| Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығына және «Тұрақты дамуға арналған табиғат пайдаланушылардың қазақстандық ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігіне 2014 жылы 22 маусымда хатпен жіберілген. Қағида жобасында пайдалынылатын «Үйлестіруші», «Тәлімгер», «Квазимемлекеттік сектор субъектілері», сөздерінің ұғымдарына қатысты. Берілген ұғымдар тиісті орталық, жергілікті атқару органдары және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жауапты лауазымды тұлғаларға функционалды бекіту үшін қажет. Берілген тұлғалар өздерінің мемлекеттік органдарында және мекемелерінде инвестициялық басым жобаларды алып жүруге жауапты. Сонымен қатар, берілген тұлғалар инвестордың өтінішінің және уәкілеті органның қолдаухатының уақытылы қаралуына жауапты болады, артық әкімшілік бөгеулерді азайтуына ықпал етеді. Қағида жобасының 2-тарауына сәйкес Қағида жобасының 2-тарауында уәкілетті органда үйлестірушіні, орталық және жергілікті атқару органдарында тәлімгерді квазимемлекеттік сектор субъектілерінде үйлестірушіні тағайындау тәртібін орнатады. Берілген тәртіпсіз үйлестірушімен тәлімгердің тағайындау тәртібін анықтау мүмкін емес. Қағида жобасының 3 және 4-тарауындағы ресми түрдегі нормаларына қатысты 3-тарауда уәкілетті органмен инвестициялық жобаны алып жүру кезінде жасалынатын іс-шара көрсетілген. 4-тарау өз ретінде, уәкілетті органмен орталық және жергілікті атқару органдарының арасында өзара әрекетінің тәртібін регламенттейді. Осы себептен жобаны әзірлеуші Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі мемлекеттік органы ескертулерді қабылдамайды |
Комментарий успешно добавлен