1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногын жетiлдiру тұжырымдамасы мақұлдансын.
Продукты: | Судебная практика |
Отправить по почте
Осы редакция 18.02.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногының тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 20 сәуір N 606
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру, электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту және электр энергиясы мен қуатының көтерме рыногы қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногын жетiлдiру тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Заңнамада белгiлеген тәртiппен оның жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен "Электр энергиясы мен қуаты рыногының Қазақстандық операторы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ЭҚРҚО" ЖАҚ) құрылсын.
3. "ЭҚРҚО" ЖАҚ қызметiнiң негізгi нысанасы:
1) қолда бар (споттық) және теңгерiлген электр энергиясы мен қуатының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру;
2) электр энергетикасы секторындағы қосымша қызметтер рыногын бекiтiлген Тұжырымдамаға сәйкес қалыптастыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi:
1) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен және "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ашық акционерлiк қоғамымен бiрлесiп "ЭҚРҚО" ЖАҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру жөнiнде шаралар қолдансын;
2) "ЭҚРҚО" ЖАҚ-ның жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне "ЭҚРҚО" ЖАҚ-ның мемлекеттiк акциялар пакетiн иелену және пайдалану жөнiндегi құқықты берсiн;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi 2000 жылғы 1 шiлдеге дейiн:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Электр энергетикасы саласының тиiмдiлiгiн арттыру бағдарламасын әзiрлесiн және ұсынсын; 2) Мына: Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуатының көтерме рыногын ұйымдастыру және жұмыс iстеуi туралы; Қазақстан Республикасы Бiрыңғай энергетика жүйесiнiң техникалық операторының қызмет көрсетуi туралы; Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуаты рыногының рыноктық операторының қызмет көрсетуi туралы ережелердi әзiрлесiн және бекiтсiн.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн. 7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 сәуірдегі N 606 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногын жетiлдiру ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ Осы тұжырымдама "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында әзiрленген. Электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногы энергияны өндiрушi, энергияны жеткiзушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар арасындағы электр энергиясы мен қуатын сатып алу-сату және беру қатынастарының жүйесi болып табылады. 1. Электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногының жағдайы 1. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында:
1) Қазақстан Республикасының Бiрыңғай энергетика жүйесiнiң (бұдан әрi - ҚР БЭЖ-i) қызметiн реттейтiн жекелеген нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылданды;
2) электр энергиясы мен қуаты рыногының бәсекелестiк (электр энергиясы мен қуатын өндiру және тұтыну) және монополиялық (электр энергиясы мен қуатын жеткiзу және тарату) бөлiктерiн бөлiп ажырату жағдайында диспетчерлiк басқарудың тиiмдi жүйесi құрылды: "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания (КЕGОС)" ААҚ-ның (бұдан әрi - "КЕGОС" ААҚ) құрамындағы Орталық Диспетчерлiк Басқару (ОДБ) ҚР БЭЖ-iн диспетчерлiк басқарудың жоғары деңгейiне, ал аймақтық диспетчерлiк орталықтар, көтерме тұтынушылардың диспетчерлiк орталықтары неғұрлым төменгi деңгейлерiне жатады.
3) Қазақстан БЭЖ-нiң жұмыс режимi пысықталды және электр энергиясының, атап айтқанда, электр тогы жиiлiгiнiң сапалық көрсеткiштерi жақсарды;
4) "КЕGОС" ААҚ-ның басқаруымен екiжақты мерзiмдiк (форвардтық) келiсiм-шарттар рыногы құрылды және жеткiлiктi тиiмдi жұмыс iстеуде;
5) Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы "КЕGОС" ААҚ-мен бiрлескен күш-жiгерiмен құрған электр қуатының резервтер рыногы табысты жұмыс iстеуде.
2. Қазiргi уақыттағы электр энергиясы рыногы моделiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiне шешiлмеген бiрқатар проблемалар кедергi келтiруде, оның iшiнде мыналар негiзгiлерi болып табылады:
Рынок субъектiлерiнiң жан-жақты қырларын реттейтiн нормативтiк құқықтық базасының дамытылмауы, қазiргi уақыттағы мерзiмдiк, сондай-ақ күнделiктi споттар және электр энергиясы мен қуатының теңгерiмдiк саудаластығы рыногын техникалық және ақпараттық қамтамасыз етудiң жетiлдiрiлмеуi;
2) өндiрiстi және электр энергиясы мен қуатты нақты уақыт режимiне жуық режимде тұтынуды теңгерудiң ашық рыноктық тетiгiнiң болмауы;
3) тұтынылмаған электр энергиясы мен оны бергенi үшiн төленбеген төлемдер көлемiнiң едәуiр болуы.
2. Электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногын жетiлдiрудiң мақсаттары
Электр энергиясы мен қуаты көтерме рыногын жетiлдiрудiң мақсаттары:
1. Электр энергиясы мен қуатының қолда бар (спот рыногы) және теңгерiлген (теңгерiмдi рынок) ұйымдастырылған көпжақты саудасының орталықтандырылған және ашық тетiгін жасау.