• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы N 1755 Қаулысы

Осы редакция 23.09.2011 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 4 қарашадағы
 N 1755 қаулысымен
 бекітілген
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер
 мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және
 өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ
 ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын
 өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер
 беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Ереже жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға (бұдан әрі - өндіріс объектісі) есептік нөмірлер беру тәртібін белгілейді.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
ведомство - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - ведомство);
ведомствоның аумақтық бөлімшелері - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық инспекциялары;
есептік нөмір - өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;
айналым - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, өткізу (сату немесе жеткізіп беру) үдерістері (сатылары), сондай-ақ оларға байланысты өлшеп орау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау үдерістері.
4. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер берілуге тиіс.
5. Ветеринариялық құжаттарда және (немесе) өнімді (тауарды) таңбалауда өндіріс объектісіне берілген есептік нөмір көрсетілген жағдайда ғана жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдауға (олардың айналымына) рұқсат етіледі.
6. Есептік нөмір осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес айқындалатын ел кодын, облыстың литерлік кодын, ауданның реттік нөмірін және қызмет түрінің кодын, сондай-ақ өндіріс объектісінің реттік нөмірін қамтиды.
Өндіріс объектісінің реттік нөмірі өндіріс объектісіне есептік нөмір беруге өтініштің ведомствоның аумақтық бөлімшесінде тіркелу кезегіне сәйкес анықталады.
Есептік нөмір сою алаңдарын қоспағанда өндіріс объектісі қызметінің бүкіл кезеңіне беріледі.
Сою алаңдарына есептік нөмірлер бір жыл мерзімге беріледі және осы өңірде етті қайта өңдеу кәсіпорындары немесе сою пункттері салынғанға дейін жыл сайын расталуға тиіс.
Экспортты жүзеге асырушы өндіріс объектілерінің есептік нөміріне осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Е" символы қосымша енгізіледі.
7. Өндіріс объектісіне есептік нөмірді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық бөлімшесі береді.
8. Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру олардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды негізінде жүзеге асырылады.
Экспорт жүзеге асырылған жағдайда өндіріс объектісі қосымша экспорт жүзеге асырылатын елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сай болуы қажет.
9. Өндіріс объектісіне есептік нөмір беруге арналған қорытындыны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы береді.
10. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында орналасқан өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беруге арналған ветеринариялық-санитарлық қорытынды беруді республикалық маңызы бар қаланың және астананың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасары жүзеге асырады.
11. Ведомство есептік нөмірлер берілген өндіріс объектілерінің тізілімін (бұдан әрі — тізілім) жүргізеді.
2. Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру тәртібі
12. Есептік нөмір беру үшін өтінуші - өндіріс объектісі ведомствоның тиісті аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аудандық бөлімше), ведомствоның республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесіне:
1) есептік нөмір беруге өтініш;
2) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелген туралы куәліктің көшірмесін;
3) өндіріс объектісінің қызмет түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған, өтінуші - өндіріс объектісінің мөрімен және қолымен бекітілген ақпаратты ұсынады.
13. Аудандық бөлімше өтініш түскен күнінен бастап 5 жұмыс күннен аспайтын мерзімде:
1) ұсынылған құжаттар мен ақпараттың толықтығын тексереді;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысанда және тәртіппен есептік нөмір беруге өтінішті тіркеу журналында тіркейді;
3) өндіріс объектісін ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі мәніне тексеруді және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруді жүзеге асырады.
Ұсынылған құжаттар мен ақпаратты тексеру нәтижелері бойынша, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық қорытындының негізінде аудандық бөлімше:
ведомствоның облыстық аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - облыстық бөлімше) есептік нөмір беруге сұрау мен ветеринариялық-санитариялық қорытындыны жолдайды;
өтінуші - өндіріс объектісіне жазбаша түрде есептік нөмір беруден дәлелді бас тартуды жолдайды.
14. Облыстық бөлімше есептік нөмір беруге арналған құжаттар пакеті түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
1) өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы сұрауды тіркейді;
2) өндіріс объектісіне есептік нөмір береді;
3) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды (бұдан әрі - растау) ресімдейді және оны аудандық бөлімшеге жібереді, ал көшірмесін өндіріс объектісін тізілімге енгізу үшін ведомствоға жібереді.
15. Аудандық бөлімше растау түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оны өтінуші - өндіріс объектісінің заңды мекен-жайына жібереді немесе қолына береді.
16. Ведомствосының Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі өтініш түскен күнінен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
1) ұсынылған құжаттар мен ақпараттың толықтығын тексереді;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен есептік нөмір беруге өтінішті тіркеу журналында тіркейді;