• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 07.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 Қаулысы
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасы;
2) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі;
3) техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 17 мамырдағы
 № 523 қаулысымен
 бекітілген
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органда тiркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) көліктік бақылау органы – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық көліктік бақылау органдары;
2) механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі – механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе шұғыл басқару құқығында немесе кез келген басқа да заңды негізде иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
3) міндетті техникалық байқау жүргізу – міндетті техникалық байқауға қатысушы ретінде өз құқықтарына және міндеттеріне сәйкес осы Қағидада көзделген техникалық байқау орталығы жүзеге асыратын іс-қимылдар;
4) міндетті техникалық байқаудан өту – міндетті техникалық байқауға қатысушы ретінде өз құқықтарына және міндеттеріне сәйкес осы Қағидада көзделген механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иесі жүзеге асыратын іс-қимылдар;
5) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті;
6) техникалық байқау орталығының маманы – механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды жүргізуді жүзеге асыратын техникалық байқау орталығының қызметкері;
7) бақылау-диагностикалық жабдық – механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін техникалық жай-күйiнiң параметрлерін анықтау үшiн қолданылатын сынау жабдықтары және өлшеу құралдары.
4. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін (бұдан әрі – көлік құралдары) міндетті техникалық байқауды жүргізудің негізгі міндеттері:
1) жол қозғалысына қатысушы көлік құралдарының техникалық жай-күйінің сәйкестігін бағалау;
2) көлік құралдарының техникалық жай-күйінің осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкессіздігі салдарынан туындаған жол-көлік оқиғаларының алдын алу;
3) көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарын пайдаланудың қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету;
4) көлік құралдарының техникалық жай-күйі бойынша статистикалық талдау болып табылады.
5. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпусқа және олардың дипломатиялық иммунитеті бар қызметкерлеріне, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне, шетелдік қатысуы бар кәсіпорындарға тиесілі көлік құралдарын міндетті техникалық байқау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктерімен жұмыс жөніндегі ұйымдар арқылы жүргізіледі.
6. Әскери жағдай немесе жұмылдыру жариялаған, әскерлерді ұрысқа әзірліктің жоғарғы дәрежесіне көшірген кезде көлік құралдарының техникалық жай-күйін тексеру жергілікті әскери басқару органдары өкілдерінің қатысуымен техникалық байқау орталықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.
2. Міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру тәртібі
7. Міндетті техникалық байқауды көлік құралының тіркелген жеріне және көлік құралы иесінің тұрғылықты жеріне қарамастан, бірақ көлік құралының санатына сәйкес техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желілерін пайдалана отырып, техникалық байқау орталықтары жүргізеді.
8. Көлiк құралдарының міндетті техникалық байқауын өткiзу техникалық байқау орталықтарының тiзiлiміне қосылған күнiнен бастап техникалық байқау орталықтары жүзеге асырады.
9. Техникалық байқау орталықтары жария шарт негізінде қызмет көрсетеді.
10. Көлік құралдарының иелері:
1) көлік құралының тіркелген жеріне және өзінің тұрғылықты жеріне (тұрғылықты орнына) қарамастан, міндетті техникалық байқаудан өту үшін техникалық байқау орталығын дербес таңдайды;
2) Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігімен бекітілген міндетті техникалық байқауды өткізу мерзімінің шегінде міндетті техникалық байқаудан өту уақытын дербес анықтайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті техникалық байқаудан өтуді жеке немесе өздерінің өкілдері арқылы жүзеге асырады;
4) техникалық байқау орталықтарына техникалық байқау орталықтары белгілеген тариф шегінде міндетті техникалық байқау өткізу қызметтері үшін төлем жүргізеді;
5) міндетті техникалық байқаудан өту үшін осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
11. Міндетті техникалық байқаудан өту үшін көлік құралының иесі техникалық байқау орталығына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралдары салығын төлегенін растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар;
3) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарт.
12. Техникалық байқау орталықтары көлік құралдарының барлық иелері үшін міндетті техникалық байқау қызметтерін алудың тең жағдайын қамтамасыз етеді.
13. Техникалық байқау орталығы көлік құралдары иесінің өтініші бойынша көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу кезінде орындалатын жұмыстарға қатысты мәліметтерді хабарлайды.
14. Техникалық байқау орталығы:
1) міндетті техникалық байқауды өткізу жөніндегі жұмыстарды орындау үдерісінде осы Қағидада және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды сақтайды;
2) пайдаланатын өндірістік үй-жайлар, жабдықтар, материалдық ресурстар жай-күйінің және оларды пайдалану шарттарының белгіленген техникалық талаптарға, сондай-ақ метрологиялық нормалар мен қағидаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді;
3) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес көлік құралдарының міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін есепке алу және беру журналында міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктер бланкілерін жұмсауды есепке алуды жүзеге асырады;