• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу ережесін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 28.06.2011 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 77-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4166
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Бұйрықтың кіріспесіне өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 05.02.2009 № 30-НҚ бұйрығымен. (19.07.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу ережесі бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.В.Шкарупа) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін: 
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін; 
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы органдарының назарына жеткізсін. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін. 
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы Табиғи
 монополияларды реттеу агенттігі
 төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы
 N 77-НҚ бұйрығымен бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 05.02.2009 № 30-НҚ бұйрығымен. (19.07.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Ереже табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар (бұдан әрі - сараптамалар) жүргізу жөнінде тәртіпті айқындайды және оларға қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
техникалық сараптама  - қолданысқа енгiзiлген активтердiң техникалық жай-күйiн (техникалық сипаттамаларын) және активтердi жұмыс iстеуiн қалпында ұстауды қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзу қажеттiгiн, өндiрiс технологиясының, материалдық, еңбек шығындарының белгiленген нормаларға сәйкестiгiн қоса алғанда, технологиялық процестiң тиiмділігiн талдау, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттiгiн, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша негiзгi құралдарды iске қосудың деңгейiн және олардың дұрыс бөлiнуiн талдау; 
қаржылық сараптама  - табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын және уәкiлеттi органның шешiмдерiн орындауын бағалау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметiн, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiпке сәйкес өзге қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлiнуiн, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң қаржылық көрсеткiштерiне қолданылатын тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) әсерiн талдау, тарифтiк сметаның орындалуын және есепке алу саясатының сақталуын, инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобалардың орындалуын тексеру (бағалау); 
уәкілетті орган  – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
сарапшы  - қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу жөнінде қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлға; 
құзыретті орган  - салалық министрлік және (немесе) ведомство, ал су шаруашылығының және (немесе) кәріз жүйелерінің қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін - жергілікті атқарушы органдар. 
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
 3-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 19.07.2006 № 177-НҚ, 05.02.2009 № 30-НҚ Бұйрықтарымен. (17.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Сараптамалар жүргізудің негізгі қағидаттары мен міндеттері
4. Сараптамалар жүргізудің негізгі қағидаттары мыналар: 
1) өзінің кәсіби қызметін жүзеге асырған кезде сарапшының тәуелсіздігі; 
2) сараптама объектілерін зерделеудің ғылыми көзқарасы, толықтығы, жан-жақтылығы мен объективтілігі сараптама нәтижелерінің негізділігін қамтамасыз ету; 
3) сараптамаға берілген материалдарда қамтылған ақпараттың негізінде ғана сараптамалар объектілері (бұдан әрі - объектілер) бойынша есеп жасау; 
4) объектілер бойынша ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету және оны сараптамада көзделмеген мақсаттар үшін пайдалануға жол бермеу; 
5) сараптама жүргізетін тұлғалардың құзыреттілігі мен жоғары кәсіби деңгейі болып табылады.
5. Сараптамалар жүргізудің негізгі міндеттері мыналар: 
1) табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар туралы заңнаманың және уәкілетті органның шешімдерін орындауын бағалау мақсатында оның қаржы-шаруашылық қызметін талдау; 
2) қолданысқа енгізілген активтердің техникалық жай-күйін (техникалық сипаттамаларын) және активтерді жұмыс жағдайында ұстауды қамтамасыз ететін жұмыс жүргізудің қажеттілігін, материалдық, еңбек шығындарының, өндіріс технологиясының белгіленген нормаларының сәйкестігін қоса алғанда, технологиялық процестің тиімділігін талдау; 
3) тарифтік сметаны атқаруды және есепке алу саясатын сақтауды, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды атқаруды тексеру (бағалау); 
4) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес тұтастай алғанда өзге қызмет бойынша табыстардың, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлінуін бағалау; 
5) шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін қолдануға сәйкес табиғи монополия субъектілерінің нақты шығындарын бағалау; 
6) қолданылатын тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) табиғи монополия субъектісі қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне әсер етуін бағалау; 
7) табиғи монополиялар субъектілері ұсынған есептердегі мәліметтердің дұрыстығын тексеру болып табылады.
3. Сараптамалар жүргізу тәртібі
6. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамаларды уәкілетті орган тәуелсіз сарапшыларды, ал қажет болған жағдайда, мемлекеттік органдарды да тарта отырып, қаржылық сараптама үшін екі жылда бір рет және техникалық сараптама үшін үш жылда бір рет жиі болмайтын мерзімділікпен жүргізеді.
 6-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 19 шілдедегі № 177-НҚ бұйрығымен.
7. Сараптама жүргізу үшін уәкілетті орган мен сарапшының арасында сараптама жүргізудің мәнін, объектілері мен шарттарын, тараптардың құқықтары мен міндеттерін, сараптама жүргізудің мерзімдерін, есепте көрсетілген деректердің дұрыстығына, сондай-ақ міндеттерді орындамағаны не тиісті дәрежеде орындамағанына, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғанына жауапкершілікті, сараптамаға жатқызылған табиғи монополия субъектісі қызметінің ерекшелігінен туындайтын басқа да елеулі шарттарды айқындайтын сараптамалар жүргізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) жасалады.
8. Осы Ережеде көзделмеген сараптамалар жүргізген кезде талаптарды уәкілетті орган Шартқа берілген техникалық ерекшеліктерде толықтыра алады.
9. Сараптама жүргізу барысында сарапшы табиғи монополия субъектісі (бұдан әрі - Субъект) ұсынған ақпаратты осы Ережеде және Шартқа берілген техникалық ерекшелікте белгіленген талаптарға сәйкес зерделейді және талдайды.
10. Егер сарапшыға өткізіліп отырған сараптамалардың шеңберінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, соңғысы оны Субъектіден және (немесе) уәкілетті органнан сұрата алады.
11. Сарапшы сараптамалар жүргізген кезде: 
1) сараптамалардың кешенді, объективті, сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді; 
2) табиғи монополиялар және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтайды; 
3) белгіленген мерзімдерді және сараптамаларды жүзеге асырудың тәртібін сақтайды.
12. Жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша сарапшы Шартта көзделген мерзімдерде уәкілетті органға сараптамалар объектілері бойынша объективті, дәлелді, ғылыми-негізді қорытындыны қамтитын аралық және түпкілікті есептер ұсынады.
13. Уәкілетті орган сарапшы ұсынған есептерді 30 күн ішінде қарайды. 
Егер есептерді қарау үшін қосымша материалдар мен ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті орган оны сарапшыдан немесе Субъектіден сұрайды және есепті қарау мерзімін ұзарту туралы сарапшыны хабардар етіп, 30 күнге ұзартады.