Осы редакция 16.04.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 610 Қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 26 маусымдағы
N 610 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың тізбесі
1. "Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. "Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. "М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. "М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. "Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. "Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. "Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. "Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. "Республикалық неміс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
10. "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
14. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
15. "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
16. "Қазақ әуендері" акционерлік қоғамы.
17. "Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы" мемлекеттік мекемесі.
18. "Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы" мемлекеттік мекемесі.
19. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.