Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Су Кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 Кодексі
1-БӨЛIМ. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ағын су - ойпаңды жер бетінде ылдиға құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектісі;
2) акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңістігі;
3) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері - су тұтынушылар үшін ауыз сумен жабдықтаудың олардың ауыстырылуы мүмкін емес және мақсатқа сай келмейтін бірден-бір көздері;
4) басқарудың бассейндік принципі - өзендердің, көлдердің және басқа да су объектілерінің бассейндері шегінде су ресурстарын әкімшілік-аумақтық бірліктер арасында бөлу кезінде іске асырылатын су қорын гидрографиялық белгілер бойынша басқару;
5) гидромелиорациялық жүйе - жерді суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешені;
6) гидромелиорациялық кондоминиумге қатысушылар - ортақ үлестік меншік құқығындағы гидромелиорациялық кондоминиумнің құрамына кіретін бір гидромелиорациялық жүйемен немесе оның элементтерімен суарылатын жеке меншік немесе уақытша өтеулі пайдалану құқығында жер учаскесі бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
7) гидротехникалық құрылыстар - су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;
8) жағалау белдеуі - экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған су объектілері жағалауының бойындағы жағалау жиегінен ені жиырма метр құрлық белдеуі;
9) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;
10) жер асты суларының бассейні - жер қойнауында орналасқан су тұтқыш жиектер жиынтығы;
11) жер асты суларының көздері мен учаскелері - шегінде жер асты суларын шығару мен алу үшін қолайлы жағдайлары бар су тұтқыш жиектердің бөліктері;
12) жер асты шаруашылық-ауыз сулары - өзінің табиғи жай-күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және тұрмыстық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жерасты сулары;
13) жер үсті су объектілері - шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;
14) қайтарымды сулар - суармалы аумақтардан ағатын жер асты және жер үсті сулары немесе өнеркәсіп орындары, тұрмыстық сумен жабдықтау құрылғылары және коммуналдық кәсіпорындар ағызатын сулар;
15) құбырлы сүзгіш құдық - су тұтқыш тау-кен жынысына оларды сорғыту мақсатымен бекітілетін бірқатар тесіктері бар құбыр кесіндісі;
16) мелиорацияланған жерлер - мелиорациялық іс-шаралар жүргізілген жерлер;
17) минералды жерасты сулары - өзінің құрамы және (немесе) кейбір ерекше компоненттерінің мөлшері бойынша оң бальнеологиялық әсер ететін жерасты сулары;
18) өзендерге теңестірілген каналдар - суды бір бассейннен екіншісіне, сондай-ақ бір өзен жүйесінен екіншісіне ауыстыруға арналған жасанды құрылыстар;
19) өндірістік-техникалық жерасты сулары - өзінің сапасы мен физикалық қасиеттері бойынша өндірістік-техникалық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты сулары;
20) санитарлық қорғау аймағы - су сапасы нашарлауының алдын алу үшін сумен жабдықтау көзін (ашық және жер асты), су құбыры құрылыстарын және оларды қоршаған аумақты қорғау мақсатында белгіленген режим сақталуға тиіс сумен жабдықтау көзі мен су құбыры құрылыстарының төңірегінде арнайы бөлінетін аумақ;
21) сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызып жіберілетін ластанған аумақтағы сулар;
22) суару каналы - суару көздерінен суаруды қажет ететін учаскелерге су тасымалдауға арналған жасанды құрылыс;
23) су бұру - сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жер бедеріне бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы;
24) су бұру жүйесі - сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға бағытталған инженерлік желілер мен құрылыстардың кешені;
25) су бөлу орны - су пайдаланушы су көзінен су алатын орын, сондай-ақ, су пайдаланушы су тұтынушыға су ресурстарын беретін орындағы гидробекет;
26) су жинау алаңы - шекарасы шегінде су объектісінің су ресурстары қалыптастырылатын аумақ;
27) су жіберу - ағын судың төменгі учаскесіндегі су шығынын немесе деңгейін немесе су қоймасының өзіндегі судың деңгейін реттеу үшін су қоймасынан суды кезең-кезеңмен немесе мезгіл деп беру;
28) су қорғау аймағы - судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметінің арнайы режимі белгіленетін су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарына іргелес аумақ;
29) су қорғау белдеуі - шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленетін, су объектісіне және су шаруашылығы құрылыстарына іргелес жатқан су қорғау аймағы шегіндегі ені кемінде жиырма метр аумақ;
30) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
31) су қорының жерлері - су айдындары (өзендер және соларға теңестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздеріндегі ағысты реттеуге арналған су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жерлер, сондай-ақ су қорғау аймақтары мен осы құрылыстардың белдеулеріне және ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерінің санитарлық қорғау аймақтарына бөлініп берілген жерлер;
32) сулар - су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығы;
33) сулардың зиянды әсері - су тасу, су басу, топан су басу мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына немесе олардың пайда болуы қатеріне негіз болған сулардың өзге де теріс әсер етуі;
34) сулы-батпақты алқап - батпақты, фенді, шымтезекті пайдаланатын жерлер ауданы немесе тереңдігі судың қайтуы кезінде алты метрден аспайтын теңіз акваторияларын қоса алғанда, табиғи немесе жасанды, тұрақты немесе уақытша, ағынсыз немесе ағынды, тұщы, тұздылау немесе тұзды су қоймалары;
35) сумен жабдықтау - суды жинауды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
36) сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелері - басымдылығы мен әлеуметтік маңыздылығы бар және Қазақстан Республикасының Үкіметі сумен жабдықтаудың ерекше маңызды жүйелерінің санаттарына жатқызған ауыз сумен жабдықтаудың топтық және оқшау жүйелері;
37) сумен жабдықтау жүйесі - суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
38) су объектілерін қорғау - су объектілерін сақтауға, қалпына келтіруге және ұдайы молайтуға, сондай-ақ судың зиянды әсеріне жол бермеуге бағытталған қызмет;
39) су объектілерін пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың материалдық немесе өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су объектілерінің пайдалы табиғи қасиеттерін алу;
40) су объектісінің бассейні - гидравликалық жағынан байланысты су айдындары мен ағын сулардың су жинау алаңдарын қамтитын аумақ;
41) су пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану;
42) су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
43) су режимі - су объектілері мен топырақ қабатындағы су деңгейінің, шығыстары мен көлемінің уақытқа қарай өзгеруі;
44) су сервитуты - су объектісін шектеулі пайдалану құқығы;
45) су тарту құрылысы - су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |