• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығы

Осы редакция 01.08.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерлету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында қаулы етемін: 
1. 2008 жылдан бастап жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын белгіленсін. 
2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия құрылсын. 
3. Қоса беріліп отырған: 
1) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелері; 
2) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін. 
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 
5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Президенті
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2008 жылғы 23 қаңтардағы
 N 523 Жарлығымен
 бекітілген
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі 
 "Парыз" конкурсын өткізудің ережелері 1. Жалпы ережелер 
1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы (бұдан әрі - конкурс) халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. 
Конкурсты өткізудің мақсаттары: 
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру; 
2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату. 
Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 16.07.2010 № 1029 Жарлығымен (16.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
2. Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай:
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Президентінің 22.07.2011 № 123 Жарлығымен. (16.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс. 
Бағдарламалар мен олардың жобаларына үміткерлер дербес және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді. 
Әлеуметтік жауапкершілік бәсекеге қабілеттілікті арттыруға тиіс.
2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі 
 жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің тәртібі 
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, "Атамекен" одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы - конкурстың ұйымдастырушылары (бұдан әрі - ұйымдастырушылар) болып табылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 16.07.2010 1029 Жарлығымен (16.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2011 бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Конкурстың лауреаты атағына үміткерлер материалдарды осы ережелерге сәйкес рәсімдейді және ұйымдастырушыларға ұсынады.
6. Үміткерлерге қойылатын талаптар: 
1) Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыру; 
2) әлеуметтік және қайырымдылық қызмет саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталмауға тиіс.
7. Ұйымдастырушылар: 
1) барлық үміткерлер үшін тең шарттарды; 
2) коммерциялық құпияны білдіретін ақпараттың құпиялылығын; 
3) оларды ресми түрде жариялайтын күннен бұрын конкурстың нәтижелері туралы мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз етеді.
8. Конкурсты өткізу мерзімдері: 
қаңтар - конкурстың басталуы туралы хабарлау; 
жыл сайын 1 желтоқсанға дейін - өтінімдер қабылдау. 
желтоқсан - қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.
9. Материалдар қарау үшін конкурс ұйымдастырушыларына қағаз және электронды жеткізгіштерде ұсынылады.
10. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада ұсынады, оларда: 
1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім; 
2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады; 
Үміткердің есебінде: 
заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; 
ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат; 
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.
10-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 16.07.2010 № 1029 Жарлығымен (16.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
11. Үміткердің мүмкіндіктері мен қызмет нәтижелерін сипаттайтын өлшемдерді конкурсты ұйымдастырушылар айқындайды.
12. Ұйымдастырушылар үміткерлердің материалдарын Комиссияның қарауына ұсынады.