• Мое избранное
"Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 13.07.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 220 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 13 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 314-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өнімділік 2020»бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген1-бөлімде:
«Қаржыландыру көздері» мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржыландыру көздері 2011 жылы республикалық бюджетте 15 764 910 мың теңге, 2012 жылы – 10 133 367 мың теңге, 2013 жылы – 303 500 мың теңге, 2014 жылы – 303 500 мың теңге, 2015 жылы – 303 500 мың теңге көзделген. Инновациялық гранттарға және қазiргi заманғы басқару технологияларын енгізуге арналған шығыстар тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 және 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулыларымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналғанбағдарламада және Елдiң 2020 жылға дейiнгі ғылыми-технологиялық дамуыныңсалааралық жоспарында көрсетiлген. Республикалық бюджеттен келесi жылдарды қаржыландыру көлемi жоспарланатын кезеңге тиiстi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде нақтыланады»;
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген5-бөлімде:
«Бағдарлама құралдары» деген4-кіші бөлімде:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы ставкасы қатысушы үшін 5 %-ды құрауы тиiс, бұл ретте құрал операторының бюджеттік кредит пен өзге де қорландыру құралдарының арасалмағы 80/20 құрауы тиіс. Осы талаптар 2011 – 2012 жылдары жасалған шарттарға да қолданылады.»;
«Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi» деген6-бөлімде:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджеттен 2011 жылы 15 764 910 мың теңге, 2012 жылы – 10 133 367 мың теңге, 2013 жылы – 303 500 мың теңге, 2014 жылы – 303 500 мың теңге, 2015 жылы – 303 500 мың теңге көзделiп отыр.»;
7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
7. «Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (I-кезең)
Р/с

Iс-шара Аяқтау нысаны Орындауға жауаптылар Орындау мерзiмi Болжанатын шығыстар

(мың теңге)
Қаржыландыру көздерi Бюджеттiк бағдарлама нөмірі

(егер бар болса)





2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
1. Кәсiпорындарды жаңғырту жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру ИЖТМ бұйрығы ИЖТМ, ЭБЖМ, мүдделi мемлекеттiк органдар 2011 жылғы наурыз талап етiлмейдi
2. Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру тәртiбiн әзiрлеу құрал операторының шешiмi құрал операторы (келiсiм бойынша), «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша) 2011 жылғы наурыз талап етiлмейдi
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысымен бекiтiлген Инновациялық гранттар беру ережесiне өзгерiстер енгiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасы ИЖТМ, ЭБЖМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша) 2011 жылғы қыркүйек талап етiлмейдi
4. Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi құжаттардың нысандарын әзiрлеу және бекiту, одан әрі өзектілендіру ИЖТМ бұйрығы ИЖТМ, ЭБЖМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша) 2011 жылғы мамыр, қажеттілігіне қарай 92 810 103 367 116 000 116 000 116 000 РБ 011 «Өнiмдiлiк 2020» бағыты шеңберiнде жаңа өндiрiстерді құруды, жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғырту мен сауықтыруды қолдау»
5. Консалтингтiк компаниялардың тiзбесiн қалыптастыру және бекiту, одан әрі өзектілендіру ИЖТМ бұйрығы ИЖТМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), ведомствоаралық комиссия 2011 жылғы мамыр, қажеттілігіне қарай






6. Бағдарламаға қатысу туралы өтiнiштер қабылдау ИЖТМ-ге ақпарат «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша) келiп түсуiне байланысты






7. Бағдарлама қатысушыларына қойылатын өлшемдерге сәйкестiгi туралы сараптама өткізу сараптамалық қорытынды «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), өтiнiш берушi келiп түсуiне байланысты






8. Қатысушылар өтiнiмдерiн құрал операторларының қарауы құрал операторының шешiмi құрал операторлары (келiсiм бойынша), «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша) келiп түсуiне байланысты






9. Жобаны iске асыру барысына мониторинг жүргiзу ИЖТМ-ге ақпарат «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша) үнемi






10. Ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізу ИЖТМ-ге ақпарат «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша) үнемi










11. Мемлекеттiк қолдау шараларын ұсыну шарттар ИЖТМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша) қажеттілігіне қарай 672 100 30 000 187 500 187 500 187 500 РБ 011 «Өнiмдiлiк 2020» бағыты шеңберiнде жаңа өндiрiстерді құруды, жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғырту мен сауықтыруды қолдау»





15 000 000











РБ 051 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кредит беру»


















10 000 000








РБ 052 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен орны орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кредит беру»
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi
РБ - республикалық бюджет
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
«ҚИДИ» АҚ - «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов