Р/н № | Құрылымдық элемент атауы | Қолданыстағы редакция | Ұсынылып отырған редакция | Негіздеме |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-I Заңына |
1 | 1-баптың 2) тармақшасы
| 2) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер - импорттық отырғызылатын және тұқымдық материалдағы карантинді объектілердің және басқа да ерекше қауіпті зиянды организмдердің жасырын жұғуын анықтау үшін арнайы жабдықталған көшеттіктер; | алынып тасталсын | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер карантині мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1547 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспарының 29-тармағына сәйкес әзірленді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 980 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылды, оған сәйкес өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы негізгі іс-шаралардың бірі фитосанитариялық тәуекелге міндетті талдау жүргізу болып табылады. Бүгінгі күні республикада фитосанитариялық тәуекелді талдау тапсырыс бойынша жүзеге асырылады, тұрақты жүйелі зерттеулер жүргізілмейді, фитосанитариялық тәуекелді талдауды заңнамалық қамтамасыз ету де жоқ. Осыған байланысты, фитосанитариялық тәуекелді жүйелі талдауды жүргізу және тиісті функциялар беру үшін заң жобасымен өсімдік карантині саласындағы үш мемлекеттік мекемені (Республикалық карантиндік зертхана, Республикалық интродукциялық-карантиндік питомнигі, Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомнигі) бір республикалық мемлекеттік мекемеге біріктіру көзделген. Фитосанитариялық тәуекелді талдауды жүргізу карантиндік зиянды организмдердің тізбесін және карантиндік іс шаралар жүргізу қағидаларын жасау және жаңарту үшін негіз болып табылады. Республика аумағына басқа елдерден келіп түсетін өнімнің әрбір түрі бойынша фитосанитариялық тәуекелді талдау нәтижесінде алынған деректердің бар болуы кезінде карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы өтуі жеңілдейді, бұл карантинге жатқызылған өнімді шекарада тексеріп қарау рәсімін оңтайландырады және жеделдетеді, сондай-ақ, тексеріп қарауды жүргізу кезінде жемқорлық көріністерінің азаюына әкеледі. Қазақстанда фитосанитариялық тәуекелді талдауды жүргізу жөніндегі аталған мемлекеттік мекемені құру көрсетілген салада халықаралық талаптарға сәйкес болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету мемлекеттік мекемелерді біріктіру және жаңа құрылынатын республикалық мемлекеттік мекемеге фитосанитариялық тәуекелді талдауды жүргізуге арналған қажетті міндеттерді үлестіру үшін жұмыстар жүргізу көзделгенін айту қажет. Бұдан басқа, заң жобасының нормалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның пестицидтердің запасын жасау тәртібін әзірлеу және бекітудегі құзыретін кеңейтуді көздейді. Заң жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды. Жоғарыда айтылганның негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер карантині мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізеді. |
2 | жаңа 1-баптың 2-1) тармақшасы
| жоқ | 2-1) өсімдіктер карантині және фитосанитариялық тәуекел талдау жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – өсімдіктер карантині және фитосанитариялық тәуекел саласында зерттеулер жүргізуге Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ұйым; | Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру |
3 | жаңа 1-баптың 2-2) тармақшасы
| жоқ | 2-2) фитосанитариялық тәуекелді талдау – карантиндік объектілердің (карантиндік зиянды организдердің) енуі, тамырлануы немесе таралуы бойынша тәуекелдің басталу ықтималдығын және тиісті фитосанитариялық шараларды қабылдау қажеттілігін айқындау мақсатында биологиялық, ғылыми және экономикалық деректерді талдау процесі; | Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру |
4 | жаңа 1-баптың 2-3) тармақшасы
| жоқ | 2-3) өсімдіктер карантині саласындағы зерттеу – кейіннен фитосанитариялық тәуекел талдауын жасау үшін карантинге жатқызылған өнімді зертханалық сараптау және талдау. | Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру |
5 | 6-баптың 3-тармағы
| 3. өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер : республикалық , аймақтық карантиндік зертханалар және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар; жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер; республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы; | 3) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер : уәкілетті ұйым; республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы; | Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру. Нақтылайтын редакция. |
6 | 7-баптың 1-тармағының 6-3 ) тарма қ шасы
| жоқ | 6-3) өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын құру тәртібін әзірлейді және бекітеді. | «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының сәйкес уәкiлеттi органның құзыретiне пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын құрудың функциясы кіреді.
|
7 | 7- баптың 24) тармақшасы | 24) жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктерде импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантиндi объектiлерден және бөтен тектi түрлерден жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды; | 24) уәкілетті ұйымда импорттық себу және отырғызу материалдарының карантиндi объектiлермен және бөтен тектi түрлермен жасырын залалдануын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды; | Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру. Нақтылайтын редакция. |
8
| 7-1-баптың
| 1. Республикалық , аймақтық карантиндік зертханалар және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жанындағы зертханалар зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайды№ 2. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтайды және олардың таралу шекараларын айқындайды. | 7-1-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелердің функциялары 1. Уәкілетті ұйым және оның филиалдары мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындау; 2) тексеруге келіп түсетін импорттық себу және отырғызу материалдардағы жасырын залалдануды анықтау; 3) карантинді объектілердің және аса қауіпті ерекше зиянды организмдердің фитосанитариялық тәуекеліне тұрақты талдауды жүзеге асыру; 4) Қазақстан Республикасы аумағына әкелінген карантинге жатқызылған өнiмдердің фитосанитариялық тәуекеліне тұрақты талдауды жүзеге асыру; 5) Қазақстан Республикасында және басқа мемлекеттерде карантиндi объектiлердiң болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы деректерді базаға ұсыну; 6) әкелінетін карантинге жатқызылған өнiмдерге қойылатын фитосанитариялық талаптарды әзірлеу кезінде әдістемелік көмек көрсету; 7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында , Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 2. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтайды және олардың таралу шекараларын айқындайды. | Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру.
|
9 | 13-бабы 5-тармағының 3 бөлімі | Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының болуын анықтайды, көлiкке, карантинге жатқызылған өнiмге сыртқы тексеріп қарауды жүргiзедi, карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiк ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер Республикалық карантиндiк зертханаға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi. | Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының болуын анықтайды, көлiкке, карантинге жатқызылған өнiмге сыртқы тексеріп қарауды жүргiзедi, карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiк ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер уәкілетті ұйымға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi. | Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру.
|
10
| 13-бабы 5-тармағының 6 бөлімі | Ерекше ғылыми немесе өзге де құндылығы бар карантиндi объектiлер залалдаған тұқымдар мен отырғызылатын материал солардың иелерiнiң өтiнiштерi бойынша жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктерге зерттеу үшiн берiлуi мүмкiн. Карантиндi объектiлерден залалдануы жойылғаннан кейiн тұқымдар мен отырғызылатын материал иесiне қайтарылады. | Ерекше ғылыми немесе өзге де құндылығы бар карантиндi объектiлер залалдаған тұқымдар мен отырғызылатын материал солардың иелерiнiң өтiнiштерi бойынша уәкілетті ұйымға зерттеу үшiн беріледі. Карантиндi объектiлерден залалдануы жойылғаннан кейiн тұқымдар мен отырғызылатын материал иесiне қайтарылады.
| Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру.
|
11 | 13-1 баптың 2-тармағының 1 бөлімі
| 2.Зерттеу нәтижелерi, сондай-ақ бұл ретте, анықталған зиянкестер, өсiмдiк ауруларының қоздырғыштары мен арамшөптер осы объектiлердiң карантиндiк түрлерге тиiстiлiгiн айқындау және растау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға жiберiледi. Объектiлер анықталмаған жағдайда өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантиндiк түрлерге тиiстiлiгiн растау үшiн оларды республикалық карантиндiк зертханаға жiбередi. | 2.Зерттеу нәтижелерi, сондай-ақ бұл ретте, анықталған зиянкестер, өсiмдiк ауруларының қоздырғыштары мен арамшөптер осы объектiлердiң карантиндiк түрлерге тиiстiлiгiн айқындау және растау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға жiберiледi. Объектiлер анықталмаған жағдайда өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантиндiк түрлерге тиiстiлiгiн растау үшiн оларды уәкілетті ұйымға жiбередi. | Осы Заң жобаның 1-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацына сәйкестендіруге келтіру.
|
12 | 18-бап
| 1. Карантиндiк зиянкестер, өсiмдiктер аурулары мен арамшөптер тiзбесiне сәйкес карантиндi объектiлердi оқшаулау мен жою жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады. 2. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілерде, сондай-ақ жер учаскелерінде өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүргізу уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің өздеріне берілген өкілеттік шегіндегі нұсқамалары бойынша меншік иелері мен жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
| 1. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілер мен жер учаскелеріндегі карантиндi арамшөптерді қоспағанда, карантиндiк зиянкестерді, өсiмдiктер аурулары мен карантинді арамшөптерді оқшаулау мен жою жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру Карантиндiк зиянкестер, өсiмдiктер аурулары мен арамшөптер тізбесіне сәйкес бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 2. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілер мен жер учаскелеріндегі карантиндiк зиянкестерді, өсiмдiктер аурулары мен карантинді арамшөптерді оқшаулау мен жою жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру меншік иелері мен жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 3. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілерде, сондай-ақ жер учаскелерінде өсімдіктер карантині бойынша өзге де іс-шараларды (залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру және тазарту) жүргізу меншік иелері мен жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.». | Өсiмдiктер карантині жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру нақтылау мақсатында, атап өткенде карантиндiк объектілерге қарсы химиялық өндеуді жүргізу. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында гербицидтерді субсидиялау қарастырылған, шығындардын iшiнара өтеу жүзеге асырылады, бұдан басқа жеке және заңды тұлғаларға пестицидтерді қолдануда оңтайлы мерзімдерін, түрлерін және өндеу тәсілдерін тандауға мүмкіндік береді |
Комментарий успешно добавлен