Осы редакция 09.06.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесi мен шарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 12 наурыздағы N 207
Қазақстан Республикасының электр энергиясын беруде үзiлiстерге жол беруге өмiрлiк маңызды объектiлерiн үздiксiз электрмен жабдықтау, бұл объектiлердiң авариялық бронь бойынша тұтынған электр энергиясы үшiн уақытылы кепiлдiктi ақы төлеуiн қамтамасыз ету, электр энергетикасы объектiлерiнiң жұмысында төлем жасау себебi бойынша кiдiрiске жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесi мен шарттары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiмен келiсiм бойынша бiр айлық мерзiм iшiнде республикалық маңызы бар үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiн жасасын және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын, сондай-ақ оларға арналған авариялық бронның шамасын белгiлесiн.
3-5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз) Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
N 1131 қаулысымен
бекiтiлген
Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесi мен шарттары
Осы Ережелер, электрмен ажыратып тастау адамдардың өмiрi үшiн қауiп тудыратын немесе апаттық немесе экономикалық зардаптарға әкеп соғатын Қазақстан Республикасының шаруашылық инфрақұрылым ұйымдары электр энергиясымен қамтамасыз етудiң тәртiбiн айқындайды және оны бергенi үшiн төлем жасаудың тәртiбiн белгілейдi.
1. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар
Yздiксiз электрмен жабдықтау объектілерi (бұдан әрi - YЭО) - оларды ажыратып тастау адамдардың өлiмiне, тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi жұмысының бұзылуына, апаттық экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық зардаптарға апарып соғуы мүмкiн, технологиялық себептерiне байланысты үздiксiз электрмен жабдықтауды қажет ететiн шаруашылық инфрақұрылым объектiлерi.
Авариялық бронь - оны беру үздiксiз электрмен жабдықтау объектiсiнiң ол үшiн маңызы бар құрылғыларының жұмыс iстеуiн сақтайтын және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апаттық экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарды немесе адамдардың өлiмiн болдырмайтын ең аз қажеттілiктегi электр қуаты.
Республикалық маңызы бар ҮЭО - мемлекеттiк меншiк нысанындағы үздiксiз электрмен жабдықтау объектiлерi, оларға авариялық бронь мөлшерлерiнде электр энергиясын жеткiзу осы объектiлер үшiн электр энергиясын тұтыну жөнiндегi шығыстарға арналған сомалардың шегiнде, республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.