығын, негізділігін және нәтижелілігін ашатын ақпарат қамтылады.
5. ҚЭН-ді, сондай-ақ қосымша материалдарды, оның ішінде теріске шығаруды, қосымша дәйектемелерді не осы Талаптардың 32-тармағында айтылған ҚЭН-ге өзгерістер енгізу туралы ақпаратты Әкімшілер бірінші басшының не оны алмастыратын адамның не жауапты хатшының қолы қойылған титулдық бланкіде жеке ілеспе хатпен береді.
Ілеспе хатта ҚЭН атауы, мәлімделетін сома және Инвестицияларды жүзеге асыру жылы, қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
ҚЭН-ге, сондай-ақ қосымша материалдарға, оның ішінде теріске шығаруға, қосымша дәйектемелерге не ҚЭН-ге өзгерістер енгізу туралы ақпаратқа Әкімшінің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам не жауапты хатшы қол қояды.
ҚЭН-ге, сондай-ақ қосымша материалдарға, оның ішінде теріске шығаруға, қосымша дәйектемелерге не ҚЭН-ге өзгерістер енгізу туралы ақпаратқа Әкімшінің ҚЭН әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы әрбір бетіне дәйектеп қол қояды.
6. Инвестицияларға экономикалық сараптама жүргізу үшін Әкімшіден ҚЭН келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ҚЭН-ді:
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаларға тапсырады.
7. ҚЭН Инвестициялардың орындылық, негізділік, нәтижелілік өлшемдеріне сәйкестігін ашады.
8. ҚЭН мынадай құрылымға сәйкес келеді:
1) Инвестициялар паспорты;
2) «Ретроспектива» бөлімі;
3) «Институционалдық» бөлімі;
5) «Инвестициялардың орындылығы» бөлімі