• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесiн бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 19.10.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 652 Қаулысы
"Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу  ережесi  бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
 Yкiметінің
 2005 жылғы 30 маусымдағы
 N 652 қаулысымен
 бекiтiлген
Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшін жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы  Заңына  сәйкес әзiрлендi және экономикалық қызмет түрiн осы экономикалық қызмет түрi бойынша қалыптасқан өндiрiстiк жарақаттану және кәсiби аурулар деңгейiне сәйкес келетін кәсiптік тәуекел сыныбына жатқызу тәртiбiн белгілейдi.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1) әкiмшілік-басқару персоналы - бұл басқару аппаратының қызметкерлерi, ұйымның әкiмшілігiне кiретiн және ұйымды басқару функцияларын жүзеге асыратын қызметшiлер; 
2) өндiрiстiк персонал (негiзгi өндiрiстік және қосалқы өндiрiстiк персонал) - негiзгi және екiншi кезектегi (негiзгi емес) қызметтi жүзеге асыратын қызметкерлер. Ұйымның негізгi қызметiнде жұмыс iстейтiн персоналға тiкелей негiзгi өнiм (тауарлар немесе қызметтер) және басқа ұйымдарға сатылуы мүмкiн негiзгi өнiммен қоса шарасыз алынатын жанама өнімнің өндiрiсiнде жұмыс iстейтін қызметкерлер жатады. Ұйымның екiншi кезектегi (негізгі емес) қызметiнде жұмыс iстейтiн персоналына қызметтiң басқа (негiзгiден басқа) түрлерiне жататын жұмыстарды орындаумен айналысатын қызметкерлер жатады; 
3) көмекшi персонал - негiзгi және екіншi кезектегi (негiзгi емес) қызмет түрлерiн жүргiзу үшiн жағдайды қамтамасыз ететiн  ұйымдардың қызмет көрсететiн өндiрiстерi мен шаруашылықтарында жұмыс iстейтiн қызметкерлер.
2. Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу
3. Экономикалық қызмет түрлерi кәсiптiк тәуекел сыныбына қарай топтар бойынша сараланады.
4. Экономикалық қызмет түрлерiн осы Ережеге қосымшаға сәйкес кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу кәсiптiк тәуекелдiң 22 сыныбын көздейдi.
5. Экономикалық қызмет түрлерi бойынша кәсiптік тәуекел сыныбы кәсiптiк тәуекелдiң келтiрiлген орташа көрсеткiшiнiң шамасымен белгіленедi.
6. Әрбiр экономикалық қызмет түрi бойынша кәсiптiк тәуекелдiң орташа көрсеткiшi белгілi бiр экономикалық қызмет түрi бойынша алдыңғы бес жылдағы кәсiптiк тәуекел көрсеткiштерiнiң арифметикалық орташа сомасы ретiнде есептеледi.
7. Қаралып отырған жылы белгілі бiр экономикалық қызмет түрi бойынша кәсiптiк тәуекелдiң көрсеткiшi қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындаған кезде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрілген зиянды өтеуге есептелген төлемдердiң (оның iшiнде жарақат алған, кәсiптiк жарақаты, қайтыс болған жағдайға төлемдi) жылдық сомасы мөлшерiнiң осы экономикалық қызмет түрi бойынша жылдық еңбекақы төлеу қорының мөлшерiне қатынасы ретiнде белгіленедi: 
Р і   = (ВТУ і   + ВПЗ і  + ВП і  )/ФОТ і , мұнда 
i - экономикалық қызмет түрi; 
P і   - і-лi экономикалық қызмет түрiмен айналысатын персонал үшiн кәсiптiк тәуекелдiң көрсеткiшi; 
ВТУ і   - i-лi экономикалық қызмет түрiмен айналысатын персонал бойынша еңбек жарақатынан зардап шеккендерге есептелген зиянды өтеуге есептелген төлемдердiң жылдық сомасы (еңбек жарақатынан зардап шеккен бiр қызметкерге және зардап шеккендердiң санына төленетiн төлемдердiң орташа сомасының туындысы ретiнде есептелуi мүмкiн); 
ВПЗ і   - i-лi экономикалық қызмет түрiмен айналысатын персонал бойынша кәсiптiк аурулардан зардап шеккендерге есептелген зиянды өтеу төлемдерiнің жылдық сомасы (кәсiптік аурулардан зардап шеккен қызметкерге және зардап шеккендердің санына төленетiн төлемдердiң орташа сомасының туындысы ретінде есептелуi мүмкiн); 
ВП і   - i-лi экономикалық қызмет түрiмен айналысатын персонал бойынша қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерiн орындаған кезде оның қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге құқығы бар адамдарға есептелген зиянды өтеуге төленетін төлемдерiнiң жылдық сомасы (қаза болған бiр қызметкерге және қайтыс болғандардың санына төленетін төлемдердiң орташа сомасының туындысы ретiнде eceптелуі мүмкiн); 
ФОТ і   - i-лi экономикалық қызмет түрiмен айналысатын персонал бойынша қызметкерлердiң жылдық еңбекақы төлеу қоры. 
Кәсiптiк тәуекел көрсеткiшi әрбiр жыл бойынша есептеу жүргiзу жылының алдындағы бес жылға жеке есептеледi.
8. Экономикалық қызметтiң белгілi бiр түрiнiң кәсiптiк тәуекел дәрежесiн бағалау өндiрiстегi жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың мынадай статистикалық көрсеткiштерiне негізделедi: 
1) еңбек қызметiне байланысты жазатайым оқиғалар кезiнде зардап шеккендердiң саны, жылына; 
2) еңбек қызметiне байланысты жазатайым оқиғалар кезiнде зардап шеккендерге төленетiн төлемдердiң жылдық есептелген сомасы, оның iшiнде жазатайым оқиғадан зардап шеккен бiр адамға есептелген төлемдердiң орташа мөлшерi; 
3) жылына кәсiптiк аурулардан зардап шеккендердің саны; 
4) кәсiптiк аурулардан зардап шеккендерге есептелген төлемдердiң жылдық сомасы, оның iшiнде кәсiптiк аурудан зардап шеккен бiр қызметкерге есептелген төлемдердiң орташа мөлшерi; 
5) еңбек қызметiне байланысты жазатайым оқиғалар кезiнде қаза тапқандардың саны, жылына; 
6) қызметкерлер еңбек қызметiне байланысты қайтыс болған жағдайда есептелген төлемдердiң жылдық сомасы, оның iшiнде есептелген төлемдердiң орташа мөлшерi; 
7) экономикалық қызмет түрі бойынша жылдық еңбекақы төлеу қоры; 
8) экономикалық қызмет түрi бойынша қызметкерлердiң орташа жылдық тiзiмдiк саны.
9. Осы Ереженiң  8-тармағында  санамаланған статистикалық көрсеткiштердiң әрқайсысы алдыңғы бес жылдағы серпiнде қалыптастырылады.
10. Сақтандырушы бiрнеше экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асырған жағдайда, ол оның негiзгi қызмет түрiне сәйкес келетiн кәсiптiк тәуекел сыныбына жатқызылуы тиiс. 
Сақтандырушы өндiрiстiң жалпы көлемiнде тең үлестiрiлген бiрнеше экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыратын жағдайда, ол кәсiптiк тәуекелдiң неғұрлым жоғары сыныбы сәйкес келетiн экономикалық қызмет түрiне жатқызылуы тиiс.
Экономикалық қызмет түрлерiн
 кәсiптік тәуекел сыныптарына
 жатқызу ережесiне
 қосымша
Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу
Кәсiптік тәуекелдiң 1-сыныбы
Қонақ үйлердiң қызметтер көрсетуi 
Қысқа мерзiмдi тұру үшiн өзге де орындардың қызметтер көрсетуi 
Мейрамханалардың қызметтер көрсетуi 
Барлардың қызметтер көрсетуi 
Курьерлiк қызмет 
Қаржы делдалдығы