• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 Қаулысы

Осы редакция 21.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 1641 қаулысымен
 бекітілген
Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті
 құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық
 мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарды) тағайындау, радиоэлектрондық құралдарды мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар (бұдан әрі - РЭҚ) мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі - ЖЖҚ) тіркеу және пайдалану, РЭҚ-ның электромагниттік үйлесімділігін (бұдан әрі - ЭМҮ) есептеуді жүргізудің жалпы тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың талаптары байланыс саласындағы лицензиялық қызмет түрін жүзеге асыратын және (немесе) өндірістік қызметте РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ пайдаланатын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қағидаларда Халықаралық электр байланысы одағының 1988 жылғы 9 желтоқсандағы Радиобайланыс регламентінің (International Communication Unit, (ITU), Мельбурн) ережелері және Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсыныстары ескерілді.
Осы Қағидалар:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес РЭҚ пен ЖЖҚ-ға;
2) Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсыныстарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі радиожиілікпен қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың РЭҚ пен ЖЖҚ-ға қолданылмайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) абоненттік құрылғы - абонент берген ақпаратты тарату немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
2) РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесі - осы құралдар немесе құрылғылар шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында немесе өзге заңды негізде (жалға алу, өтеусіз пайдалану) меншігінде болатын заңды немесе жеке тұлға;
3) жоғары жиілікті құрылғы - телекоммуникация саласында пайдалануды қоспағанда, электромагниттік энергияны өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа мақсаттарда пайдалануға және шоғырландыруға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;
4) өтініш беруші - РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесі не жеке немесе заңды тұлға, не оның сенім білдірілген тұлғасы;
5) радиожиілік спектрін пайдаланушы - жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;
6) радиожиілік немесе радиожиілік арнасын иелікке беру - тиісті радиожиілік органы радиожиілік спектрін пайдаланушыға беретін радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат, ол осы рұқсатта көрсетілген жиіліктер жолағын, радиоэлектронды құралды, жиілік белдеулерін (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналады;
7) жылжымалы радиоэлектрондық құрал - географиялық координаталарға тұрақты байланыстырылмаған радиоэлектрондық құрал;
8) радиожиілік спектрі - 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі ауқымдағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;
9) радиоэлектрондық құрал - көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан құралатын техникалық құрал;
10) электромагнитті үйлесімділік (ЭМҮ) - техникалық құралдың өзге техникалық құралдарға радиокедергілер жасамау және нақты пайдалану шарттарында өздеріне абайсызда келтірілген радиокедергілер әсер еткен кезде талап етілетін сапамен бір мезгілде қызмет ету қабілеті;
11) жиілікті бірлесіп пайдалану - екі немесе одан да көп пайдаланушылар пайдаланатын жиіліктер;
12) стационарлық радиоэлектрондық құрал - тұрақты географиялық координаты бар радиоэлектрондық құрал;
13) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті;
14) радиожиілік ресурсы - белгілі бір аумақта эфирде жұмыс істеуге арналған, Халықаралық электр байланысы одағының талаптарын қанағаттандыратын және:
жиіліктердің диапазоны;
жиіліктердің қолданылатын спектрінің ені;
пайдаланылатын технологиялар, көрсетілген ресурсты пайдалануға рұқсат қолданысының уақыт кезеңі ескерілетін қолданыстағы және әлеуетті ықтимал жиілік тағайындауларының жиынтығы;
15) Ұлттық Кесте - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1379 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі.
3. Рұқсат құжаттарын рәсімдеу кезіндегі лауазымды адамдардың әрекетіне және (немесе) әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көрсетілген тәртіп бойынша шағымдануға болады.
2. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын)
 иелікке беру тәртібі
4. Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін (бұдан әрі - РЖС) пайдалануға рұқсат осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес тізімде көрсетілген РЭҚ ресімделеді.
5. Қазақстан Республикасының РЖС пайдалануға рұқсат немесе Қазақстан Республикасының туы астында жүзетін кемелер үшін радиожиілік спектрін пайдалануға кеме станциясының рұқсатын (бұдан әрі - кеме станциясының рұқсаты) алу үшін өтініш беруші радиожиілік ресурсы (бұдан әрі - РЖР) пайдаланылатын жердегі уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі - аумақтық орган) радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) иелікке беруге өтінім (бұдан әрі - өтінім) қағаз тасығышта үш данада (кеме станциясының рұқсатын алу үшін екі данада) және электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz. интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде ұсынуға тиіс. Әр байланыс түрі үшін жеке өтінім беріледі.
6. Өтінім мынадай құжаттардан тұрады:
1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
2) сұралып отырған радиожиіліктер белдеулерінің (номиналдың) негіздемесі келтірілетін, жоспарланып отырған радиожелінің (радиотораптардың) мақсаты мен сипаты, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалардың, пайдалануға жоспарланған РЭҚ ерекшеліктері, байланысты ұйымдастыру сызбасы егжей-тегжейлі баяндалатын түсіндірме жазба;
3) осы Қағидалардың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша тиісті радиобайланыс түріне белгіленген үлгідегі РЭҚ-қа арналып толтырылған сауалнама (кеме станциялары үшін техникалық деректерімен осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес толтырылған сауалнама).
7. Егер өтінім берілген белдеулер (номиналдар) радиожиілігі 1 ГГц-ке дейін болса, аумақтық орган радиожиілікті иелікке берудің қолда бар базасына сәйкес радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) іріктейді, осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық қорытынды әзірлейді және оны өтінімге қоса тіркеп, өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде байланыс саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымына (бұдан әрі - Ұйым) жолдайды.
Өтінім берілген радиожиілік белдеулері (номиналдары) (барлық байланыс түрлері бойынша (WLL) сымсыз радиоға қол жетімділік желілерінен басқа) 1 ГГц-тен асатын болса, аумақтық орган өтінімді келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде (техникалық қорытындысыз) Ұйымға қарауға жолдайды.
Сымсыз радиоға қол жетімділік желілеріндегі (WLL) өтінім берілген белдеулер (номиналдар) 1 ГГц артық болса, аумақтық орган өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органның қарауына жолдайды.
1 ГГц артық сымсыз радиоға қол жетімділік желілеріндегі (WLL) өтінім берілген белдеулерді (номиналдарды) уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қарап, Ұйымға жолдайды.
Өтінім түгел жинақталмаған не өтінім берілген радиожиілік белдеулері (номиналдар) бос болмаған жағдайда аумақтық орган және (немесе) уәкілетті орган бас тартудың негізделген себептерін көрсетіп, өтінім келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінім берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.
Өтінімді қабылдаудан бас тарту өтінім берушіні тиісті лерді түзеткеннен кейін қайтадан өтінім беру құқығынан айырмайды.
Ұйым аумақтық және (немесе) уәкілетті органнан өтінім келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінің ішінде РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала есептеу рәсімін жүргізіп, оның нәтижесі бойынша аумақтық органға және (немесе) уәкілетті органға жазбаша түрде хабарлайды.