2. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы сараптамалық кеңес туралы ереже осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы сараптамалық кеңес туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 173 Өкімі
1. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жанынан сараптамалық кеңес құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы сараптамалық кеңес туралы ереже осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 173 өкіміне ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы сараптамалық кеңес туралы ЕРЕЖЕ І. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы сараптамалық кеңес (бұдан әрі - Сараптамалық кеңес) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми-кеңестік міндеттерді атқаратын жұмыс тобы болып табылады.
2. Сараптамалық кеңес негізгі тұжырымдамалық және бағдарламалық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді сараптамадан өткізу және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді шешу жөніндегі ғылыми-әдістемелік ұсынымдар әзірлеу мақсатында құрылады.
3. Сараптамалық кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен құрылады, қайта құрылады және таратылады.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлттық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қауіпсіздік Кеңесі туралы ереже, сондай-ақ осы ереже Сараптамалық кеңес қызметінің құқықтық негізі болып табылады.
5. Сараптамалық кеңестің қызметіне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы жүзеге асырады.
II. Сараптамалық кеңестің негізгі міндеттері
6. Сараптамалық кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қауіпсіздік Кеңесі мен оның ведомствоаралық комиссияларының қызметіне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жекелеген бағыттары бойынша ақпараттық-талдамалық қолдау көрсету;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |