Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Осы редакция 26.01.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 535 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесі бекітілсін.
2. "Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 486 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 20, 199-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы»27 маусымдағы N 535 қаулысымен бекітілген
Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесі
1. Осы Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау тәртібін айқындайды.
2. Қоршаған ортаға келтірілген зиянды экономикалық бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы лауазымды тұлғалар мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру барысында экологиялық заңнаманы бұзушылықтарды анықтаған кезде белгілейді.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары қоршаған ортаға залал келтіру фактісі анықталған күнінен бастап бір ай мерзімде қажетті материалдарды жинауды әрі талдауды жүргізеді және қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалауды айқындайды.
4. Залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жолымен келтірілген залалды толық жою мүмкіндігіне қарай тікелей немесе жанама әдістермен жүзеге асырылады.
5. Залалды экономикалық бағалаудың тікелей әдісі Экологиялық кодекстің 109-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 110-бабына сәйкес залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі атмосфералық ауаның, су ресурстарының ластануы, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, оның ішінде радиоактивті қалдықтарды белгіленген нормативтерден тыс орналастыру және табиғи ресурстарды нормативтерден тыс алып қою жағдайлары үшін қолданылады.
7. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі қоршаған ортаға нақты әсер мен белгіленген нормативтер арасындағы айырмаға, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдер ставкаларына, экологиялық қауіптілік пен экологиялық тәуекел деңгейлеріне негізделеді.
8. Белгіленген нормативтерден асып түсу құралдық өлшем жолымен не заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесіне сәйкес есептеу жолымен айқындалады.
9. Экологиялық заңнаманың бұзылуынан туындаған экологиялық қауіптілік, сондай-ақ экологиялық қатер деңгейін осы Ережеге 1,
2-қосымшаларда келтірілген өлшемдердің негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары анықтайды.
10. Стационарлық көздерден атмосфералық ауаның ластануынан, су ресурстарының ластануынан, өндіріс және тұтыну қалдықтарын белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау осы Ережеге 3-қосымшада көзделген есептеулерге сәйкес жүзеге асырылады.
11. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаның белгіленген нормативтерден тыс ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалауды айқындау үшін осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес есептеулер қолданылады.
12. Қоршаған ортада радиоактивті қалдықтарды, иондаушы сәуле шығару көздерін белгіленген нормативтен тыс орналастырудан, сондай-ақ қоршаған ортаға орналастырылған құрылыс материалдарынан, тау-кен өндірісінің атжалдары мен шламдарынан, ағын және кеніш суларынан келтірілген залалды экономикалық бағалау осы Ережеге 5-қосымшада көзделген есептеулерге сәйкес белгіленеді.
13. Егер қоршаған ортанының ластануы, қалдықтарды орналастыру экологиялық рұқсат алусыз орын алған жағдайда осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес есептеулер формулалары қолданылады, мұнда қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтері нөльге тең болып қабылданады.
14. Жерасты суларының ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалау оларды тазалау жөніндегі іс-шаралардың құны бойынша тікелей әдіспен не өз бетімен ағын суларды төгудің не өз бетімен қалдықтарды орналастырудың іс жүзіндегі көлемін ескере отырып, жанама әдіспен айқындалады.
15. Жобалық және жобадан тыс бөгеттердің, бөгендердің, жолдардың бұзылуы салдарынан, сондай-ақ шаруашылық қызметтен болған шұқанақтар мен жыралардың пайда болуы салдарынан топырақтың гидрографиялық желісінің ластануы топырақтың гидрографиялық желісіне тасталған салмағы өлшенген бөлшектердің авариялық шығарындысы ретінде қабылданады.
Осындай ластанудың залалын экономикалық бағалау осы Ережеге 3-қосымшаның 2-тармағына сәйкес айқындалады.
16. Кең таралған пайдалы қазбаларды (бұдан әрі - КПҚ) өз бетімен өндірудің немесе оларды заңсыз пайдаланудың залалын экономикалық бағалау өндірілген пайдалы қазбаның және/немесе КПҚ-дан алынған тауар өнімінің құнының мөлшерінде айқындалады.
Өндірілген КПҚ және алынған тауар өнімінің құны бұзушылық анықталған күннен бастап бір тоқсаннан аспайтын кезең үшін тауар өнімін өткізудің орташа нарықтық бағасы негізге алына отырып айқындалады.
Тауар өнімі өткізілмеген жағдайда өндірілген КПҚ-ның құны онда бұзушылық анықталған тоқсан алдындағы тоқсан үшін осы әкімшілік-аумақтық бірлікте осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын табиғатты пайдаланушыларда қалыптасқан орташа нарықтық баға негізге алына отырып айқындалады.
Көрсетілген мәліметтер жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органда не жергілікті атқарушы органдарда сұратылады.
17. Егер шаруашылық жүргізуші субъект қалпына келтіру мүмкін емес не арнайы жұмыстар (жерді қалпына келтіру, ағаш отырғызу және басқа да жұмыстар) жүргізуді талап ететін жерлердің ерекше шаруашылық, ландшафтық-рекреациялық және экожүйелік (су реттеуші, топырақты қорғау) құнарынан толық айырылуға әкеп соққан іс-әрекетті жүзеге асырған жағдайда, залалды экономикалық бағалау топырақтың айырылған қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындар құны мөлшерінде тікелей әдіспен не ағын суларды және өзге де сұйық ластаушы заттарды өз бетімен төгудің іс жүзіндегі көлемі не қалдықтарды өз бетімен орналастыру көлемі негізге алына отырып жанама әдіспен осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
18. Оларды ауыл шаруашылығын және орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы алқаптарын алып қоюмен, сондай-ақ жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне жануарлар мен өсімдіктерді заңсыз аулаумен, дайындаумен, зақымдаумен немесе жоюмен жер және орман ресурстарына тікелей келтірілген залалды экономикалық бағалау жер, орман заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.
Жер, су және өсімдік ресурстарының ластануы, жойылуы немесе зақымдануы арқылы жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне, балық қорларына және гидробиониттерге келтірілген залалды экономикалық бағалау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жиынтық көлемде жер, су және өсімдік ресурстарына келтірілген залалды экономикалық бағалау нәтижелері бойынша айқындалады.
19. Су (теңіз) бетіне төгілген мұнайдың (мұнай өнімдерінің) залалын экологиялық бағалау осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Мұнайдың (мұнай өнімдерінің) ауданы мен шоғырлануы су бетін зерттеу жөніндегі және Қазақстан Республикасында қолданылатын тиісті нормативтік және әдістемелік құжаттардың негізінде жүргізілген зертханалық талдаулардың деректері негізінде анықталады.
Су объектілерін ластаушы мұнайдың (мұнай өнімдерінің) массасы мәні барынша еру жағдайында шекті шоғырлануға сәйкес келетін мұнайдың (мұнай өнімдерінің) суда еріген әрі эмульгирленген массасын және су объектісінің бетінде қабыршақты мұнай (мұнай өнімдерінің) массасын қосумен айқындалады.
Ережеге
1-қосымша
Экологиялық заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық қауіптің деңгейін анықтау өлшемдері
Өлшемдер | Эколо- гиялық қауіп- тілік коэф- фици- енті |
Қалдықтарды кәсіпорындардың қоймада орналастыруға арналған аумақтарына орналастыру (қоймаға және көмуге рұқсат етілген жетілдірілген үйінділер, полигондар, қоймалар, көңсақтағыштар және экологиялық талаптарға жауап беретін объектілер); су айдындарына және жинағыштарға ұйымдастырылған төгінділер; шығарындылардың ұйымдастырылған көздері | 1 |
Қалдықтарды кәсіпорындардың жайластырылмаған аумақтарына орналастыру; қарапайым жинағыштарға сарқынды сулардың төгінділері; технологиялық негізделген шығарындылардың ұйымдастырылмаған көздері | 1,5 |
Кәсіпорындардың аумағындағы технологиялық негізделмеген шығарындылар мен төгінділер; қалдықтарды ауыл шаруашылығы алқаптарының және мемлекеттік орман қоры жерінің орман өспеген аумақтарына орналастыру | 2,0 |
Шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды мемлекеттік орман қоры жерінің орман өскен аумағына, селитебті және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, су қорғау аймақтарына және су айдындарының аумақтарына (тартылғандарын қоса алғанда) орналастыру, ауыз сумен қамтамасыз ету көздерінің санитарлық қорғау аймақтарының 1 және 2 белдеулері, курорттарды санитарлық қорғау округтерінің 1 және 2-аймақтары | 3,0 |
Ережеге
2-қосымша
Экологиялық заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық тәуекелдің деңгейін анықтау өлшемдері
Өлшемдер | Эколо- гиялық тәуе- кел коэффи- циенті |
Бұзушылық соңғы үш жылда зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдегі алғашқы бұзу болып табылады | 1 |
Соңғы үш жылда зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдегі бір мәртеден үш мәртеге дейінгі бұзушылық жағдайы орын алған кезде | 1,1 |
Соңғы үш жылда зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдегі төрт мәртеден он мәртеге дейінгі бұзушылық жағдайы орын алған кезде | 1,5 |
Соңғы үш жылда зиян келтірген заңды және жеке тұлғалар тарапынан осы түрдегі он мәртеден астам бұзушылық орын алған кезде | 2 |
Ережеге 3-қосымша
Стационарлық көздерден атмосфералық ауаны ластаудан, су ресурстарын ластаудан, өндіріс және тұтыну қалдықтарын белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалауды анықтау есептемелері
1. і-ингредиенті бойынша стационарлық көздерден атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден тыс ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады:
U i =(C іс жүз. і С норм і )х3600/1000000хА і хТхС шығ. х10хК 1 хК 2 мұнда:
U i - стационарлық көздерден атмосфералық ауаны і-ингредиентпен ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау, теңге;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |