Bestprofi Logo

Өкім № 15-ө от 2009-02-02г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы N 15-ө Өкімі

Заң шығару қызметін жетілдіру мақсатында:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:

1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (02.02.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

орталық атқарушы органдардың заң шығару қызметін тиісінше үйлестіру;

заң жобаларының заңдық сараптамасының сапасын арттыру және әзірленетін заң жобаларының Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына және өзге де заңдарға сәйкестігін қамтамасыз ету;

дағдарысқа қарсы шараларды құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтау;

заң жобаларының тұжырымдамаларын жан-жақты және кешенді пысықтау;

заң жобалары ғылыми сараптамасының сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жүргізу;

Қазақстан Республикасы заңдарының мониторингін жылдам енгізу мәселесін пысықтау;

Заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;

болжау-талдау жұмысын жақсарту және заң жобалау қызметін жоспарлау;

тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне орталық атқарушы органдардың ағымдағы заң шығару қызметіндегі проблемалық мәселелер туралы ақпарат беру жолымен заң шығару қызметінің сапасының қамтамасыз етілуін бақылауды күшейтсін.

2. Орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары:

2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (02.02.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

заң жобаларын Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу кезінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаті мен Мәжілісі және Қазақстан Республикасының Үкіметі регламенттерінің мүлтіксіз сақталуы;

Қазақстан Республикасы Парламентінің жалпы отырыстарына бірінші басшылардың, Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссияларының отырыстарына - бірінші басшылардың орынбасарларының, жұмыс топтарының отырыстарына - мәртебесі департамент директорынан төмен емес лауазымды тұлғалардың міндетті түрде қатысуы;

Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобалары бойынша баяндамашыларды ауыстыру практикасын тоқтату;

Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын сындарлы, оның ішінде заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық және өзге де сараптамалар жүргізуді жүзеге асыратын сарапшыларды тарта отырып талқылау;

қабылдануы мемлекеттік кірістердің қысқаруына немесе мемлекеттік шығыстардың ұлғаюына әкеп соғуы мүмкін заң жобаларын және депутаттар бастамашылық жасаған түзетулерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына уақтылы шығару;

заңдарды қабылдаудың ұсынылатын нормативтік құқықтық реттеу тетіктерінің, ықтимал әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарын талдаудың ғылыми және қаржылық негізділігін қамтамасыз ету;

мемлекеттік тілде заң жобаларын дайындаудың әрі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі заң жобалары мен халықаралық шарттар мәтіндерінің тең түпнұсқалығы жай-күйін жақсарту;

жоғарыда көрсетілген мәселелерге тікелей жетекшілік ететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы өкімнің іске асырылуына жеке жауапкершілік орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларына жүктелсін.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание