• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 01.07.2004 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 14 маусым N 647
Индикативтiк және бюджеттiк жоспарлау процестерiн үйлестiрудi, орталық, жергiлiктi атқарушы және өзге мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын қалыптастыру жөнiндегi өзара iс-қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн. 
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Ережеге сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының алдағы және кейiнгi кезеңдерге арналған индикативтiк жоспарларын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн. 
3. Ұлттық компаниялар: 
1) үстiмiздегi жылдың 15 маусымына дейiн 2002 жылға арналған Даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзудi; 
2) бұрын бекiтiлген 2002 жылға арналған даму жоспарларын Ережеге сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн. 
4. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 наурыздағы N 432   қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 жыл, N 17, 170-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2002 жылғы 14 маусымдағы
 N 647 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық
 дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң
 ЕРЕЖЕСI
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын (бұдан әрi - индикативтiк жоспарлар), ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзiрлеу ұғымын және әдiснамалық негiздерiн, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдардың, ұлттық компаниялардың оларды қалыптастыру жөнiндегi өзара іс-қимылының тетiгiн белгiлейдi. 
2. Индикативтiк жоспар: 
ел экономикасының сыртқы және iшкi факторларға байланысты таяудағы үш жылдағы даму қарқынын негiздейтiн; 
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдардың экономиканың жеке меншiк және мемлекеттiк секторларын дамыту және Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауына Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Бағдарламасына сәйкес жоспарланатын кезеңде Қазақстан халқының әл-ауқатының өсуi үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi iс-қимылдарын айқындайтын; 
әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттiк реттеуiштерiнiң көрсеткiштерi (индикаторлары) мен тiзбесiн қамтитын құжат болып табылады. 
3. Индикативтiк жоспардың мақсатты параметрлерi ретiнде экономиканың серпiнiн, құрылымын және тиiмдiлiгiн сипаттайтын әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi (индикаторлары) пайдаланылады. 
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң (индикаторларының) нақты тiзбесiн белгiлейдi. 
4. Белгiленген мақсаттарға жету үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң экономикалық қызметiне ықпал етудi реттейтiн негiзгi құралдар құқықтық регламенттеу және экономикалық тұтқалар жүйесi болып табылады. 
Экономикалық реттеу тұтқаларының тiзбесi және iс-әрекетiнiң бағыттылығы, нақты сандық мәндер индикативтiк жоспарлау процесiнде айқындалады. 
5. Индикативтiк жоспарлау - Yкiмет пен облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң жоспарланатын кезеңде Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Бағдарламасында белгiленген мақсаттарға жетуге бағытталған шаралар кешенiн әзiрлеу процесi. 
6. Индикативтiк жоспарлау: 
1) әлемдiк және отандық экономиканы, сыртқы, iшкi тауар және қаржы рыноктарын дамытуды экономикалық талдау мен болжауға негiзделедi; 
2) елдiң және оның аймақтарының экономикасын дамытудың серпiндiлiгiн қамтамасыз етедi; 
3) жоспарланатын кезеңде Қазақстан Республикасы дамуының әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешу кезiнде кешендi көзқарасты қамтамасыз етедi; 
4) аймақаралық ықпалдастықты дамытуға және халық кiрiстерiнiң артуына ықпал етедi; 
5) нарықтық тетiктердiң iс-әрекетi негiзiнде экономиканың өздiгiнен реттелуiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз етуге ықпал етедi.
2-бөлiм. Индикативтiк жоспарлау жүйесi
7. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығына қарай индикативтiк жоспарлар республикалық және аймақтық деңгейлерде әзiрленедi. 
Республикалық деңгейде әзiрленетiн, экономиканың аясы мен салаларындағы мемлекеттiк реттеу шараларын қамтитын индикативтiк жоспар Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары (бұдан әрi - Республикалық индикативтiк жоспар) деп аталады. 
Республикалық индикативтiк жоспарды Министрлiк Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдарының қатысуымен әзiрлейдi. 
Аймақтық деңгейде әзiрленетiн, облыстарды, Астана және Алматы қалаларын тиiмдi дамытуға бағытталған экономикалық және әлеуметтiк шаралар кешенiн қамтитын индикативтiк жоспар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары (бұдан әрi - Облыстың индикативтiк жоспары) деп аталады. 
Облыстардың индикативтiк жоспарларының әзiрлеушiлерi экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - жергiлiктi уәкiлеттi органдар) болып табылады. 
Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдары Республикалық индикативтiк жоспардың және Облыстардың индикативтiк жоспарларының басты құралдары және құрамдас бөлiгi болып табылатын мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламаларды әзiрлейдi. Мемлекеттік, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламалардың жоспарлы кезеңде жүзеге асыруға белгiленген негiзгi iс-шаралары Республикалық индикативтiк жоспардың және Облыстардың индикативтiк жоспарларының тиiстi бөлiмдерiнде баяндалады. 
8. Индикативтiк жоспарлар жыл сайын жоспарланатын кезеңнiң бiр жылға ұзартылуын көздейтiн жылжымалы негiзде үш жыл мерзiмге әзiрленедi. 
9. Республикалық индикативтiк жоспарды және Облыстардың, индикативтiк жоспарларын өздерiнiң құзыретi шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдар iске асырады. 
10. Ұлттық компаниялар даму жоспарларын әзiрлейдi.
3-бөлiм. Индикативтiк жоспарлардың құрылымы
11. Республикалық индикативтiк жоспар мынадай бөлiмдерден тұрады: 
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi мен перспективалары туралы баяндама (бұдан әрi - Баяндама); 
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы; 
3) жұмыс iстеп тұрған және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесi; 
4) жұмыс iстеп тұрған және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi инвестициялық жобалардың тiзбесi; 
5) ұлттық компанияларды дамытудың негiзгi бағыттары мен негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамы; 
6) әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттiк реттеуiштерi - табиғи монополиялардың өнiмдерi мен көрсететiн қызметтерi тарифтерiнiң серпiнi; жалақының, зейнетақылардың, мемлекеттiк жәрдемақылардың ең төмен мөлшерлерi, күнкөрiстiң ең төмен деңгейi, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер импортының кедендiк тарифтерiнiң өзгеруi; жұмыс күшiнiң импортына квоталар; өнiмдер (тауарлар, көрсетiлетiн қызметтер) өндiрiсiнiң стандарттары. 
12. Облыстың индикативтiк жоспары мынадай бөлiмдерден тұрады: 
1) облыстың (қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi және перспективалары туралы баяндама;