• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 304 қаулысы

Осы редакция 31.07.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
« Тұқым шаруашылығы туралы » 2003 жылғы 8 ақпандағы және « Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы » 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған:
1) Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары ;
2) жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiнiң аналықтарын отырғызуға берiлетiн бюджеттiк субсидиялардың нормативтерi ;
3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына берілетін бюджеттік субсидиялардың нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 304 қаулысымен
бекітілген
Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және 082 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде, ал келесі қаржы жылдары тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген қаражат есебінен және шегінде тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін субсидияларды беру тәртібін айқындайды.
2. Бюджеттік субсидиялар:
1) элиталық тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі – элиттұқымшар) шет елдерден нақты сатып алған жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының бірегей тұқымдарының шығындарын ішінара өтеуге;
2) бірегей тұқым өндірушілердің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарын толық өтеуге;
3) тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі – тұқымшарлар) және тұқым тұтынушыларының жүгері, күнбағыс, күріш, қант қызылшасы, мақта тұқымынан және жеміс-жидек дақылдары мен жүзім екпелерінен басқа, нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымы (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) үшін шығындарын ішінара өтеуге арналған. Егер тұқымшар сонымен қатар элиттұқымшар болса және бірінші репродукциялы тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда, тұқымшардың шығындарын ішінара өтеу бірінші көбейтілген тұқымды өндірудің жоспардағы көлемін қамтамасыз ету үшін элиталық тұқымның ғылыми негізделген қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі;
4) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымының және жеміс дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің (бұдан әрі – элиталық көшеттер) құнын ішінара арзандатуға арналады. Мақтаның элиталық тұқымының құнын ішінара арзандату кезінде 1 тоннаға субсидиялар мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бюджеттік бағдарламаны төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі – төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары) және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.
4. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін тұқымның әрбір түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген шетелдік сорттардың бірегей тұқымдарының нақты сатып алынған көлемі үшін төленеді.
5. Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған бірегей тұқым өндірушілерге жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету бойынша нақты орындалған іс-шаралар үшін төленеді.
6. Әрбір бірегей тұқым өндіруші үшін жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету алқабын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – облыстың жергілікті атқарушы органы) өтінімдерін ескере отырып, Министрлік көп жылдық екпелер алқабына келетін телітушілерге қажеттіліктің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес белгілейді.
7. Осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған тұқымшарларға және тұқым тұтынушыларына әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін тұқымның әрбір түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген сорттардың элиталық тұқымының нарықтық құны бойынша нақты сатып алынған көлемі үшін дақылдардың түріне байланысты төленеді.
8. Осы Қағидалардың 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін тұқымдар мен көшеттердің әрбір түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген жүгері, күнбағыс, күріш, қант қызылшасы элиталық тұқымдарының және көшеттер сорттарының арзандатылған құны бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге нақты сатылған көлемі үшін дақылдардың түріне байланысты төленеді.
9. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге мақтаның элиталық тұқымының арзандатылған құны бойынша нақты сатылған көлемi үшiн бюджеттiк субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарлар мен тұқым өткiзушiлерге төленедi.
10. Элиттұқымшарлар және тұқым өткізушілер жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қан қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымдарын және көшеттерін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Министрліктің бұйрығымен белгіленген шекті бағадан аспайтын баға бойынша өткізеді.
11. Әрбір элиталық тұқымның түрі бойынша әрбір тұқым шаруашылығына және тұқым тұтынушысына, жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның әрбір элиталық тұқымының және көшеттердің әрбір түрі бойынша әрбір элиттұқымшар үшін квоталарды белгіленген тәртіппен облыстардың жергілікті атқарушы органдары белгілейді.
12. Квоталардың белгіленген көлемінің орындалу барысын және бюджет қаражатын игерудің уақтылығын бақылау үшін облыстың жергілікті атқарушы органы Министрлікке ағымдағы жылдың 30 шілдесінен кешіктірмейтін мерзімде нақты қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелерін көрсетіп, бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы аралық есепті, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей береді.
Квоталардың белгіленген көлемі орындалмаған жағдайда дақылдар бөлінісінде республиканың облыстары үшін квоталарды қайта бөлуді Министрлік белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Егер квоталардың белгіленген көлемінің орындалмауы бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлуге әкелген жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
13. Элиттұқымшарлар элиталық тұқымдарды (жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның тұқымынан басқа) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге нарықтық бағамен сатады.
2. Ведомствоаралық комиссия құру тәртібі
14. Әрбір тұқымшар және тұқым тұтынушы үшін элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша субсидиялар сомасын айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – ауданның жергілікті атқарушы органы) шешімімен құрамына аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қала) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың қызметкерлері кіретін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) құрылады.
Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
Бөлiм Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін екі күн ішінде тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылардан құжаттар қабылдау мерзiмiн көрсете отырып, 082 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұқым шаруашылығын қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтiнiмдердi қабылдау басталғаны туралы хабарландырудың, ВАК-тың жұмыс тәртiбiнің облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының интернет-ресурстарында және жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етедi.
3. Шет елдерден нақты сатып алынған жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының бірегей тұқымдары үшін аттестатталған элиттұқымшарлар шығындарын ішінара және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды толық өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі
15. Шет елдерден нақты сатып алынған жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының бірегей тұқымдары үшін элиттұқымшарлар шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар алу үшін:
1) элиттұқымшарлар есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне дейін, бірақ тиісті жылдың 10 қарашасынан кешіктірмей облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды:
элиттұқымшардың ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын нақты сатып алу көлемі жөніндегі тізілімді;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын кіріске алу актілерін;
бірегей тұқымдардың сорттық және егістік сапасын растайтын ілеспе құжаттар;
тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы зертхананың (бұдан әрі – тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана) тексерілген тұқымның саны және сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын ұсынады;
2) облыстың жергілікті атқарушы органы үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, элиттұқымшардың нақты сатып алған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемі бойынша тізілімді бекітеді, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының нақты сатып алынған көлемі бойынша жиынтық тізілім жасайды және белгіленген бюджеттік субсидиялар нормативтерінің негізінде элиттұқымшарларға төленуі тиіс қаражаттың көлемін айқындайды.
16. Элиттұқымшардың нақты сатып алған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемі бойынша тізілімнің, облыс бойынша нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемі бойынша жиынтық тізілімнің, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын кіріске алу актісінің, тексерілген тұқымдардың саны мен сапасы туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана анықтамасының нысандарын Министрлік белгілейді.
17. Облыстың жергілікті атқарушы органы үш жұмыс күні ішінде элиттұқымшар ұсынған растаушы құжаттар негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының шет елдерден нақты сатып алынған бірегей тұқымдары үшін аттестатталған элиттұқымшарларға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.