• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 28.09.2007 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 155 Қаулысы
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекет реттейтiн баға қолданылатын әуежайлар қызметтерiнiң номенклатурасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1348  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 562-құжат);
2) "Мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердiң номенклатурасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қазандағы N 1064  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 38, 503-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1348 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 63  қаулысының  1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 4, 34-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің         міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 2006 жылғы 14 наурыздағы
 N 155 қаулысымен
 бекiтiлген
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесi
1. Мұнай және (немесе) мұнай өнiмдерiн магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласында: 
мұнайды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөнiндегi қызмет: 
1) бiрыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет; 
2) мұнайды магистральдық құбыр жолының жүйесi арқылы қайта айдау; 
3) мұнайды темiр жол цистерналарынан құйып алу; 
4) мұнайды темiр жол цистерналарына құю; 
5) мұнайды танкерлерге құю; 
6) мұнайды автоцистерналардан құйып алу; 
7) мұнайды автоцистерналарға құю; 
8) мұнайды сақтау; 
9) мұнайды ауыстырып құю; 
10) мұнайды араластыру.
2. Газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) таратушы құбыр жолдары, газ таратушы қондырғыларды және оларға байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану арқылы сақтау, тасымалдау саласында: 
табиғи газды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау; 
Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшiн табиғи газды таратушы құбыр жолдары арқылы тасымалдау; 
сұйылтылған көмiрсутектi газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушының енгiзу шығыранына дейiн газ құбырлары арқылы тасымалдау;