Toggle Dropdown
«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының --) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өндеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2014 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi – Министрлік) әзірледі.
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған құжаттарды қабылдау Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрі – Мемкомиссия) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
көрсетілетін қызметті алушының деректерi бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын сынауды және бағалауды өткізу кезiнде – бiр жылға дейiн;
мемлекеттiк сорт сынау деректерi бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын сынауды және бағалауды өткізу кезiнде – үш жылдан кем емес (екi вегетациялық кезең);
қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – құнды шаруашылық белгілер кешені бойынша сортты пайдалануға рұқсат беру туралы Мемкомиссия қорытындысының негізінде шығарылатын, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Мемлекеттiк селекциялық жетiстiктер тiзіліміне сортты енгiзу туралы көрсетілетін қызметті беруші бұйрығының көшiрмесi не Мемкомиссияның сортты одан әрi сынақтан алу негiздемесi бар қағаз тасығыштағы қорытындысы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетiстiктi пайдалануға жіберуге өтiнiш, екі данада;
2) көрсетілетін қызметті алушының деректерi бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын сынауды және бағалауды өткiзу кезiнде – топырақ-климаттық параметрлері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жағдайларына ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сортын сынаудың оң нәтижелерін растайтын құжаттама;
3) селекциялық жетістікті шаруашылықта пайдалылығы тұрғысынан мемлекеттік сынауға беру туралы Ғылыми кеңес отырысының хаттамасынан үзінді (ғылыми ұйымдар үшін) бір данада;
4) селекциялық жетістік сауалнамасы, екі данада (тиісті дақылдарға сәйкес);
5) тиісті тек және түріне арналған нысан бойынша селекциялық жетістіктің сипаттамасы, екі данада;
6) гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктердің және шаруашылықта пайдалану сатысында жақсы дамыған өсімдіктің сорт атауы көрсетілген масштабты сызғышы бар ақ фонда түсірілген суреттері (сурет өлшемі 9 х 12 немесе 13х18);
7) сортқа/буданға технологиялық анықтама;
8) өтінім беруге құқықты растайтын құжат (құқықтық мирасқорлар және делдалдар үшін);
9) генетикалық түрлендірілген объектілердің (жүгері, дәнді бұршақ, майлы, көкөніс дақылдары бойынша) қамтылуына жүргізілген сараптама нәтижелері;
Мемкомиссия кеңсесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыға:
құжаттардың қабылданған күнi мен нөмiрiн;
сұратылатын мемлекеттiк көрсетілетін қызмет түрiн;
құжаттардың саны мен атауларын;
мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу күнiн (уақытын);
құжаттарды қабылдаған Мемкомиссияның жауапты адамының тегiн, атын, әкесiнiң атын (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) көрсете отырып тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы ұсынылған кезде Мемкомиссия көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі ай ішінде құжаттар топтамасына алдын ала сараптама жүргізеді.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемкомиссияның және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану, шағым:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не 010000, Астана қаласы, Оң жақ жағалау, Кенесары көшесі, 36, 301-кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 55-57-63 бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша интернет-ресурста орналасқан көрсетілетін қызметті беруші басшысының блогына;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Мемкомиссия кеңсесіне өтініш беру арқылы не 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8, 17 В блогы, 309-кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 50-26-10 бойынша Мемкомиссия төрағасының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе жазбаша хабарламалардың не басқа құжаттардың көшірмелерімен бірге Мемкомиссияның кеңсесінде қабылданады.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, шағым берілген күні және көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.
Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің және Мемкомиссия кеңсесінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, есепке алу және қарау журналында тіркеледі.
Мемкомиссияның кеңсесіне шағымды тапсырған кезде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.minagri.gov.kz;
2) Мемкомиссияның www.goscomsort.kz. интернет-ресурсында орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы (010000, Астана қаласы, Орынбор көш., 8, 17 В блогы)
Селекциялық жетістікті пайдалануға жіберуге
өтініш
| Өтiнiш берушi(лер) ______________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), заңды тұлғаның атауы және мекенжайы) ______________________________________________________________________ Азаматтығы ____________________________________________________________________________________________________________________________________________ Өтiнiм бойынша хат алмасу мекенжайы ____________________________________________________________________________________________________________________________________________ Телефон__________телефакс___________телекс___________________________
1. Селекциялык жетiстiк оригинаторының атауы және қатысу үлесі %-да
______________________________________________________________________Мекенжайы____________________________________________________________ ______________________________________________________________________ Телефон_______________телефакс __________________ телекс________________
2. Селекциялык жетiстiк оригинаторының атауы және қатысу үлесі %-да ______________________________________________________________________ Мекенжайы____________________________________________________________ Телефон_______________ телефакс__________________телекс _______________ Тек, түр (орысша атауы) ______________________________________________________________________
Тек, түр (латынша атауы) ______________________________________________________________________
Ұсынылып отырған атауы ______________________________________________________________________ Селекциялық нөмiрi ______________________________________________________________________
Автор(лар) (егер автор(лар) өтiнiш берушi(лер) болып табылмаса |
| Тегi | Аты | Әкесiнiң аты | Үйiнiң мекенжайы | Қатысу үлесi, % |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Мендегi (бiздегi) бар ақпарат бойынша басқа авторлары жоқ |
| Алдыңғы өтiнiмдер | Тiркелген | Өтiнiм нөмiрi | Кезеңі | Қандай а тау мен |
| елі | күнi |
| Қорғауды беруге |
|
|
|
|
| Пайдалануға жiберу ге
|
|
|
|
|
| Мен (бiз) бiрiншi өтiнiмде берiлген материал осы сортты бiлдiретiнiн және осы өтiнi мг е сәйкес екендiгiн мәлiмдеймiн(мiз) |
| Оригинатор ұсынып отырған сынақ өткiзу (пайдалану) салалары |
| Мен (бiз) селекциялық жетiстiктi шаруашылыққа пайдалылығы бойынша мемлекеттiк сынақтан өткiзудi өтiнемiн(мiз). Мен (бiз) менде (бiзде) бар мәлiметтер бойынша осы өтiнiмдi қарауға қажеттi және осы өтiнiшке және қосымшаға енгiзiлген ақпарат түпкi және дұрыс екендiгiн мәлiмдеймiн(мiз). Мен (бiз) үлгiлердiң тиiсiнше алынғандығын және сорттың сәйкес іріктелгенін растаймын(мыз).
Мен (бiз) тiркеу сынақтарын және Мемкомиссия мен оның инспектураларының рұқсат қағаздары бойынша шаруашылыққа пайдалылығына сынақ жүргiзу үшiн тұқымның қажеттi мөлшерiн, сондай-ақ сортты сақтауға эталондық үлгiсiн өтеусiз беруге мiндеттенемiн. Өтiнiш берушiнiң (берушілердiң) қолы (қолдары) ______________ ______________
____________________ _________________________ ____________________ _________________________ ____________________ _________________________ ____________________ _________________________ ____________________ _________________________ ____________________ _________________________ Мөр орны ____________________ __________________ |
«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығына анықтама-негіздеме
| №
| Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі
| Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі « Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы » Заңының 10-бабының --) тармақшасы |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 жарлығын жүзеге асыру мақсатында |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 544 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 84 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 1386 қаулысы. |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 239 қаулысы |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме | Көздемейді |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | Жоқ |
| 8 . | Ж еке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін). |
|
Құқықтық қамтамасыз ету департаменті директоры Ә. Жеңісов