• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығы

тақырыбы және мәтініне өзгертілді ҚР Президентінің 23.07.2007 № 369 жарлығымен. (23.02.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы редакция 29.08.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
Республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Президентінің 13.03.2012 № 284 Жарлығымен. (26.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының 
Президенті
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2002 жылғы 2 сәуірдегі
 N 839 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
тақырыбы және мәтініне өзгертілді ҚР Президентінің 23.07.2007 № 369 жарлығымен. (23.02.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссияның міндеттері сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылығына қарсы күресті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды талдап-жасау мен қабылдау болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, хатшысы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып табылады.
Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының екі орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша) кіреді.