• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 Қаулысы       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1,  15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
9) «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
10) «Жер учаскесіне құқықтың алғаш берілуінің құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
11) «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет стандарты;
12) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет стандарты;
13) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
14) «Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
«Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірлері 97, 98, 99, 100-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
 
97 Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру* Жеке және заңды тұлғалар ЖРБА Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК ХҚКО, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері Қағаз түрінде (акт)
98 Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру* Заңды тұлғалар ЖРБА Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК ХҚКО, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері Қағаз түрінде (акт)
99 Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру Жеке және заңды тұлғалар ЖРБА Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК ХҚКО, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері Қағаз түрінде (акт)
100 Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру Жеке және заңды тұлғалар ЖРБА Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК ХҚКО, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері Қағаз түрінде (акт)
«Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтер» деген 15-бөлімде:
реттік нөмірлері 452, 453-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
 
452 Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту Жеке және заңды тұлғалар ЖРБА Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері Қағаз түрінде (акт)
453 Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту Жеке және заңды тұлғалар ЖРБА Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары бөлімдері Қағаз түрінде (бекітілген жерге орналастыру жобасы)
3) «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1429 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 94-құжат).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 1 қарашадағы
 № 1392 қаулысымен
 бекітілген
«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті дайындайтын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – мамандандырылған кәсіпорындар) қатысуымен және мекенжайлары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру  комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында алыс орналасқан елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді мобильді орталық арқылы көрсетуге жол беріледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 23 және 43-баптарының және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының негізінде көрсетіледі.
1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің www.auzr.kz интернет-ресурсында;
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағышта жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті немесе жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі жазбаша көрсетілген ол туралы уәжделген жауап беру болып табылады.