"Caудa мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Отправить по почте
Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 17 қаңтар N 49
Осы редакция 30.03.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Caудa мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалауы астында теңiз сауда кемелерінің жүзу құқығын берудің тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1231 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 48, 584-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1231 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 30 наурыздағы N 467 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 17, 180-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 қаулысымен бекітілген
Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудiң осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының (бұдан әрi - Заң) негiзiнде әзiрлендi.
2. Ереже мыналарды анықтайды:
1) теңiз кемелерi мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеудiң тәртiбi;
2) өзен кемелерi мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбi;
3) шағын өлшемдi кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудің тәртiбi.
3. Осы Ережеде мынадай негiзгi терминдер қолданылады:
теңiз кемесi - анықтамасы 1978 жылғы 7 шiлдеде Лондонда жасалған Теңiзшілердi даярлау, оларға дипломдар беру және вахта атқару туралы халықаралық конвенцияның 2-бабында көзделген кеме;
шағын өлшемдi кеме - ұзындығы 7 метрден кем, 75 а.к. (55 квт) кем қуатты қозғалтқышы бар және жалпы сыйымдылығы 80 регистрлік тонна, демалыс, серуен немесе суда жүргiзiлетiн басқа жұмыстарға арнайы арналған, жүзетiн құрылыс;
өзi жүзетiн шағын өлшемдi кеме (механикалық қозғалтқышы бар кеме) - механикалық қондырғымен қозғалысқа келтiрiлетiн кез келген кеме;
өз бетiмен жүзбейтiн шағын өлшемдi кеме - өздiгiнен қозғалуға арналған механикалық қондырғысы жоқ кеме;
тiркеу нөмiрi - осы Ережемен белгiленген рәсiмге сәйкес мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру кезiнде берiлетiн кеме нөмiрi;
өзен кемесi - кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өзi жүзетiн немесе өз бетiмен жүзбейтiн қалқымалы құрылыс, соның iшiнде аралас (өзен-теңiз) жүзетiн кеме, паром, түбiн тереңдету және түбiн тазарту снарядтары, қалқымалы кран және басқа да осы сияқты техникалық құрылыс;
кеме қатынасы - iшкi су жолдарында жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүк пен почтаны кемемен тасымалдау, қалқымалы объектiлердi сүйреу, пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру, балық және басқа кәсiпшiлiктер, мұзжарғыштардың лоцмандық алып өтуi, су кеңiстігiн қорғау, құтқару операциялары, түбін тереңдету, гидротехникалық және басқа жол жұмыстары, сондай-ақ басқа шаруашылық, ғылыми және спорт мақсаттары үшiн қолданумен байланысты қызмет;
аралас (өзен-теңiз) жүзетiн кеме - iшкi су жолдарында және теңiз iшкі суларында пайдалануға арналған кеме;
аумақтық уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық көліктік бақылау басқармасы;
кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi.
4. Кемелердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), сондай-ақ олардың мемлекеттік тiркелуiн растайтын құжаттың телнұсқасын алу кезiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептелген алым алынады. Кемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн бюджетке алым төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Салық кодексi белгiлейдi.
2. Теңiз кемелерi мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу тәртiбi
5. Теңiз кемесi (бұдан әрi - кеме) Қазақстан Республикасы теңiз порттарының бiрiндегi Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде, кеме кiтабында немесе бербоут-чартер тiзiлiмiнде тiркелуге жатады.
Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы киль салынған немесе сарапшының қорытындыларымен расталған тең бағалы құрылыс жұмыстары жүргiзiлген жағдайда салынып жатқан кемелер тiркелiмiнде мемлекеттiк тiркелуi мүмкiн.
6. Шетел мемлекетiнiң кемелер тiзiлiмiнде тiркелген кеме Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында ол шетел мемлекетінің кемелер тiзiлiмiнен шыққаннан кейін ғана және кеменiң мұндай тiзiлiмнен шыққандығын куәландыратын құжат көрсетілгеннен кейiн ғана тіркеліне алады.
7. Кеменi бербоут-чартерлiк тiзiлiмге бербоут-чартер шартында мемлекеттiк тiркеудің алдында қазақстандық кеме жалдаушы уәкiлеттi органнан Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы астында уақытша жүзу құқығын беру туралы рұқсат алуы тиiс.
8. Кеменi:
1) Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне енгiзу теңiз кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiктi (1-қосымша) және кемеге меншiк құқығы туралы куәлiктi (2-қосымша) берумен куәландырылады;
2) кеме кiтабына енгiзу Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын беретiн және кемеге меншiк құқығының айғағы болатын кеме билетiн (3-қосымша) берумен куәландырылады;
3) бербоут-чартерлiк тiзiлiмге енгiзу бербоут-чартерлiк шартта жалдап алынған шетелдiк теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен уақытша жүзу құқығын беру туралы куәлiктi (4-қосымша) берумен куәландырылады;
4) жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiне енгiзу кемеге (жасалынып жатқан кемеге) (5-қосымша) құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы куәліктi берумен куәландырылады.
9. Кемелердi, оның iшiнде жасалынып жатқан кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi және осы Ереженің 8-тармағында көрсетiлген құжаттарды берудi порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады.
10. Егер қазақстандық кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан белгiленген тәртiппен шығарылмаған болса, онда оның шетел мемлекетінiң кеме тiзiлiмiнде тiркелуi заңды күшiнде болмайды.
11. Тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу үшiн қажеттi және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына жауап беретiн, қабылдап алынуы кезiнде порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң лауазымдық тұлғасы кiрiс құжаттарын есепке алу кітабына тиiстi жазу енгiзетiн құжаттарды қабылдау. Ұсынылатын құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген кезде немесе олар жеткiлiксiз болса, өтiнiш берушіден құжаттар қабылдаудан бас тартылады. Өтiнiш берушiнің талабы бойынша оған құжаттарын қабылдаудан бас тарту туралы дәлелденген жазбаша растама берiледi.
Өтiнiш берушiге құжаттардың тiзбесімен қоса тiркеуге алынғандығына, сондай-ақ олардың тапсырылған күнi көрсетілген қолхат берiледi. Қолхат құжаттардың тiркеуге қабылданғандығын растайды;
2) осы кемеге туындап отырған құқықтар мен тiркелiп қойған құқықтар арасында қарама-қайшылықтардың, сондай-ақ тiркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру үшiн негiздiң жоқтығын анықтау;
3) көрсетiлген қарама-қайшылықтар мен тiркеуден бас тартудың немece тоқтата тұрудың басқа да негiздерi болмаған жағдайда Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне, кеме кiтабына және бербоут-чартерлiк тiзілімге жазбаларды енгiзу;
4) тiркеудi растайтын құжаттарды беру.
12. Кеменi меншiк құқығында алған кез келген тұлға отыз күннің iшiнде Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне немесе кеме кiтабына кеменiң өзiн және оған меншiк құқығын тiркеуге тиiс.
Кеменi бербоут-чартерлiк шартта пайдаланатын кез келген тұлға отыз күннің iшiнде оны бербоут-чартерлiк тiзілімде тiркеуге тиiс.