• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 29.04.2013 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 Қаулысы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                              К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 1456 қаулысымен
 бекітілген
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Жер қойнауы туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін айқындайды.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргізу үшін беріледі:
1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;
2) барлау;
3) өндіру;
4) бірлескен барлау мен өндіру;
5) барлау немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану.
3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жер қойнауын, мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарт (шарт) жасасу тәртібіне сәйкес жүргізеді.
4. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруді құзыретті орган жүзеге асырады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі құзыретті орган:
1) пайдалы қазба көмірсутегін барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі;
2) кең таралған және көмірсутек шикізаттарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып табылады.
5. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
6. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.
2. Жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру тәсілдері
7. Жер қойнауы туралы заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай тәсілдермен:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткізу жолымен;
2) конкурс өткізбей тікелей келіссөздер негізінде;
3) уәкілетті органның жазбаша рұқсаты немесе шарт негізінде;
4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар және гидроқұрылыстар салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жазбаша рұқсатының негізінде беріледі.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.08.2012 № 1111 Қаулысымен (30.12.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
8. Жер қойнауын пайдалану құқығы Жер қойнауы туралы заңда және осы Қағидада көзделген жағдайларды қоспағанда, келісімшарт күшіне енген сәттен бастап берілді және пайда болды деп есептеледі.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткізу жолымен жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібі Жер қойнауын беруге арналған конкурс өткізуді ұйымдастыру
9. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Жер қойнауы туралы заңға және осы Қағидаға сәйкес өткізеді.
10. Конкурс Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жер қойнауы учаскелеріне немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелеріне қатысты өткізіледі.
Құзыретті орган барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін, сондай-ақ ұлттық компанияның үлестік қатысуы конкурстың шарты болып табылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін қалыптастырады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін қалыптастырады.
Жер қойнауы учаскелерінің тізбелері жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
11. Құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кен орындарының қорларына қатысты жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы мен өнеркәсіптік санаттар қорының болуы расталғаннан кейін ғана өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге арналған конкурс өткізеді және келісімшарттар жасасады.
12. Конкурс өткізу туралы және оны өткізу шарттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында бір мезгілде қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ конкурсты өткізетін мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланады. Конкурс өткізу туралы және оны өткізу шарттары туралы ақпаратты жариялайтын баспа басылымын құзыретті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес айқындайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық тұлғалардың конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер берудің түпкілікті мерзімінен кешіктірмей конкурсты өткізу тәртібімен байланысты ақпаратты алуға құқығы бар.
13. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты өткізу туралы хабарламада:
1) оны өткізу уақыты мен орны, сондай-ақ өтінімдер беру мерзімі;
2) конкурстың негізгі шарттары;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілгелі отырған жер қойнауы учаскелерінің орналасқан жерін көрсету және оның қысқаша сипаттамасы;
4) конкурсқа қатысу үшін жарна мөлшері туралы ақпарат және оны төлеуге арналған банк деректемелері;
5) қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері;
6) кадрлардағы ең төменгі қазақстандық қамту;
7) тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі ең төменгі қазақстандық қамту;
8) қазақстандық кадрларды оқытуға жұмсалатын шығынның ең төменгі мөлшері;