Bestprofi Logo

Қаулы № 411 от 2008-05-04г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

"Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 800 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

"Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 411 Қаулысы

"Техникалық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1. Қоса беріліп отырған "Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 411 қаулысымен бекітілген

"Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолдану аясы

1. Осы "Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының " Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы және " Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген.

2. Осы техникалық регламент балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне, олардың тіршілік циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

3. Осы техникалық регламент талаптары үйде өндіру процесінде алынған тамақ өнімдеріне қолданылмайды және мыналарды қамтымайды:

1) тамақ өнімдерін таңбалауға және затбелгі жапсыруға тамақ өнімдерімен араласатын материалдарға қойылатын арнайы техникалық регламенттерде белгіленген талаптар, оның ішінде орауға қойылатын талаптар;

2) өсімдік немесе жануарлар өнімінен жасалып пайдаланылатын генетикалық-түрлендірілген азық-түлік шикізатына арналған арнайы техникалық регламенттерде белгіленген талаптар.

4. Осы техникалық регламент әрекетіне тәуелді өнім түрлері және олардың Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі - СЭҚ ТН) жіктеуіші бойынша коды осы техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

5. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) балалар тағамы өнімдерінің қауіпсіздігі - қауіпті фактордың іске асу мүмкіндігі мен оның салдарының ауырлық дәрежесінің ұштасуы ескеріле отырып, адам өмірі мен денсаулығына зиян келуіне және тұтынушылардың заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) жол берілмейтін қатердің болмауы;

2) емдік-алдын алу тағамының азық-түлігі - зиянды кәсіптік факторлардың созылмалы әсерімен байланысты адам организміндегі бұзылудың алдын алу мақсатында адамдардың жекелеген санаттарына арналған, арнайы тағам рациондарында пайдаланылатын мамандандырылған тамақ өнімдері;

3) балалардың шөптен жасалған шайы - шөп негізінде және шөп сығындысынан жасалған шайлар;

4) балалар тамағы өнімдерінің тағамдық құндылығы - қажетті заттар мен энергияда балалар организмінің физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыратын тамақ өнімдері болған кездегі қасиеттерінің жиынтығы;

5) балалар тағамының өнімдері - қажетті заттар мен энергияда балалар организмінің физиологиялық қажеттіліктеріне жауап беретін және үш жасқа дейінгі балалар тағамдарына арналған арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері;

6) бейімделіп жасалған сүт қоспалары (ана сүтін алмастырғыштар) - сәби жастағы балалардың физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында сиыр сүтінің, басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары сүтінің, соя белоктарының негізінде дайындалған, ана сүтін алмастырғыштар ретінде пайдалануға арналған және химиялық құрамы бойынша оған барынша жақындастырылған сұйық немесе ұнтақ нысандағы тағам өнімдері;

7) кейінгі қоспалар - өмірінің 5 айынан асқан балаларды үйлестірілген қосымша тағам өнімдерімен қосып тамақтандыруға арналған сиыр сүтінің, басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары сүтінің, соя белоктарының негізінде бейімделіп немесе ішінара бейімделіп жасалған қоспалар;

8) қосымша тағам өнімі - физиологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, жануарлар және/немесе өсімдік өнімдері негізінде жасалған, ана сүтіне, оны алмастырғышқа немесе кейінгі қоспаларға қосымша ретінде бір жас шамасындағы балалар рационына енгізілетін тамақ өнімдері;

9) астық дәндері қосылған тағамдар - әртүрлі ұн мен жарма түрлерінен, оның ішінде астық емес ингредиенттерді қоса отырып дайындалған тамақ өнімдері;

10) астық-сүт қосылған тағамдар - өнім салмағының кемінде 25% мөлшерінде сүтті қоса отырып әртүрлі ұн мен жарма түрлерінен, оның ішінде астық емес ингредиенттерді қоса отырып дайындалған тамақ өнімдері;

11) жеміс-көкөніс қосылған тағамдар - жемістерден, көкөністерден, жидектерден, оның ішінде өнім салмағының 20%-дан аспайтын өзге де ингредиенттерді қоса отырып дайындалған тамақ өнімдері;

12) жеміс-сүт тағамдары - өнім салмағының 25%-дан аспайтын мөлшерінде сүт өнімдерін қоса отырып, жемістерден, жидектер мен жеміс-көкөніс пюресінен дайындалған тамақ өнімдері;

13) жеміс-дән тағамдары - өнім салмағының 25%-дан аспайтын мөлшерінде әртүрлі ұн, жарма мен үлпек түрлерін қоса отырып, жемістер, жидектер мен жеміс-көкөніс пюресінен дайындалған тамақ өнімдері;

14) ет тағамдары - өнімнің жалпы салмағының кемінде 40 % ет компоненті қамтитын әртүрлі жануарлар мен құс етінен дайындалған тамақ өнімдері;

15) балық және балық кәсіпшілігі емес объектілердің өнімдері - жалпы өнім салмағының кемінде 40 % компонентін қамтитын балықтан және балық кәсіпшілігі емес объектілерінен тамақ өнімдері;

16) ет-өсімдік және балық-өсімдік тағамдары - жалпы өнім салмағының кемінде 20% ет немесе балық компонентін қамтитын өсімдік компоненттерін (жемістерді, көкөністерді, жармаларды, ұнды) қоса отырып, әртүрлі ет түрінен немесе балықтан дайындалған тамақ өнімдері;

17) өсімдік-ет және өсімдік-балық тағамдары - жалпы өнім салмағының кемінде 8 % ет немесе балық компоненті қамтитын етті немесе балықты қоса отырып, өсімдік компоненттерінен (жемістерден, көкөністерден, жармалардан, ұннан) дайындалған тамақ өнімдері;

18) сүт тағамдары - сиыр сүтінен және басқа да ауыл шаруашылығы жануарларының сүтінен, оның ішінде жалпы өнім салмағының 20 %-нан аспайтын сүтсіз ингредиенттерді қоса отырып дайындалған тамақ өнімдері;

19) аралас тағамдар - тамақ өнімдерінің әртүрлі топтарының қасиеттерін үйлестіретін, бұл ретте жоғарыда санамаланған топтардың біріне де жатпайтын тамақ өнімдері;

20) сәби жастағы балалардың тамақтануына арналған мамандандырылған өнімдер - химиялық құрамы баланың тиісті патологиясы кезінде метаболизмнің ерекшеліктеріне сәйкес келетін диеталық (емдік-алдын алу) тамақ өнімдері;

21) диеталық тағам өнімдері - аурулардың алдын алу және (немесе) емдеу мақсатында жекелеген адамдардың санатына арналған арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері;

22) энтералды тамақтану - бұл бірқатар аурулар кезінде организмнің энергетикалық және пластикалық қажеттіліктерін табиғи жолмен барабар қамтамасыз ету мүмкін болмағанда қоректік заттар сусындар түрінде ауыз арқылы немесе зонд арқылы енгізілетін нутритивтік қолдау түрі;

23) байытылған өнімдер - аурудың алдын алу мақсатында енгізілетін, тамақтың құнарын арттыру үшін бастапқыда болмаған не жеткіліксіз мөлшерде болған немесе өндіру (дайындау) процесінде (сатысында) жоғалтылған бір немесе одан да көп қажетті ингредиенттер (витаминдер, минералдар, белоктар, амин немесе май қышқылдары) және басқа да заттар қосылған тамақ өнімдері;

24) пробиотиктер - құрамына тірі микроорганизмдер және (немесе) олардың метаболиттері кіретін, ас қорыту тракты микрофлорының құрамына және биологиялық белсенділігіне қалыпқа келтіре әсер ететін тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспалар (пробиотиктер - эубиотиктер ұғымының синонимі);

25) пробиотикалық өнімдер - пробиотикалық микроорганизмдер мен пребиотиктердің тірі өскіндерін қоса отырып дайындалған тамақ өнімдері;

26) пробиотикалық микроорганизмдер - тірі патогенді емес және токсигенді емес микроорганизмдер, Bifidobacterium, Lactobacillus, Lactococcus, Propionibacterium тектес және басқа да ас қорыту жолдары микрофлорасының қалыпты құрамы мен биологиялық белсенділігін қолдау жолымен адам организміне жағымды әсер ететін адамның қалыпты ішек микробиоценозының және табиғи симбиотикалық ассоциацияларының қорғаныш топтарының өкілдері;

27) пребиотиктер - ішек микрофлорасының қорғаныш өкілдерінің өсуін және (немесе) биологиялық белсенділігін іріктеп арттыратын, сол арқылы оның қалыпты құрамы мен биологиялық белсенділігін қолдауға ықпал ететін тағамдық заттар.

6. Мақсаты бойынша қолдану кезінде адам өмірі мен денсаулығына жағымсыз әсер етпейтін және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткен балалар тағамы өнімдерінің айналымына рұқсат етіледі.

7. Айналымдағы балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен санитарлық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

8. Осы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін, сапасыздық белгісі бар және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаты жоқ балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін сатуға жол берілмейді.

9. Балалар тағамдарының өнімдері тиісті сақтау шарттары қамтамасыз етілген кезде ғана тарату пункттері, азық-түлік дүкендерінің, сауда үйлерінің мамандандырылған бөлімдері, емдік-алдын алу және дәріхана ұйымдары арқылы сатылуы тиіс.

10. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін сату денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақтала отырып жүзеге асырылуы тиіс.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание