Bestprofi Logo

Бұйрық № 48 от 2009-08-28г./Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Прокуратура органдарында алдын ала тергеу жүргізуді ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокурордың 2009 жылғы 28 тамыздағы № 48 бұйрығы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 15.04.2011 г.

Документ на казахском языке

Прокуратура органдарында алдын ала тергеу жүргізуді ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокурордың 2009 жылғы 28 тамыздағы № 48 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Бас Прокурорының 15.04.2011 жылғы № 36 Бұйрығына сәйкес

Қылмыстық істер жүргізу Кодексіне толықтырулар енгізіліп, Прокуратура органдарына қылмыстық істерді тергеу құқығы берілуіне байланысты, Қазақстан Республикасы қылмыстық істер жүргізу Кодексінің 62 бабы 5 бөлімін және «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Прокуратура органдарында алдын ала тергеу жүргізуді ұйымдастыру туралы» қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін.

2. Арнайы прокурорлардың қылмыстық істерді тергеу және тергеу топтарына жетекшілік ету жұмыстары Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінде статистикалық есепке алу қамтамасыз етілсін.

3. Бұйрықтың орындалуын бақылау арнайы прокурорлардың жұмысына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық Бас прокуратура аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің, Бас әскери прокуратура, облыстардың, Астана, Алматы қалалары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың, Бас прокуратура жанындағы С.Есқараев атындағы Институттың басшыларына мәлімет үшін жолдансын.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 28 тамыз 2009 жылғы № 48 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН

Прокуратура органдарында алдын ала тергеуді ұйымдастыру туралы нұсқаулық

1. Осы Нұсқаулық прокуратура органдарындағы қылмыстық істер бойынша тергеуді Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 191-бабының 3-бөлігі, 197-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы және 198-бабы 3-бөлігінің тәртібінде реттейді.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар Департаменті және облыс прокурорларының аға көмекшілері (көмекшілері) және оларға тергеу мен тергеу топтарына жетекшілік ету бойынша теңестірілгендер, өз құзырет шеңберінде қылмыстық қудалау функцияларын жүргізгенде, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін (бұдан әрі тиісінше - ҚК, ҚІЖК), Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңын, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерімен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі - Бас Прокурор) бұйрықтарын, нұсқаулықтарын, нұсқауларын, сондай-ақ осы Нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, жүзеге асырады.

3. Арнайы прокурор - өзінің құзырет шеңберінде қылмыстық істі тергеу функциясын тікелей жүргізе алатын, сондай-ақ тергеу тобына жетекшілік ету жолымен, Департамент бастығы, Департамент бастығының орынбасары, Департамент басқармасының бастығы, Бас Прокурордың тергеу жүргізу мен тергеу топтарына жетекшілік ету бойынша аға көмекшісі мен көмекшісі, Бас Прокурордың криминалист-көмекшісі (бұдан әрі - Бас Прокурордың аға көмекшісі мен көмекшісі), облыс прокурорының аға көмекшісі мен көмекшісі және оған тергеу жүргізу мен тергеу топтарына жетекшілік ету бойынша теңестірілгеннің (бұдан әрі - облыс прокурорының аға көмекшісі (көмекшісі) тұлғасында жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға.

4. Өзінің қызметін жүзеге асыруда арнайы прокурорлар ҚІЖК 197-бабымен, сондай-ақ ҚІЖК 64 және 199-баптарымен көзделген тергеуші мен тергеу тобы басшысының барлық уәкілеттіктеріне ие бола алады. Сол арнайы прокурор өзі тергейтін қылмыстық іс бойынша жоғарыда аталған уәкілеттіктерді бір мезгілде қатар атқара алмайды.

5. Алдын ала тергеу жүргізу қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен анықталған міндеттері мен принициптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

6. Қылмыстық істі алдын ала тергеуді жүргізуге қабылдап аларда, сол сияқты тергеу тобына жетекшілік ету туралы мәселені шешер кезде, төмендегідей қылмыстық істер басым санатта болуы тиіс:

азаматтардың конституциялық құдықтарының елеулі бұзылушылығына соқтырған, қылмыстың ұйымдасқан түрлерімен, мемлекет мүдделеріне зиян келтіретін сыбайлас жемқорлық пен экономикаға байланысты жасалған қылмыстар;

қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар тұлғаларға, құқық қорғау мен арнайы органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстар;

қоғамдық пікір тудыратын, тергеудің толық, объективті болмауы мен созбалаңдыққа салынған фактілері анықталған қылмыстық істер болып табылады.

2. Алдын ала тергеуді ұйымдастырудағы өкілеттіктердің аражігін ажырату

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі - Бас прокуратура), аумақтық прокуратуралар функцияларының аражігін ажырату, олардың қызметінде қайталауды жою, прокурорлар рөлін күшейту мақсатында прокуратура органдарында тергеуді ұйымдастыру келесі тәртіпте жүзеге асырылады.

Департамент тергеу жүргізеді және жалпы республика бойынша арнайы прокурорлардың және арнайы прокурорлар жетешілік ететін тергеу топтарының өндірісіндегі қылмыстық істердің тергелуін ұйымдастырады және бақылайды.

Бас әскери прокурор арнайы прокурорлар мен арнайы прокурорлар жетекшілік ететін тергеу топтарының өндірісінде тергелетін Қарулы Күштерде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлер мен әскери құрылымдарда шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметті өтейтін әскери қызметшілеріне; запастағы, әскери жиындарды өтеу уақытындағы азаматтарға қатысты; әскери бөлімдер, бірлестіктер мен мекемелерінің азаматтық қызметкер атқаратын тұлғаларына, олардың қызмет міндеттерінің орындауына байланысты жасалған қылмыстық істерді тергеуді ұйымдастырады.

Облыс прокуроры және оған теңестірілгендер (бұдан әрі - облыс прокуроры) арнайы прокурорлар мен арнайы прокурорлар жетекшілік ететін тергеу топтарының өндірісінде тергелетін қылмыстық істерді тергеуді аумақ бойынша ұйымдастырады.

8. Арнайы прокурор өндірісінде тергелетін істер бойынша мекемелік бакылауды Бас Прокурордың осыған жетекшілік жасайтын орынбасары, Департамент бастығы мен оның орынбасары, Департамент басқармаларының бастықтары, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілгендер (бұдан әрі - облыс прокуроры) жүзеге асырады.

9. Тергеу заңдылығын қадағалау төмендегіше:

қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар тұлғаларға қатысты қылмыстық істерден басқа, арнайы прокурордың тікелей немесе оның жетекшілігіндегі тергеу тобының өндірісінде тергелетін қылмыстық істер бойынша қадағалауды Бас Прокурор немесе оның тапсырмасы бойынша оның орынбасары, Департамент бастығы, облыс прокуроры жүзеге асырады.

арнайы прокурордың тікелей немесе оның жетекшілігіндегі тергеу тобының өндірісінде және алдын ала тергеу органының өндірісіндегі қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар тұлғаларға қатысты қылмыстық істер бойынша - тікелей Бас Прокурормен немесе Департамент арқылы жүзеге асырылады.

10. Тергеу әрекеттерін санкциялау, тергеу мерзімдерін ұзарту, қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану және олардың мерзімдерін ұзарту бойынша қойылған өтініштермен шешімдер қабылдау, бұлтартпау шарасын бұзу немесе өзгерту, айыпталушыны сотқа беру туралы мәселені шешу тікелей қадағалушы прокурормен, ал қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар тұлғаларға қатысты істер бойынша - Бас Прокурормен жүзеге асырылады.

3. Қылмыстық істер бойынша тергеуді ұйымдастыру

11. Департаменттің бастығы, оның орынбасары, Департамент басқармаларының бастықтары, облыс прокуроры және арнайы прокурор тергеу қызметінің дұрыс ұйымдастырылуы, сондай-ақ уақытында орындалуы үшін жауап береді.

12. Арнайы прокурор іс мән-жайларының жан-жақты, толық және объективті зерттелуі үшін барлық шаралар қабылдануына, сол сияқты жеткілікті дәлелдер жиналған адамның қылмысының жасалғанын әшкерелейтін қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.

Қылмыстық қудалауды болдырмайтын мән-жайлар анықталған жағдайда, арнайы прокурор сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген сатысында қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығаруға тиіс.

Қылмыстық іс жүргізу барысында арнайы прокурор мемлекеттік және басқа құпияларды құрайтын мәліметтер алынған кезде, олардың құпиялығын сақтау жөнінде шаралар жасауға міндетті.

13. Арнайы прокурор, заңда прокурордың санкциясын немесе сот шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеудің бағыты мен тергеу әрекеттерін жүргізу туралы барлық шешімдерді дербес жеке қабылдайды, олардың заңды және уақытылы атқарылуы үшін жауапты болады.

14. Қылмыстық істі тергеу Департамент бастығымен немесе облыс прокурорымен бекітілетін негізгі жоспарға сәйкес жүргізіледі. Тергеу жоспарының көшірмесі облыс прокурорымен бектілігеннен кейін 24 сағат ішінде Департаментке жіберіледі. Тергеу жоспары барлық тергеу әрекеттері және басқа да әрекеттер нақты қамтылған, орындау мерзімдері мен орындаушылардың мерзімдері көрсетілген, барынша айқын болуы тиіс.

Арнайы прокурордың жетекшілігімен құрылған тергеу тобымен жүргізіліп жатқан күрделі және тергеу көлемі аумақты істер бойынша тергеу жоспарында қылмыс туралы алынған мәліметтерді жинау мен жүйеге келтіру, тергеу тобының мүшелерінің айыпталушылармен (күдіктілер), объектілер және оқиғаларды, аумақтық белгісі бойынша бөліп жұмыс істеу міндеттері көрсетілуі тиіс. Тергеу тобының мүшелеріне жүктелген тапсырмалар бойынша қосымша жоспарлар жасалуы мүмкін. Тергеу барысында қадағалаушы прокурормен келісіле отырып жоспарларға қажет қосымша әдіснамалар енгізіле алады, сондай-ақ нақты және анық койылған сұрақтармен нақты тергеу жүргізу, тергеу әрекеттерін орындау жоспарлары құрастырыла алады.

Тергеу тобы мүшелерінің жоспар бойынша жүргізген шараларды орындау жұмыстары, бақылау мақсатында қадағалаушы прокурормен және тергеу тобының басшысымен жұмыс тәртібінде жедел кеңестерде тыңдалады.

15. Арнайы прокурордың ҚІЖК талаптарына сәйкес қабылданатын іс жүргізу шешімдері, ол өзі қол қойған қаулымен рәсімделеді.

16. Алдын ала тергеу барысында арнайы прокурор анықтау органдарымен дәлелдерді жинау үшін өзара екіжақты байланыста болып және ҚІЖК 235, 236, 237-баптарына сәйкес тергеу іс-әрекеттерін орындау туралы қаулы шығаруға құқылы.

Жедел-іздестіру қызметінің материалдары ҚІЖК 202-бабының талаптарын сақтап шығарылған анықтау орган бастығының тиісті қаулысының негізінде төменде көрсетілген жағдайда ұсынылады. Қаулыда, материалдардың қандай көлемде екендігі және қандай жедел-іздестіру іс-шараларының кандай нәтижелері болғандығы; аталған нәтижелерді алу үшін пайдаланылған техникалық құралдар; қылмыстық істің материалдарына тіркеу үшін жіберілетін заттар мен құжаттар көрсетілуі тиіс.

Анықтау органының бастығы өзінің бастамасымен қаулы шығарып, арнайы прокурорға жедел-іздестіру қызметінің материалдарын жолдаған жағдайда, қаулыда қылмыстық іс бойынша дәлелдер табу үшін жүргізілген жедел-іздестіру қажет болған негіздерді келтіру керек.

Жедел-іздестіру қызметінің материалдары, ондағы аталған деректерге баға бере алатындай, олардың тергелетін қылмыстық іске қатыстылығы, жарамдылығы мен растығы тұрғыдан бағалауға жол беретін көлемде және тұлғада ұсынылуы тиіс.

17. Жедел-іздестіру қызмет материалдарын зерттеу барысында арнайы прокурор анықтау органының бастығынан жедел-іздестіру қызметінің қосымша материалдарын талап етуге құқылы.

18. Арнайы прокурор кадағалаушы прокурор арқылы аумақтық құқық қорғау немесе арнайы орган бөлімінің басшысы алдында, тергелетін қылмыстық іс бойынша жедел ілесуді жүзеге асыру үшін негіздер бар болғанда өкілетті қызметкерлерді бөлу туралы өтініш жасай алады.

Өтініште арнайы прокурор аталған іс-шараны өткізу қажеттілігін негіздеуге тиіс.

19. Арнайы прокурор өндірісінде тергелген қылмыстық істер бойынша, күдікті ретінде негізсіз қамауға алынған, заңсыз қамауға алу және қылмыстық жауапкершілікке тарту фактісі болған жағдайда, тиісті тексерісті Департмент және қадағалаушы прокурор өткізеді. Тексеріс нәтижелері Департаментке кінәлі адамдарға қолданылған шаралар және шешімдер туралы облыс прокурорымен 10 күннен кешіктірілмей ұсынылады Күдіктіні (айыпталушыны) уақытша ұстау изоляторынан және тергеу изоляторынан алдын ала тергеу барысында босату туралы әрбір факті бойынша Департаментке 24 сағат ішінде қабылданған шешімнің негізділігін көрсетіп арнайы хабарландырулар жіберіледі.

20. Тергеудегі қылмыстық іс бойынша, арнайы прокурор өзінің ҚІЖК 64-бабының 7-бөлігінде және 193-бабының 3-бөлігінде көрсетілген құқықтарын қолданғанда, жедел-іздестіру шараларын, тергеу мен басқа әрекеттерді орындау туралы тапсырмалар мен нұсқауларды анықтау органдарына жолдағанда, олардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыратын облыс прокуроры арқылы, олардың орындалу орнына жібереді.

21. Арнайы прокурор алдын ала тергеу барысында заңда көрсетілген тәртіпті қолданып, кылмытық іске қатысушылар мен олардың отбасы мүшелерін қорғау үшін шаралар қабылдайды.

22. Арнайы прокурор айыптау корытындысына қол қойғаннан кейін қылмыстық істі ҚІЖК 280-бабына сәйкес, оның қай сотта қаралуынан тыс, ҚІЖК 281-284-баптардағы көрсетілген талаптарды тікелей орындайтын қадағалаушы прокурорға жібереді.

23. Тергеудегі қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуді тоқтатарда арнайы прокурор осы шешімді қабылдаудан бұрын тоқтатуға негіз болған мән-жайлардың бар болуына қарамастан, тоқтатарға дейінгі орындалуы мүмкін барлық тергеу әрекеттерін орындауға тиіс.

Іс бойынша өнідірісті тоқтату туралы қаулының көшірмесі қадағалаушы прокурор мен Департаментке 24 сағат ішінде жіберіледі.

24. Қылмыстық іс ақтауға болмайтын негіздер бойынша ҚІЖК 38-бабының талаптарына сәйкес қысқартылған жағдайда қадағалаушы прокурордың келісімін алу қажет.

Істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі қадағалаушы прокурор мен Департаментке 24 сағат ішінде жіберілуі тиіс.

25. Арнайы прокурордың қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы басқа мемлекеттердің құқыққорғау органдарымен қатынастары облыс прокурорларының аға көмекшілерімен және Бас прокуратураның халықаралық шарттардың қолданылуына қадағалау жүргізетін Халықаралық ынтымақтастық Департаментімен тығыз байланыста жүзеге асырылады.

26. Тергеу жұмысына машықтану және дағдыларын үйрету мақсатында, арнайы прокурордың қарауына тергеудің жүргізілу мерзімі бойына облыс прокурорының бұйрығымен (өкімімен) рәсімделіп, өзінің негізгі міндеттерін орындаудан босатылған аумақтық прокуратура органының қызметкері жіберіле алады.

Арнайы прокурордың қарауына жіберілген қызметкер тергеу тобының мүшесі бола алмайды және арнайы прокурордың тергеу әрекеттерінен тыс сипаттағы тапсырмасын орындайды, іс жүргізу құжаттарының жобаларын дайындайды. Тергеу қызметінің дағдыларына үйрету арнайы прокурордың жоспары бойынша жүзеге асырылады.

Жіберілген қызметкер арнайы прокурордың, қарауынан облыс прокурорының тиісті бұйрығынсыз кері қайтарыла алмайды.

27. Қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдемелер облыс прокуратураларында, Бас прокуратурада, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарында «Соттардың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау сот сараптамасы органдарының заттай дәлелдемелерді, қылмыстық істер, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық істері туралы құжаттарды, заттай дәлелдемелерді алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі туралы» Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жыл 12 қарашадағы № 121, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1998 жыл 1 желтоқсандағы № 1043 ца, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитеті төрағасының 1998 жыл 8 желтоқсандағы № 73, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жыл 22 желтоқсандағы № 598, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жыл 2 желтоқсандағы № 429, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министрінің 1998 жыл 28 желтоқсандағы № 111 бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес олардың сақталуына арнайы жабдықталған бөлмелерде сақталады.

Олардың сақталуына арнайы прокурор немесе прокурордың бұйрығымен осы міндетті орындауға тиісті жүктелген тұлға жауап береді.

4. Тергеу өндірісінің тікелей арнайы прокурормен жүргізілуі

28. ҚІЖК 64, 197-баптарында көрсетілген уәкілеттіктерге сәйкес, арнайы прокурор өзі қозғаған немесе қадағалаушы прокурормен қозғалған және алдын ала тергеу органының өндірісінде тергеліп жатқан қылмыстық істі өзінің өндірісіне тергелу ретіне қарамастан қабылдай алады және ол бойынша тергеу жүргізеді.

29. Қылмыстық істі арнайы прокурор анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулысының күші жойылған және қылмыс белгілерін анықтаған жағдайда қозғай алады.

30. Қылмыс белгілерін тікелей анықтағанда арнайы прокурор бұл туралы баянатпен прокуратура органының басшысына мәлімдейді және ҚІЖК, сол сияқты 2003 жылдың 10 ақпанындағы Бас Прокурордың № 6 бұйрығымен бекітілген «Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарландыруларды, арыздарды және басқа мәліметті қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарастыру туралы» нұсқаулықпен анықталған тәртіпте тіркейді.

31. Облыс прокуроры қылмыстық іс қозғалғаннан кейін оны қылмыстық қудалау органына немесе Департаменттің келісімімен арнайы прокурорға өзінің өндірісіне қабылдап, алдын ала тергеу жүргізуге береді. Облыс прокуроры және қылмыстық қудалау органдары қылмыстық істі Департаменттің өндірісіне қабылдау туралы өтінішті оның жұмысына жетекшілік ететін Бас Прокурордың орынбасарының алдында қоя алады.

32. Қылмыстық істің козғалғандығы туралы, оны қозғау туралы арыз берушіге және оған қатысты қылмыстық іс қозғалған адамға хабарланады, соңғысына қылмыстық қудалаудың басталуына байланысты құқықтары түсіндіріледі.

33. Тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында, айрықша жағдайларда, алдын ала тергеу органының жазбаша өтініші бойынша немесе өзінің бастамасымен Бас Прокурор, оның арнайы прокурорлар қызметіне жетекшілік ететін орынбасары, Департамент бастығы, облыс прокуроры, Департаменттің келісімімен қылмыстық істі алдын ала тергеу органынан арнайы прокурор өндірісіне ҚІЖК анықталған тергелу ретіне қарамай береді.

Арнайы прокурормен қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізу, тергеудің толық еместігі мен созбалау, іске қатысушылардың конституциялық құқықтарының бұзылуы, тергеу органының заңсыз әрекетіне орынды арыз түсу, іс бойынша прокурор нұсқауларының орындалмау, сондай-ақ тергеу органымен заңсыз іс жүргізу шешімдерін қабылдаған фактілері анықталған жағдайда болу керек.

Көрсетілген мән-жайлардың анықталуы қылмыстық істі қылмыстық қудалау органынан алуға және арнайы прокурор өндірісіне беруге себеп болады.

34. Алдын ала тергеу органынан қылмыстық істі қабылдағанда арнайы прокурор сондай шешімнің негіздері мен себептерін көрсете отырып істі өзінің өндірісіне қабылдау туралы қаулы шығарады. Қылмыстық істі қозғау туралы немесе қылмыстық істі өндіріске қабылдау қаулыларының көшірмелері 24 сағат ішінде кадағалаушы прокурорға, сол сияқты іс осыған дейін өндірісінде болып тергеу жүргізген органға жіберіледі.

35. Тергеу кезінде анықталған тексерістерді орындау мен прокурорлық шараларды қабылдауды талап ететін заң бұзушылық фактілер бойынша арнайы прокурор, бұл туралы қадағалаушы прокурорға хабарлайды.

Қылмыстардың жасалуына жағдай жасайтын себептер мен шарттарды жою туралы ұсыныстарды енгізу арнайы прокурорлар үшін міндетті. Мемлекеттік органдардың орталық аппараттарына енгізілетін ұсыныстар Бас прокуратура арқылы жіберіледі.

36. ҚІЖК 89-92-баптарында көрсетілген негіздер болғанда, облыс прокурорының аға көмекшісі (көмекшісі) тұлғасындағы арнайы прокурорды, облыс прокуроры Департаменттің келісімімен қылмыстық істі тергеуден шеттете алады.

Бас Прокурордың аға көмекшісі мен көмекшісі тұлғасындағы арнайы прокурордың қылмыстық істі тергеуден аталған негіздер бойынша шеттетілуі Департаменттің өтініші бойынша Бас Прокурормен жүзеге асырылады.

5. Арнайы прокурор басшылық ететін тергеу тобымен тергеу жүргізу

37. Негіздер бар болғанда арнайы прокурор Департамент бастығының немесе қадағалаушы прокурордың алдында ҚІЖК 198-бабының 3-бөлігінің тәртібіне сай тергеу тобын құру туралы Бас Прокурорға өтініш енгізу мәселесін көтереді.

38. Тергеу тобын құру, оның құрамы мен саны, орналасу орны туралы мәселені шешкенде қылмыстық істің күрделілігі мен маңыздылығын, тергеудің толық және объективті болмау, мекемелік мүдделердің қарама-қайшы келу фактілерінің бар болуын анықтап, шешім қабылдау қажет.

39. Арнайы прокурорлар тергеу тобын құру туралы қаулыны топ құрамына енгізілетін лауазым иесі тұлғаларын көрсете отырып дайындайды, топқа кіретін тергеушілер туралы алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органдар басшыларымен келісіледі.

40. Тергеу тобын құру туралы қаулыда қылмыстық істің мән-жайы, оның қозғалу күні, тергеу тобын құру қажеттігі немен туындағаны, сондай-ақ оның құрамы - басшысы мен топ мүшелері (лауазымы, атағы немесе сыныптық шені) көрсетіледі.

41. Тергеу тобын құру туралы қаулымен барлық мүдделі тұлғалар: күдікті, айыпталушы, олардың қорғаушылары, жәбірленуші мен оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер мен олардың өкілдері таныстырылуы тиіс және оларға тергеу тобының, сондай-ақ топ құрамынан кез келген тергеушіге қарсылық білдіру құқығы түсіндіріледі.

42. Тергеу тобы қылмыстық іспен тергеу жүргізгенде, істерді біріктіру мен бөлектеу, қылмыстық істі жалпы немесе оның бөлігінде ішінара қысқарту, іс бойынша өндірісті тоқтату немесе қайта жалғастыру, сондай-ақ тергеу мерзімін ұзарту туралы өтініштерді қозғау, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу, үйде қамауда ұстауды колдану және оларды ұзарту туралы шешімдер, тек тергеу тобының жетекшісімен қабылданады.

Айыптау қорытындысы немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін істі сотқа жіберу туралы қаулыны тек тергеу тобының жетешісі шығарады және оған қол коя алады.

43. Тергеу тобының мүшелері қызмет немесе атқарушылық тәртіпті бұзған жағдайда, ол туралы тергеу тобының жетешісі(в соотв. с оригиналом) дереу жазбаша түрде қадағалаушы прокурорға оның жауапкершілігі мен топ құрамынан шығару мәселесін қойып, хабарлайды.

44. ҚІЖК 89-92-баптарында көрсетілген негіздер болғанда, облыс прокурорының аға көмекшісі (көмекшісі) тұлғасындағы арнайы прокурорды, тергеу тобына басшылық етуден облыс прокурорының немесе Департамент бастығының өтінішімен Бас Прокурор шеттете алады.

Бас Прокурордың аға көмекшісі мен көмекшісі тұлғасындағы арнайы прокурорды тергеу тобына басшылық етуден шеттету туралы шешімді аталған негіздер бойынша Департаменттің өтінішімен Бас Прокурор қабылдайды.

45. Аумақтық прокуратура органдары мен қылмыстық қудалау органдарының басшылары тергеуді ұйымдастыруда, тергеу тобын қызметтік үй-жайлармен, автокөлікпен, ұйымдастыру техникасымен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етуде жан-жақты көмек көрсетеді.

6. Артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдарға қатысты қылмыстық істерді тергеу ерекшеліктері

46. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдарға қатысты қылмыстық істерді тергеуді орындау ҚІЖК 53-тарауындағы көрсетілген талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

47. Онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар жасаған қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамды қылмыстық қудалау органына мәжбүрлеп келтіру, қылмыстық жауапқа тарту, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қылмыстық істер бойынша мәселені шешу алдында, арнайы прокурор, Қазақстан Республикасының Президентіне немесе басқа уәкілетті органға оларды қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтіруге келісім беру туралы ұсыныс енгізу үшін Бас Прокурорға өтініш жолдайды.

Өтініште қылмыстық істі тергеу барысында аталған адамның дәлелденген кінәсі туралы жинақталған барлық деректер келтірілуі тиіс.

Сонымен қатар аталған санаттағы істер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің немесе уәкілетті органның келісімі мынандай жағдайларда қажет емес;

а) ауыр және ерекше ауыр қылмыстар бойынша;

б) қылмыс жасаған жерінде ұсталынған жағдайда;

в) ауыр және ерекше ауыр қылмыстармен бірге қоса жасалынған онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша;

г) егер қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті барлар қылмысты сол лауазымда жүріп жасап, оның уәкілеттіктері қылмыстық істі қозғау уақытында жойылған болса.

48. Көрсетілген адамдарға қатысты қылмыстық істі қозғағаннан кейін оларға ауыр және ерекше ауыр қылмыстарды жасау туралы айып тағылып, одан әрі карай олардың әрекеттері жеңілдетілген қылмыстарға қайта дәрежеленген жағдайда, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға Қазақстан Республикасы Президентінің келісімін алу міндетті болып табылады.

Мұндай жағдайда арнайы прокурор айыптыға қатысты қылмыстық қудалауды ішінара қысқарту және оның әрекеттерін ҚК жеңілдетілген бабы бойынша қайта дәрежелеу туралы қаулы шығарады.

Айып тағудан бұрын арнайы прокурор, Бас Прокурорға Қазақстан Республикасы Президентіне немесе басқа уәкілетті органға ҚК осы бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім беру туралы ұсыныс енгізу үшін, өтініш жолдайды.

49. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдарға қатысты тергелетін қылмыстық іс шеңберінде жүзеге асырылатын тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын санкциялау тек Бас Прокурормен орындалады. Қалған жағдайларда санкцияны тиісті прокурор өзінің құзырет шеңберінде бере алады.

7. Арнайы прокурорлармен тергелетін істер бойынша статистикалық есептілік

50. Қылмыстық істі қозғағанда және оны өзінің өндірісіне тікелей немесе тергеу тобына жетекшілік жасай жүріп қабылдағанда арнайы прокурор, прокуратура органдарының статистикалық есептілікке енгізілетін керекті ақпараттық есепке алу құжаттарын (бұдан әрі - статистикалық карточкалар) толтырады.

51. Қылмыстық қудалау органынан қылмыстық істі алып арнайы прокурор оны өндірісіне тікелей тергеу үшін қабылдағанда, қылмыстық істің жылжуы туралы статистикалық карточкалар аталған қылмыстық қудалау органынан тергелу реті бойынша берілген деп толтырылады. Қылмыстық істің әрі қарай жылжуы туралы статистикалық карточкалар арнайы прокурормен қойылады және прокуратура органдарының статистикалық есептілігіне енгізіледі.

52. Қылмыстық қудалау органынан қылмыстық істі алған және оны ҚІЖК 198-бабының 3-бөлігіне сәйкес құралған тергеу тобының өндірісіне қабылдаған жағдайда, істің жылжуы туралы статистикалық карточкаларды іс алынғанға дейін өндірісінде тергелген қылмыстық қудалау органының есебінде деп толтырылады және олардың статистикалық есептілігінде деп саналады.

53. Тергеу қызметінің статистикалық есептілігі Бас Прокурордың бекіткен ұсыну нысандары мен мерзімдеріне сәйкес рәсімделеді.

Өзінің қызмет міндеттерін орындағанда арнайы прокурор:

Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Прокурорлық этика Кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтауға;

өзінің қызмет міндеттерін орындауға адал көзқараспен қарап, кызмет нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету жолымен прокуратура органдарының мәртебесін арттыру бойынша жұмысты тұрақты өткізуге;

заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға жағдай жасауға міндетті.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание