1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығы
Редакция 31.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан
Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссия туралы ереже;
2) Комиссия құрамы бекітілсін.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (20.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құқықтық мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайды.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құқық қорғау органындағы лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындау туралы ұсынымдарды қарау және Қазақстан Республикасының Президентіне немесе мемлекеттік органдардың (ведомстволардың) бірінші басшыларына ұсыныстар дайындау;
2) Құқық қорғау органдары басшыларының президенттік резервін
жасақтау болып табылады.
4. Комиссия Тізбеде* көзделген құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындау туралы мәселелерді қарайды.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 09.10.2019 жылғы № 184 Жарлығына сәйкес (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
* Тізбе – «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын және (немесе) онымен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын мемлекеттік саяси қызметшілер, лауазымды және өзге де адамдар лауазымдарының тізбесі.
5. Лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындауды келісу рәсімін өткізу, сондай-ақ Құқық қорғау органдары басшыларының президенттік резервіне қосу үшін Комиссияның жұмыс органына мынадай материалдар жіберіледі:
1) кандидаттың іскерлік және жеке қасиеттері, атқаратын лауазымындағы қызметтік іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері (соңғы үш жылғы серпінде), сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттар мен тәртіп негізінде ақпараттық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылып жиналған балы көрсетілген тиісті мемлекеттік органның (ведомствоның) бірінші басшысының ұсынымы;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.07.2024 жылғы № 608 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) кандидаттың фотосуреті бар анықтама парағы (қызметтік тізім);
3) міндетті арнайы тексерістен өткені туралы мәліметтер.
6. Өзінің негізгі міндеттерін шешу мақсатында Комиссия:
1) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
2) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және тыңдауға;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
7. Комиссия құрамына Комиссияның төрағасы, Комиссия хатшысы және мүшелері кіреді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Комиссия төрағасы:
1) Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Комиссия отырыстарын өткізу орнын, уақытын және форматын айқындайды;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) Комиссия отырыстарында төрағалық етеді;
4) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) Комиссияның мүшелеріне орындау үшін міндетті тапсырмалар береді.
9. Комиссия мүшелері оның жұмыс кестесі мен отырысының күн тәртібі бойынша Комиссия төрағасына ұсыныстар енгізуге құқылы.
10. Егер Комиссияның тізімдік құрамының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, оның отырысы заңды деп саналады.
11. Комиссия отырыстары қажеттігіне қарай тікелей, сырттай қатысу форматында немесе ойлайн-форматта өткізіледі.
11-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 09.10.2019 жылғы № 184 Жарлығымен (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты кадр мәселелерін Комиссия, әдетте, олардың жеке қатысуынсыз қарайды.
13. Комиссия шешімдері отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
13-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 09.10.2019 жылғы № 184 Жарлығымен (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссияның шешімін сырттай дауыс беру тәртібінде қабылдауға Комиссия төрағасының келісімімен жол беріледі.
14. Комиссия шешімдері әрбір адамға қатысты жеке қабылданады.
15. Лауазымға тағайындауға арналған ұсынымдарды қарау туралы отырыстың нәтижелері бойынша Комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) ұсынылған лауазымға тағайындауға ұсынылсын;
2) ұсынылған лауазымға тағайындауға ұсыным беруден бас тартылсын.
16. Құқық қорғау органдары басшыларының президенттік резервіне алуға арналған ұсынуларды қарау туралы отырыстың нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) Президенттік резервке алынсын;
2) Президенттік резервке алудан бас тартылсын.
17. Комиссияның шешімдері оның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
18. Құқық қорғау органдары басшыларының президенттік резервін жасақтаудың осы Ережеде реттелмеген мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен регламенттеледі.
19. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 12.02.2019 жылғы № 838 Жарлығына сәйкес (10.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 29.08.2014 жылғы № 900 Жарлығымен (03.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 158 Жарлығымен (29.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2016 жылғы № 191 Жарлығымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 10.10.2016 жылғы № 357 Жарлығымен (08.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 12.02.2019 жылғы № 838 Жарлығымен (10.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 20.02.2021 жылғы № 515 Жарлығымен (09.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 158 Жарлығымен Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 10.10.2016 жылғы № 357 Жарлығымен (08.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 74 Жарлығымен (12.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) Осы Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, хатшы
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |