• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 27.04.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 986 Қаулысымен (28.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi оның функциялары мен мүлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне берiле отырып таратылсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 28 қазандағы
 N 1118 қаулысымен
 бекiтiлген
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 22.10.2007 № 986 (28.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 
Министрлiктiң ведомстволары – Халықаралық ақпарат комитетi, Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитетi бар.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2009 № 378, 26.01.2010 № 23, 23.09.2011 № 1090 Қаулыларымен. (22.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Министрлік өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады. 
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 
Министрліктің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлік өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрықтарымен ресімделетін, міндетті күші бар шешімдерді қабылдайды.
5. Министрліктің штат санының лимитін Министрлікке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31. 
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2009 № 378, 26.01.2010 № 23 Қаулыларымен. (22.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 
Министрліктің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәнінде шарттық қатынастарға түсуге құқығы жоқ.
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
10. Министрліктің негізгі міндеттері: 
1) Қазақстан Республикасы Сыртқы саясатының тұжырымдамасын және негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар беру; 
2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іскен асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу; 
3) шет елдерде Қазақстан Республикасының, оның азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау; 
4) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбітшілікті, ғаламдық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен іске асыру; 
5) Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, басқа мемлекеттермен және халықаралық аренадағы қарым-қатынастарында оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету; 
6) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті үшін ұсыныстар әзірлеу және Президенттің халықаралық бастамаларын іске асыру; 
7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру; 
8) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси және экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіру; 
9) әлемдегі және әлеуметтік-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметіне талдау жасау және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
11. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды атқарады: 
1) шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету; 
2) Қазақстан Республикасы халықаралық саясатының стратегиясын іске асыру; 
3) келіссөздер жүргізуді және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуды ұйымдастыру; 
4) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және олардың қолдануын тоқтата тұру мен тоқтату туралы ұсыныстар әзірлеу, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің қарауына белгіленген тәртіппен енгізу; 
5) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне белгіленген тәртіппен ұсыныстар мен ұсынымдар беру; 
6) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастық мүшесі ретінде ғаламдық және өңірлік проблемаларды шешудегі рөлін арттыруға жәрдемдесу; 
7) Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу; 
8) Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелетін консулдық функцияларды жүзеге асыру; 
9) шет елдерде тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу;
9-1) босқын деп танылған адамның шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуына өз құзыреті шегінде жәрдемдесу;
10) Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, сондай-ақ консулдық мекемелерінің жұмыс істеуіне жәрдемдесу, өз құзыреті шегінде оларға қызмет көрсететін ұйымдардың  қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; 
11) Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзілік мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңістігін зерттеу саласындағы мүдделерін қамтамасыз етуге қатысу;