Toggle Dropdown
Осы редакция 28.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 673 Қаулысы
Toggle Dropdown
Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2011 жылғы 1 наурыздағы 11-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерін, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын немесе мемлекеттік кәсіпорындарды басқаратын мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) ағымдағы жылы өндірістік-шаруашылық қызметті бекітілген 2011 жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметі жоспарының негізінде жүзеге асырсын.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен 2012 жылдан бастап мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеуді және оларды мемлекеттік мүлік тізіліміне қосу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 673 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасы 1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қағида «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына және 185-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі - ЖШС) және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын (бұдан әрі — даму жоспары) әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Toggle Dropdown
1) ұйымдар-мемлекет бақылайтын АҚ және ЖШС, мемлекеттік кәсіпорындар;
Toggle Dropdown
2) бірыңғай оператор - мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер жүктелген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған заңды тұлға;
Toggle Dropdown
3) атқарушы орган - атауы ұйымның жарғысымен айқындалатын, атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын алқалы орган немесе тұлға;
Toggle Dropdown
4) тиісті саланың уәкілетті органы — мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) мемлекеттік басшылықты жүзеге асыратын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
5) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Toggle Dropdown
6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар - акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалар құқығының субъектілерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыруға, оның ішінде шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген басқармалар (бөлімдер);
Toggle Dropdown
7) электронды есеп - ұйым бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып дайындаған және ұйымның куәландырушы ұлттық орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылатын даму жоспары.
Toggle Dropdown
2. Даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібі
Toggle Dropdown
3. Даму жоспары бес жылға жасалады және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында, аумақтарды дамыту бағдарламасында баяндалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі тұрғысынан тиісті саланың уәкілетті органымен немесе жергілікті атқарушы органмен (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен) келісіледі.
Toggle Dropdown
4. Ұйымның даму жоспары мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін және инвестицияларды қоса алғанда, қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі біріктірілген және біріктірілмеген көрсеткіштерін, кірістерді, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтерді (таза кірістің бюджетке аударылатын бөлігі), қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп айқындаған даму жоспары бөлімдерінің құрылымына, көрсеткіштердің нысандарына, тізбесіне және олардың құрамын қоса алғанда, нысандарды толтыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес көзделетін басқа да мәліметтерді қамтиды.