• Мое избранное
Лицензиялау мәселелері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 49

Лицензиялау мәселелері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 19 тамыз N 122-ө

Үкіметтің нормативтік құқықтық актілерін лицензиялау қатынастарын реттейтін заң актілерімен сәйкестікке келтіру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі: 
орталық атқарушы органдармен және ведомстволармен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы"  заң күші бар Жарлығы мен лицензиялау туралы басқа да заң актілеріне сәйкес лицензиялау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі қаулының жобасын енгізсін; 
Қазақстан Республикасының Үкіметін орталық және жергілікті атқарушы органдар, ведомстволар қабылдайтын актілерінің қолданылып жүрген заңдарға сәйкестігі туралы үнемі хабардар етіп отырсын. 
2. Жергілікті атқарушы органдар өз нормативтік құқықтық актілерін, лицензиялау туралы заңдарға сәйкес келтіру жөнінде жұмыс жүргізсін. 
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар: 
қабылданатын және әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкестігіне айтарлықтай назар аударсын және мұндай жолсыздықтарды болдырмасын;
заң актілеріне сәйкес өзгерістер мен толықтыруларды уақытында 
енгізуді қамтамасыз етсін;
     лицензиялау туралы заңдардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда 
сақталуы жөнінде осы ұйымдарда тексеріс жүргізсін.
     
     Премьер-Министр
     
  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.