1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құрылсын.
Отправить по почте
Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1314 Қаулысы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1314 қаулысымен бекітілген
Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес қызметінің мақсаты салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды пысықтау болып табылады.
3. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Салық салу мәселелері жөніндегі кеңес туралы ережені (бұдан әрі - Ереже) басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары
4. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін жетелдірудің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
2) салық міндеттемелерін орындау барысында туындауы мүмкін түсініксіздіктерді, дәлсіздіктерді және қайшылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару схемаларының жолын кесу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5. Кеңес өзінің міндеттеріне сәйкес мыналарға құқылы:
1) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шақыруға және тыңдауға;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан Кеңестің міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұрауға және алуға;
4) салық салу мәселелері бойынша сараптама мен консультациялар өткізу үшін белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, ұйымдардың мамандарын, отандық және шетелдік мамандарды тартуға;
5) Кеңестің шешімдерін орындау жөнінде тапсырмалар беруге.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |