«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1364 Қаулысы
Осы редакция 29.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1364 қаулысымен бекітілген
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына сәйкес әзірленген және заңды тұлғаларды тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарына тұқымдардың сорттық және егу сапасының сәйкестігіне зерттеулер жүргізу құқығына аттестаттау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылды:
1) аттестаттау – заңды тұлғаның тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау);
2) аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалардың қызметiн тануын растайтын, өз құзыреті шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген құжат;
3) тұқымдардың егу сапалары – тұқымдардың егу (отырғызу) үшiн жарамдылық дәрежесін сипаттайтын олардың сапа көрсеткiштерiнiң жиынтығы;
4) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана – тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне зерттеулер жүргізу құқығына белгіленген тәртіппен аттестатталған заңды тұлға;
5) тұқымдардың сорттық сапалары – тұқымдардың ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң белгiлi бiр сортына жататындығын сипаттайтын белгiлер жиынтығы.
3. Заңды тұлғаға тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі аттестатталған зертхана мәртебесiн беру тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар, сондай-ақ (бар болса) оның құрамына кiретiн құрылымдық бөлiмшелерді (бұдан әрі – құрылымдық бөлiмше) тексеру негiзiнде уәкілетті органның бұйрығымен жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау құзыретін өзінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiне (бұдан әрi – Комитет) бере алады.
4. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау меншiк нысанына қарамастан, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі барлық зертханалар үшін міндетті болып табылады.
2. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптар
5. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға:
1) мыналармен:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесі тiзiлiміне енгiзiлген және Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес салыстырылып тексерілген зертханалық жабдықпен және өлшем құралдарымен;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша тұқым сапасын анықтау әдiстерiне нормативтiк-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес тұқымның сапа көрсеткiштерiн анықтауды қамтамасыз етуге арналған химиялық реактивтермен, материалдармен және құрал-сайманмен;
тұқым сынамаларын сақтауға арналған сөрелермен жарақталған (тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы дақылдарының түріне байланысты) меншік құқығындағы немесе басқа заттай құқықтағы ғимараттың (үй-жайдың);
2) кемінде бір тұқым сарапшысының;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша тұқым сапасына сараптама жасау кезінде қолданылатын өзекті етілген нормативтiк-техникалық құжаттардың, бланктердің (тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы дақылдарының түріне байланысты) болуы кіреді.
3. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау
6. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттауды уәкілетті органның бұйрығымен құрылатын құрамында кемiнде бес адам (комиссияның төрағасы және төрт мүшесі) бар тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясы (бұдан әрi – комиссия) жүзеге асырады.
Комиссияның құрамына Комитеттiң, аграрлық саладағы ғылыми және қоғамдық ұйымдардың (келiсiм бойынша) өкiлдерi кіреді.
Комитеттiң құрылымдық бөлiмшесi комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссия құрылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Комитеттің облыстық аумақтық инспекциясының (бұдан әрі – облыстық аумақтық инспекция) бұйрығымен құрамында кемiнде бес адам бар (сараптамалық комиссияның төрағасы және төрт мүшесі), тиiстi облыс аумағында орналасқан заңды тұлғаға немесе құрылымдық бөлiмшелерге тексеру жүргізу бойынша облыста тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық комиссия (бұдан әрi - сараптамалық комиссия) құрылады.
Сараптамалық комиссияның құрамына облыстық аумақтық инспекцияның, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарының, аграрлық бейіндегі ғылыми және қоғамдық ұйымдардың (келiсiм бойынша) өкiлдерi кіреді.
Облыстық аумақтық инспекция сараптамалық комиссия құрылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұйрықтың көшірмесін комиссияға жолдайды.
Облыстық аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлiмшесі сараптамалық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Аттестаттау жүргізу үшін заңды тұлға комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелердің тiзбесін (бар болса), пошталық және электрондық мекенжайын, байланыс телефондарын қоса бере отырып);
2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің көшiрмесі;
3) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшiрмесi;
4) өлшем құралдарының жай-күйiне жауапты маманның тағайындалуы туралы құжаттың көшірмесі;
5) осы Қағидалардың 5-тармағында көрcетiлген тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға заңды тұлғаның сәйкестiгiн растайтын құжаттар.
8. Комиссия заңды тұлғаның осы Қағидалардың 7-тармағында көрcетiлген аттестаттауға арналған құжаттары түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі белгілі болған жағдайда, уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде заңды тұлғаға өтінішін қараудан бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.
9. Комиссияның жұмыс органы заңды тұлғадан құжаттар түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы облыстық аумақтық инспекцияны хабардар етеді (хабарламаны жіберу және алу фактісін растайтын тәсілмен).
Сараптамалық комиссия комиссиядан хабарлама түскен күннен бастап он екі жұмыс күні ішінде тиісті жерге бару арқылы заңды тұлғаның немесе тұқым сапасына сараптама жасайтын құрылымдық бөлiмшенің осы Қағидалардың 5-тармағында көрcетiлген талаптарға сәйкестiгіне тексеру жүргізеді.
10. Сараптамалық комиссия заңды тұлғаны және құрылымдық бөлiмшені (бар болса) тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысанда тексеру актісін (бұдан әрі – тексеру актісі) үш данада жасайды: сараптамалық комиссия бiр данасын комиссияға жібереді, екіншісі облыстық аумақтық инспекцияға сақтауға беріледі, үшіншісі заңды тұлғада немесе құрылымдық бөлiмшеде (бар болса) қалады.
11. Комиссия осы Қағидалардың 7-тармағында көрcетiлген құжаттарды, сондай-ақ заңды тұлғаны және оның құрылымдық бөлiмшелерін (бар болса) тексеру актілерін қарау қорытындысы бойынша тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
12. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беру туралы заңды тұлғаның өтінішін қарастырудың жалпы мерзімі аттестаттауға өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауы тиіс.
13. Комиссияның оң шешімін алған заңды тұлғаларға уәкілетті органның бұйрығымен тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесі беріледі және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданылу мерзімі үш жылға жарамды аттестаттау туралы куәлік тапсырылады.
14. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген заңды тұлғаларға осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мерзім ішінде аттестаттау туралы куәлік беруден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап береді.