1. Мынадай мемлекеттік меншiк объектiлерi жекешелендiруге және оның алдын ала сатыларына жатпайды деп белгiленсiн:
-
Продукты:
Консультации
Консультации
Отправить по почте
Осы редакция 11.04.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" 2000 жылғы 28 шiлдедегі N 422 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Мынадай мемлекеттік меншiк объектiлерi жекешелендiруге және оның алдын ала сатыларына жатпайды деп белгiленсiн:
1) жер (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негiздер, шарттар және шектер бойынша жеке меншiкте болатындарынан басқа), оның қойнауы, су, өсiмдiк және хайуанаттар дүниесi;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн қажет штаттық мүлiк, әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектiлер;
4) олардағы инженерлiк құрылыстарды қоса алғанда, мемлекеттiк халықаралық бағыттар желiсiне қосылған, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар, магистральды темiр жолдар, ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары, кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме жүзуiнiң қауiпсiздiгін реттейтiн және кепiлдендiретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер;
5) магистральдi мұнай және газ құбырлары, кернеуi 220, 500 және 1150 кВ аймақаралық деңгейдегi электр желiлерi;
6) су техникасы құрылыстары бар су қоймалары, су тораптары, су көздерiндегi суды көтеретін бөгеттер;
7) ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек, мамандандырылған көмек көрсететiн (қан құю, ана мен бала денсаулығын қорғау жөнiндегi, радиациялық медицина орталықтары, онкологиялық, туберкулез, ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандарды және СПИД-пен ауыратын ауруларды, жұқпалы, терi-венерологиялық, психикалық ауруларды емдеу жөнiндегi объектiлер), сондай-ақ қызмет көрсетiлетiн облыстың, қаланың, ауданның аумағындағы жалғыз мемлекеттiк медицина ұйымдары болып табылатын медициналық ұйымдар;
8) халықты әлеуметтік қорғау объектілері, балалар үйлері, сәбилер үйлері, қарттар үйлері. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, балалар мен қарттарға арналған интернаттар, госпитальдар мен санаторийлер;
9) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ететін жалпы орта білім беру мемлекеттік ұйымдары;
10) мемлекеттiң қорғауындағы тарихи және мәдени мұра объектілерi.
1-1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" және "Жезқазғансирекмет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары жекешелендіруге және оның алдын ала кезеңдеріне жатпайды деп белгіленсін.
1-1 тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.03.2001. № 402 қаулысымен, 1-1 тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 21.11.2002. № 1233 қаулысымен, өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.03.2003. № 286 қаулысымен. (24.10.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мыналар:
1) 1-қосымшаға сәйкес 2006 жылға дейiн жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi;
2) 2-қосымшаға сәйкес 2006 жылға дейiн акцияларының мемлекеттiк пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.10.2002. № 1107 қаулысымен. (30.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. "1999-2000 жылдарда жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектілерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 тамыздағы N 1198 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 368-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына 1-қосымша
2006 жылға дейiн жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң бағдарламалары бойынша және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң iргелi бағдарламалары бойынша жұмыс iстейтiн ғылыми-техникалық саланың мемлекеттiк ұйымдары.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысымен.
2. Мемлекеттiк және жұмылдыру резервiнiң жылжымайтын мүлкi мен екiұдай мақсаттағы өнiм шығару жөнiндегi жұмылдыру қуаттары.
3. Әскери комиссариаттардың немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен азаматтық қорғаныс бойынша жұмылдыру тапсырмалары бар әскери бөлiмдер мен ұйымдарға тiркелiп берiлген мүлiк.
4. Әскери-техникалық мақсатты қамтамасыз етуге байланысты, оның iшiнде көрсетiлген салада, сондай-ақ әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс, радиоэлектрондық өшiру салаларында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыратын ғарыш аппараттарын ұшыруды және алып жүрудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк ұйымдар мен объектiлер.
5. Әуе кемелерiнiң қауiпсiз ұшуын қамтамасыз етуге байланысты әуе қозғалысын, телекоммуникация желілерiн, инженерлiк желiлердi басқару жүйесiнiң аэронавигациялық қондырғылары.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |