Қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығы
Президент пен Үкімет актілерінің жинағында жариялануға тиіс
Қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілсін (бұдан әрі - Стратегия).
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) өз қызметінде Стратегияны басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) қабылданатын мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламалардың (жоспарлардың) Стратегиямен келісілуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөніндегі ұлттық комиссияға Стратегияның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөніндегі ұлттық комиссия жыл сайын 5 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметін Стратегияның іске асырылу барысы туралы хабардар етсін.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Мемлекет басшысын жыл сайын 20 ақпанға Стратегияның іске асырылу барысы туралы хабардар етіп отырсын;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2006-2016 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК СТРАТЕГИЯСЫ
Астана, 2005 жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Негізгі ұғымдар
1-бөлім. Ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің нақты теңдігін қамтамасыз ету - уақыт талабы
2-бөлім. Қоғамдық-саяси өмірдегі гендерлік теңдікке қол жеткізу
3-бөлім. Экономикадағы гендерлік теңдікке қол жеткізу
4-бөлім. Гендерлік білім беру. Құқықтық және гендерлік оқу-ағарту
5-бөлім. Ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын бекемдеу
6-бөлім. Қоғамдағы жынысқа байланысты зорлық-зомбылықтың алдын алу
7-бөлім. Отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу. Отбасын нығайту және отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту
8-бөлім. Гендерлік сезімтал қоғамдық сананы жетілдіру
9-бөлім. Стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер
КІРІСПЕ
Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастыққа кірігуді өзінің сыртқы саясат саласындағы басымдығы ретінде айқындады.
Әлем елдерінің көпшілігі қол қойған Біріккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық декларациясында (2000 ж.) ерлер мен әйелдердің теңдігін көтермелеу, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшінші мыңжылдықтағы адамзат дамуының негізгі мақсаттары ретінде айқындалған.
Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде тарихи қалыптасқан ерлердің әйелдерден басым болу жағдайы өзгерістерге ұшырауда. Өнеркәсібі дамыған және әлеуметтік бағдар алған елдерде әйелдер өз құқықтары мен мүмкіндіктерінің ерлермен тең болуына іс жүзінде қол жеткізді.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында да белгілі бір дәрежеде ілгеріледі.
1998 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына қосылды. БҰҰ-ның "Әйелдердің саяси құқықтары туралы" және "Тұрмыс құрған әйелдің азаматтығы туралы " конвенциялары да бекітілді. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт пен Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіге және басқаларына қол қойылды. Қазақстан адам құқықтары туралы барлығы 60-тан астам халықаралық шартқа қосылды.
Үкіметтің 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 қаулысымен Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат тұжырымдамасы мақұлданды. Ол еліміздегі гендерлік саясаттың негізгі бағыттарын - ерлер мен әйелдердің билік құрылымдарына теңгерімді қатысуына қол жеткізуді, әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі, өз бизнесін дамытуы мен мансап жолында ілгерілеуі үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді, отбасындағы құқықтар мен міндеттердің тең жүзеге асырылуы үшін жағдайлар жасауды, жыныс нышаны бойынша зорлық-зомбылықтан азат болуды айқындады.
2004 жылғы қыркүйекте Астана қаласында өткізілген Қазақстан әйелдерінің IҮ Форумында ел Президенті Үкімет пен Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияға аталған Тұжырымдаманың негізінде Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын әзірлеп, онда экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларды қоса алғанда, қызметтің негізгі бағыттарын анық белгілеу, әйелдерге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін шаралар жүйесін мерзімдері бойынша әзірлеу керек екенін тапсырды.
Стратегия - мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны іске асырудың және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингін жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Осыған байланысты Стратегияның әр бөліміне БҰҰ Әйелдер қорының өңірлік офисімен (ЮНИФЕМ) бірлесіп әзірленген, саясатта, экономикада, білім беруде, отбасында, денсаулық сақтау және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мәселелерінде гендерлік теңдікке қол жеткізу жөніндегі көрсеткіштер енгізілген.
Гендерлік теңдік стратегиясы 2006-2016 жылдар аралығындағы кезеңде еркектер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің шешілуін көздейді, 9 бөлімнен тұрады.
Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады.
НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР
Уақытша арнайы шаралар - қоғамда гендерлік теңгерімге қол жеткізуге бағытталған шаралар (мысалы, оң дискриминация нысаны ретінде билік органдарындағы әйелдер өкілдігінің квотасы), БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою туралы конвенциясына сәйкес ол кемсіту ретінде қарастырылмайды.
Гендер - бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы.
"Gender" сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді.
"Гендер" термині әлеуметтік процестерді түсінуге арналған талдау құралы болып табылады.
Гендерлік талдау - әзірленіп жатқан және қолданыстағы дамыту жобаларының ерлер мен әйелдерге түрлі әсерін жүйелі түрде зерттеу. Ол саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да факторлардың әйелдер мен еркектерге қалайша әсер ететінін көруге және салыстыруға мүмкіндік береді.
Гендерлік теңгерім - ұйымдастырушылық құрылымның барлық деңгейлеріндегі ерлер мен әйелдердің теңдігі.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |