Bestprofi Logo

Қаулы № 1010 от 2001-07-26г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесі туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 шілде N 1010

"Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңын орындау үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының еркiн қозғалысы құқықтарын iске асыру, елден шығу мәселелерiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесi бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша өздерiнiң нормативтік құқықтық кесiмдерін осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

1) "Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы уақытша ереже туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 29 қыркүйектегі N 813 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 37, 569-құжат);

2) "Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы уақытша ереже туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 29 қыркүйектегі N 813 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 24 наурыздағы N 228 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 9,

107-құжат); 3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 31 қазандағы N 1408 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 33, 428-құжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1010 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ЕРЕЖЕСІ

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына , "Халықтың көшi-қоны туралы" , "Мемлекеттiк құпиялар туралы" , "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу тәртiбiн айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының әрбiр азаматы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуға және Қазақстан Республикасына кедергiсiз қайта оралуға құқылы. Шығу және қайта оралу Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты бойынша жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасының азаматына "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына, "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына рұқсат беруден уақытша бас тартылуы мүмкiн.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание