«Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Өзге НҚА-дің жобалары от 2014-09-08г./null
«Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
«Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы
«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидалары бекітілсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2014 жылдың 20 қазанынан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы « » № қаулысымен бекітілген
Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидалары
1. Жалпы қағидалар
Осы Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу тәртібін анықтайды.
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айрықша мақсаттағы автомобиль – қорғалатын тұлғаларды тасымалдау және (немесе) еріп жүруге арналған көлік құралы;
2) әскери колоннасы – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік, Қарулы күштер, басқа әскери және оларды қалыптастыратын әскери органдарының үш және одан көп механикалық көліктік құралдарының тобы. Олар әскери тасымалдауларды орындайды және бір қозғалыс жолағымен бірінің артынан бірі әрдайым фараларын жағып, көгілдір түсті жарқылдайтын шамшырақтарымен немесе көк және қызыл түсті шамшырақтарымен басты көлік құралының еріп жүруімен жүзеге асырылады;
3) жол – көлiк құралдарының жүруі үшін жайластырылған немесе ыңғайластырылған және пайдаланылатын жердің барлық бөлінген жолағы не жасанды құрылыстың үстi. Жол бiр немесе бiрнеше жүру бөлiктерiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және олар болған кезде бөлу жолақтарын қамтиды;
4) жол жүрісі – жолдар шегінде адамдар мен жүктердi көлiк құралдары арқылы немесе оларсыз тасымалдау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;
5) жол жүрісі қауiпсiздiгi – қатысушыларының жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан, сондай-ақ жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерінен қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi;
6) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жол-көлік оқиғаларын, жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерін болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға, сондай-ақ осындай зардаптарды жоюға бағытталған қызмет;
7) жол жүрiсiн ұйымдастыру – жол жүрiсін басқару жөніндегі ұйымдық-құқықтық, нормативтік-әдістемелік, жобалау-іздестіру, ұйымдық-техникалық, бақылау-қадағалау, өкімдік және басқа да іс-шаралар кешенi;
8) жол жүрісіне қатысушы – жол қозғалысы процесінде жаяу жүргінші, жолаушы немесе көлік жүргізушісі ретінде қатысатын тұлға;
9) жол иелері – жолдың меншік иелері болып табылатын немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында жолдарды басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
10) жол-көлiк оқиғасы (бұдан әрі - ЖКО) – көлiк құралының жолда жүруі процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға;
11) көлік құралы – адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты жолдармен тасымалдауға арналған құрылғы.
3. Жолдарда немесе жекелеген жол учаскелерінде жол жүрісін уақытша шектеу немесе оған тыйым салу, оны ұйымдастыруды өзгерту келесі жағдайларда енгізіледі:
1) жол жүрісі қауіпсіздігіне, оның ішінде жеке адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төнген;
2) жолдардың сақталуына қатер төнген;
3) ЖКО;
4) атмосфералық ауа химиялық және өзге де заттар концентраттарының жол берілетін шекті нормативтерінен артық ластанған;
5) дүлей зілзалалар, қолайсыз жол-климат жағдайлары;
6) бұқаралық, спорттық және өзге де іс-шаралар өткізгенде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жүруі үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында не көлік құралдарын пайдалану жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндірген;
7) егер теміржол өтпелері жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сай келмеген;
8) жолдарда жөндеу-құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізілген;
9) терроризмге қарсы операциялар және (немесе) күзет іс-шаралары жүргізілген;
10) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың зардаптарын алдын алу және (немесе) ескерту жөніндегі іс-шаралар жүргізілген;
12) мыналар:
жолдардың нормативтік өткізу қабілетін қамтамасыз ету мақсатында ақылы қолжетімділікті қамтамасыз ету;
белгіленген уақытта көлік құралдарының белгілі бір санаттарының кіруіне шектеу қою немесе тыйым салу;
жүк және транзиттік көлік құралдарының жүруін шектеу арқылы нормативтен артық жүктеме болған;
13) мынадай:
айрықша мақсаттағы автомобильдермен ілесіп жүрген кезде;
ұйымдастырылған автобус колонналарының;
әскери колонналардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүргізілген жағдайларда енгізіледі.
Жолдарда көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу тәртібі
4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде жолдарда көлік құралдарының жүруіне уақытша тыйым салу немесе оған уақытша шектеу енгізу туралы шешімді жол иелері уәкілетті органдармен бірлесе отырып, өз құзыреті шегінде қабылдайды.
5. Жол иелері осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде бұл туралы жол жүрісіне қатысушыларға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлай отырып, жолдарда немесе жекелеген жол учаскелерінде жол жүрісін уақытша шектеу немесе оған тыйым салу, оны ұйымдастыруды өзгерту жөнінде шұғыл шаралар қолданады.
6. Осы Қағидалардың 3-тармағында қарастырылған жағдай туындаған кезде, жол иелері хабарламаларды қабылдау мен тіркеу, жолдар немесе жолдардың жекелеген учаскелері бойынша көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу туралы жол жүрісіне қатысушыларына және жолдарда посттар мен белгілер қоюмен айналысатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) аумақтық бөлімшелеріне хабарлауды қамтамасыз етеді.
7. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 4), 5) және 11) тармақшаларымен қарастырылған жағдайлар туындаған кезде, келесі іс-шаралар жүргізіледі:
1) жол иелері ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жолдар немесе жолдардың жекелеген учаскелері бойынша көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу туралы шешім қабылдайды;
2) жол иелері Ішкі істер, қоршаған орта мен су ресурстары министрліктерімен бірлесіп, автобекеттердің, көліктік ұйымдардың кезекшілік-диспетчерлік қызметтеріне, сонымен қатар көрші облыстардың ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелеріне және шекаралас мемлекеттердің төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік органдарға, олардың салдарды алдын-алу және жою бойынша оперативтік шаралар қолдану үшін және көмек көрсету үшін хабарлайды;
3) Ішкі істер, қоршаған орта мен су ресурстары министрліктері жол иелерімен бірлесіп көлік құралдарының қауіпсіз және кедергісіз жүріп өтуін қамтамасыз етеді.
8. Осы Қағидалардың 3-тармағының 3), 7) тармақшаларымен және 13) тармақшасында үшінші және төртінші абзацтарында қарастырылған жағдайлар туындаған кезде, келесі іс-шаралар жүргізіледі:
1) жол иелері ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп барлық байланыс құралдарының түрімен хабарлаумен жолдар немесе жолдардың жекелеген учаскелері бойынша көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу туралы шешім қабылдайды;
2) жол иелері оқиға болған жерге авариялық-құтқару, өрт сөндіру және медициналық қызметтердің көліктік құралдарының кедергісіз жүріп өтуін қамтамасыз етеді.
9. Осы Қағидалардың 3-тармағының 6) тармақшасымен қарастырылған жағдайлар туындаған кезде, келесі іс-шаралар жүргізіледі:
1) шараларды өткізуге жауапты мемлекеттік орган шараны өткізу күніне дейін үш күн бұрын жол иелеріне және ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелеріне хабарлайды;
2) жол иелері мен ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелері шараларды өткізуге жауапты мемлекеттік орган орын ауыстыру және шараларды өткізу мерзімі туралы сәйкес схемаларды ұсынған кезде жазбаша түрде келіседі.
10. Осы Қағидалардың 3-тармағының 8) тармақшасымен қарастырылған жағдайлар туындаған кезде, жол иелерімен келесі іс-шаралар жүргізіледі:
1) ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, жолдар немесе жолдардың жекелеген учаскелері бойынша көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу туралы шешімдер;
2) ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелерімен келісіліп, жол белгілері орнатылуда;
3) уақытша айналмалы жолды құру.
11. Осы Ереженің 3 тармағының 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында қарастырылған жағдайларда, жол қозғалысы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын өкілетті органның лауазымды тұлғалары жол қозғалысына тыйым салуға немесе уақытша шектеу қоюға құқығы бар.
Терроризмге қарсы операцияларын және (немесе) қорғау шараларын өткізу кезінде жолдарда көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қою сәйкес оперативтік штаб басшысының шешімімен іске асырылады.
Айрықша мақсаттағы автомобильдердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында, көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қою Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғау қызметінің және ұлттық қауіпсіздік органдарының шешімімен лауазымды тұлғалармен іске асырылады.
Қорғау іс-шараларын жүргізу барысында арнайы трассаларда және соларға іргелес аймақтар мен акваторияларда жөндеу, құрылыс, монтаж және басқа жұмыстардың барлық түрінің өндірісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғау қызметінің келісімімен жүзеге асырылады. Қорғау іс-шараларын жүргізу мезгілінде арнайы трассаларда жөндеу, құрылыс, монтаж және басқа жұмыстардың барлық түрі тоқтай тұруы мүмкін.
1) жол иелері ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, жолдар немесе жолдардың жекелеген учаскелері бойынша көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу туралы шешім қабылдайды;
2) жол иелері және ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелері автобекеттердің, көліктік ұйымдардың кезекшілік-диспетчерлік қызметтеріне, сонымен қатар көрші облыстардың ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелеріне және шекаралас мемлекеттердің төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік органдарға, олардың салдарды алдын-алу және жою бойынша оперативтік шаралар қолдану үшін және көмек көрсету үшін хабарлайды;
3) құтқару және басқа да жедел жұмыстарды өткізу үшін жол иелері оқиға болған жерге авариялық-құтқару, өрт сөндіру және медициналық қызметтердің көліктік құралдарының кедергісіз жүріп өтуін қамтамасыз етеді;
4) 2008 жылғы 27 наурыздағы № 294 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Автомобиль жолдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентіне сәйкес жол иелері жолдарды күтіп ұстау бойынша жұмыстарды өткізуде.
13. Осы Қағидалардың 3-тармағының 12) тармақшасымен қарастырылған жағдай туындаған кезде, жол иелері жолдар немесе жолдардың жекелеген учаскелері бойынша көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу туралы шешім қабылдайды және жол қозғалысына қатысушыларға шектеу мерзімін көрсетумен хабарлауды қамтамасыз етеді.
14. шекаралық кеңістік шегіндегі шекаралық іздеулерді және операцияларды, өзге де іздеу әрекеттерін өткізу кезінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызметі шаралар өткізу уақытында бақылау бекеттерін орнатады.
15. Көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу туралы ақпаратты жол қозғалысына қатысушыларға хабарлау халыққа өміріне, денсаулығына қауіп төніп тұрғандығы туралы және табиғи және техногенді сипаты бар төтенше жағдайлар кезінде орын алған жағдайда әрекет ету тәртібі туралы хабарлау үшін телерадиохабарлау желілерін пайдалану қағидаларына сәйкес, сонымен қатар 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1112 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген қорғау, ұлттық қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау мүддесінде өткізіледі.
16. Осы Қағидалардың 3 тармағымен қарастырылған жағдайларды болдыртпау бойынша жою және өткізілген шаралардан кейін және ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелерінен алынған мағлұматтарды сараптау мен бағалау негізінде, жол иелері көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу туралы жедел шешім қабылдайды.
«Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын а түсіндірме жазба
| Р/с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
| 1 | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
| 2 | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | «Жол қозғалысы туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының |
| 3 | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар | Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға соқтырмайды |
| 4 | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді |
| 5 | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі | Жобаның мақсаты мен нәтижесі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүріп өтуін қамтамасыз ету болып табылады. Жоба әлеуметтік, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын алдын алу және (немесе) жою кезінде мемлекеттік органдардың өзара әрекет етуін және жедел шара қолдануын көздеуде. |
| 6 | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | Жоқ |
| 7 | Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі | Талап етілмейді |
| 8 | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері | Жоқ |
| 9 | Өзге де мәліметтер | Жоқ |
| 10 | «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беру рұқсат етіледі | Рұқсат етіледі |
| 11 | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат | Жоба Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www. mid. gov. kz интернет-ресурсында орналастырылған |
| 12 | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) | Баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www. mid. gov. kz интернет-ресурсында орналастырылған |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Е. Сағадиев
2014 жылғы «_____» ___________
(күні)
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен