Bestprofi Logo

Қаулы № 839 от 1998-09-04г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 4 қыркүйек N 839

Эпидемиялық сипат алған туберкулезбен ауырудың және қайтыс болудың көбеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Туберкулезбен күрес жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесі құрылып, 1 және 2-қосымшаларға сәйкес құрамы мен Кеңес туралы ереже бекітілсін.

Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының және аудандардың әкімдері туберкулезбен күрес жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық кеңестерді, олар туралы Ережелер мен олардың жеке құрамын бекіте отырып ұйымдастыратын болсын.

2. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері:

екі ай мерзім ішінде туберкулезге қарсы күрес қызметін қаржыландыру тетігін қайта қарасын;

бір ай мерзім ішінде туберкулезбен күрес жөніндегі кеңестердің отырыстарында туберкулезге қарсы жұмыстардың жай-күйі туралы мәселені туберкулездің одан әрі таралуына жол бермеуді қамтамасыз ететін нақты шараларды қабылдай отырып қарайтын болсын;

облыстық бюджеттен жыл сайын медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға және туберкулезге қарсы мекемелерді күрделі жөндеуден өткізуге арналған орталықтандырылған қаражат бөлуге ұсыныс жасасын;

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі органдарымен бірлесе отырып туберкулездің микробактерияларын бөліп шығаратын ауруларды ауруханаға жатқызу және стационарларда емдеу жөніндегі мәселелерді, сондай-ақ осы стационарлардың аумағын қорғауды ұйымдастыру мәселелерін заңда белгіленген тәртіппен қарайтын және шешетін болсын;

Туберкулездің микробактерияларын бөліп шығаратын туберкулездің белсенді түрімен ауырғандарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғын үй алаңын берген кезде Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынасы туралы" Заңының 118-бабының талаптарын басшылыққа алатын болсын.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

республикалық бюджетте туберкулезге қарсы препараттар мен вакциналар сатып алуға арналған шығыстарды секвестрлеуге жол бермейтін болсын;

туберкулезге қарсы препараттар мен медициналық құрал-жабдықтарды орталықтандырылған сатып алуға бюджеттік қаражат бөлуді жыл сайын қарастырып отыратын болсын;

туберкулезге қарсы шараларға бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын мерзімді түрде тексеріп отырсын;

жергілікті бюджетте туберкулезге қарсы қызметті ұстауға арналған шығыстарды көрсету үшін жеке жол енгізсін.

4. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі 1998 жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының арасында туберкулез бен бруцеллездің алдын алу және оған қарсы күрес бағдарламасын жасап, белгіленген тәртіппен Үкіметтің бекітуіне енгізетін болсын.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание