| р/с№ | Талаптар | Қажеттілігі жөнінде белгі (иә/жоқ) |
| Шаруашылық және өзге де қызмет субъектілеріне жалпы талаптар |
| 1
| Құқық орнататын құжаттардың болуы: - Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу куәлігі және жарлығы (немесе ереже), (егер субъект бөлімше болса, қосымша бас заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу куәлігі және жарлығы (немесе ереже); - Банктік реквизиті; - Қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензия; -Жерді пайдалануға мемлекеттік акт (-тер), егер жерді пайдалануға мемлекеттік акті болмаған жағдайда; - жалға алу (беру) келісім шарттары; - Кәсіпкерлік субъектісі туралы анықтама; - Кәсіпорынның қауіптілік деңгейін растайтын құжат; - Жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтама; - Баланстағы автокөлік тізімі, соның ішінде жалға алынған (берілген) келісім шартымен қоса. Тексеру кезеңіндегі пайдаланылған автокөлік құралдарына жұмсалған ЖЖМ көлемі (жанармайдың түрін көрсете). |
|
| 2 | - Кәсіпорын басшысына бұйрық, лауазымдық нұсқаулығы; - Қоршаған ортаны қорғау бойынша жауапты тұлғаға бұйрық, лауазымдық нұсқаулығы немесе міндетті жүктеу туралы бұйрық. Бақылау органдарымен қарым-қатынасу және өндірістік экологиялық бақылау жүргізу үшін бұйрық бойынша жауапты қызметкер, арнайы бөлімнің болуы; |
|
| 3 | Шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыруға жобалардың бар болуы (құрылыс жүргізу, жаңғырту, объектілерді монтаждау немесе демонтаждау жұмыс жобалары); нормативті-жобалық құжаттамалар (жол берiлетiн шектi шығарындылар норматитивтерінің жобасы; жол берiлетiн шектi төгінділер норматитивтерінің жобасы; өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыру норматитивтерінің жобасы; жер қойнауын өңдеу және пайдалану жобасы; жер асты суларын өндірістік пайдалану жобасы; барлау-пайдалану скважиналарына бұрғылау жобасы; технологиялық регламенттер; субъект қызметіне қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары); Жер қойнауын пайдалануға келісімшарт, кен орнын өндіруге технологиялық сызбаның жобасы. Жоғарыда аталған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылардың бар болуы. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысындағы талаптар мен ұсынымдарды орындауы. |
|
| 4 | Кәсіпорында пайдалануға берілген құрылыс және басқа да объектілер туралы мәлімет: салынып жатқан объектілерді қабылдау бойынша жұмыс комиссиясының акті және аяқталған құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік акт (жаңғырту, монтаждау немесе демонтаждау); қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органның қатысуымен өткен қабылдау комиссиясының акті бойынша, жоба бойынша қарастырылған барлық экологиялық талаптардың толық көлемде орындалуы . Мердігерлік жұмыстарды орындау бойынша жақтық ұжымдармен жасалынған шарттардың болуы.. |
|
| 5 | Рұқсат құжаттарының болуы: - тексерілетін объектіде барлық эмиссия көздеріне қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың болуы және рұқсатта көрсетілген табиғат пайдаланудың ерекше шарттарының орындалуы; - арнайы су пайдалануға рұқсаттың болуы және рұқсатта көрсетілген шарттардың орындалуы; белгіленген эмиссия нормативтерін сақтау; - парниктік газдар және озон бұзатын заттар шығарындыларының белгіленген көлемдегі квоталарына сертификаттардың болуы; - парниктік газдар және озон бұзатын заттар шығарындыларын түгендеу; - озон бұзатын заттарды шет елден әкелуге және шығаруға лицензиялардың болуы; - табиғи және (немесе) ілеспе газдарды жағуға рұқсаттардың, жер қойнауын пайдаланатын операцияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушыларға ілеспе газдарды қайта өңдеуді дамыту бойынша бағдарламалардың болуы; - жер қойнауын пайдалануға келісім шарттың болуы. |
|
| 6 | Қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғат қорғау іс-шаралар жоспарының болуы және тексерілетін кезеңде жоспарлы және нақты жұмсалған қаражатын көрсете отырып, жоспардың әр бөліміндегі шаралардың орындалуы туралы есеп. Бұрын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуы. |
|
| 7 | Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары және қоршаған орта мониторингінің (ӨЭБ) бар болуы. Өндірістік бақылау және мониторинг орындаушысымен келісім шарт және тексерілетін кезеңде олардың орындалуы бойынша есептер. Қоршаған ортаны қорғау саласында зертханалық-аналитикалық қызметтің болуы, және олардың қызметтері бойынша қорытындылар, немесе шеткі арнайы аккредитеттелген зертханамен келісім шарт, олардың жұмыстарының қорытындысы және талдау. |
|
| 8 | Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар үшін міндетті экологиялық сақтандыру шартының бар болуы. |
|
| 9 | Бухгалтерлік түгендеу және материалдық есеп деректеріне сәйкес өндірістік қызмет бойынша шикізат және нақты жұмсалған материалдар шығыны туралы анықтама (эмиссия көздеріндегіні қоса алғанда). Тексерілетін кезеңде өндірілген эмиссия көлемі есептерінің нақтылығы. |
|
| 10 | Тексерілетін кезеңде су бұру және су пайдаланудың нақты көлемі туралы анықтама. |
|
| 11 | Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексіне сәйкес барлық қызмет бойынша есептерді ұсыну және қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша белгіленген түгендеу құжаттамаларының бар болуы және оларды жүргізу. |
|
| 12 | Өндіріс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жарату (қайта өңдеу) және қабылдау/шығаруға тиісті келісім шарттардың болуы. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген қалдықтарды басқару бағдарламасының бар болуы және оның орындалуы. Сумен жабдықтау және су бұру, жылумен қамтамасыз етуге келісім шарттардың болуы. |
|
| 13 | Тазалау қондырғыларының бар болуы: - Тексерілетін субъектіде сору желдеткіш жүйелері, шаңгазтазартқыштарымен (тозаң түту) жабдықталған аспирациондық жүйе қондырғылары (циклондар, сепараторлар, электр фильтрлері, жең фильтрлері және т.б.) және аталған қондырғылардың паспортары. Аталған жүйелер мен қондырғылар жұмыстарының тиімділігі; - Ағынды және/немесе қабатты суларда тазарту қордырғыларының болуы. - Тазарту қордырғылары жұмыстарының технологиялық регламентін сақтауы |
|
| 14 | Тексерілетін субъектіде су алу скважиналары, канализация жүйелері, сарқынды суларды тазарту қондырғылары, сүзгіш алаңдары, септик, жауын суларына арналған арық жүйелері және т.б. бар болуы. |
|
| 15 | Қолайсыз метерологиялық жағдайлар барысында іс-шара жоспарының болуы, аталған жоспарды орындау бойынша есептің бар болуы. Э кологиялық заңнама бұз ушылығынан , қоршаған ортаның ластануы салдарынан туындаған авариялық жағдайларды жою немесе оқшаулау жөнiндегi iс-қимылдар жоспары ның бар бол уы . Кәсіпорында авариялар және зақымдануларды түгендеу журналының бар болуы. |
|
| 16 | Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы талаптарды сақтау және қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша нақты ақпарат беру. Міндетті немесе жүргізілген бастама экологиялық аудит қорытындысы бойынша экологиялық аудиторлық есептердің бар болуы. |
|
| Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасының экологиялық талаптарын сақтау, оның ішінде: табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптарды сақтау |
| 17 | Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін қондырғылар және басқа объектілер, құрылыс және кәсіпорынды жаңарту кезінде, сонымен қатар көлік құралдарын, қондырғылар және басқа объектілерді, кәсіпорындарды пайдалану және пайдалануға еңгізу кезінде шаруашылық және басқа да объектілерді жобалау барысында экологиялық талаптарды сақтау. |
|
| 18 | Жабдықтар, техника және технологияларды қолдану кезінде экологиялық талаптардың сақталуы, соның ішінде Қазақстан Республикасына ауысатын (шеттен әкелінетін). Автомобиль және басқа көлік құралдарын, кеме жүзетін құралдарды пайдалану кезіндегі талаптарды сақтау. |
|
| 19 | Қоршаған ортаны қорғауға жататын лицензиялық- келісімшарт талаптарын сақтау. |
|
| 20 | Жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптарды сақтау, оның ішінде: алып отырған жер телімдерін ары қарай тағайындалған мақсатта пайдалану үшін қалпында ұстау; өнеркәсіп қорларының пайдалы қазбалар өндірулеріне қарай немесе басқа да бұзушылық үдерістер және жұмыстардан босатылған жерледі ары қарай пайдалану үшін нысаналы тағайындалуына сәйкес қалпына келтіру. |
|
| 21 | Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптардың сақталуы. |
|
| 22 | Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезіндегі авариялық немесе басқа қауіпті жағдайлардың алдын-алу шараларының орындалуы. |
|
| 23 | Пайдалы қазбалар орындарын барлау және қазып шығару кезінде, мұнай операцияларын жүргізу кезінде, табиғи және (немесе) ілеспе газды кәдеге жарату және қайта өңдеу, кері тарту, жағу кезіндегі экологиялық талаптарды сақтау. |
|
| 24 | Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорықтық аймақтағы шаруашылық және басқа да қызметтерді жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптарды сақтау. |
|
| 25 | Суларды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптарды сақтау: - Су объектілерін, соның ішінде жер асты суларын пайдалану кезіндегі талаптарды сақтау; - сарқынды суларды ағызу кезінде талаптарды сақтау; - жер асты суларды пайдалану кезінде талаптарды сақтау. |
|
| 26 | Радиоактивті қалдықтарды көму және сақтау пунктеріне арналған талаптарды, қалдақтарды ұзақ уақыттық сақтау қоймаларына және көму полигондарына арналған талаптарды, өндірістік және тұтыну қалдықтарымен айналысу кезінде, өндірістік және тұтыну қалдықтарына меншік құқығын анықтау кезіндегі экологиялық талаптарды сақтау. Қалдықтарды орналастыру объектлері бойынша кадастрлық іс, қауіпті қалдықтар бойынша есептер, уәкілетті органда тіркелген қалдықтар паспорттары, қалдықтарды түгендеу материалдары. Қалдықтармен айналысу саласы бойынша есеп беру. |
|
| 27 | Құрамында ПХД бар жабдықтарды ұстайтын меншік иелеріне арналған құрамында ПХД бар жабдықтарға есеп тізілімінің болуы, сонымен қатар құрамында ПХД бар жабдықтар және қалдықтар бойынша есеп беру. |
|
| 28 | Радиациялық материалдарды, радиациалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атом энергиясын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптарды сақтау. |
|
| 29 | Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар саласындағы (оның ішінде мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерін пайдалану және ұдайы қалпына келтіру, қорғау, күзету саласында) экологиялық талаптарды сақтау. |
|
| 30 | Жануарлар әлемін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптарды сақтау. |
|
| 31 | Орман және басқа да өсімдіктер әлемін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптарды сақтау. |
|
| 32 | Химиялық және биологиялық заттарды тасымалдау, сақтау, қолдану бойынша бекітілген ережелер мен нормаларды сақтау. |
|
| 33 | Кәсіпорындарды қолдануға еңгізу кезінде, щаруашылық және басқа да қызметтерді жүзеге асыру кезінде атмосфералық ауаны қорғау бойынша, қалдықтарды өртеу және орналастыру, сонымен қатар жердің озон қабаты және климатты қорғау сұрақтары бойынша техникалық регламенттерді, нормативтерді, ережелер және басқа да талаптарды сақтау. Озон бұзушы заттардың және парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыру кезіндегі талаптарды сақтау. Автокөлік шығарындыларына бақылау жүргізу. |
|
| 34 | Құрамында тұрақты органикалық ластанушылар бар қалдықтарды сақтау пунктерінің қоршаған ортаға және тұрғындар денсаулығына тұрақты органикалық ластаушылардың ықпалын алдын алуын қамтамасыз ететін қорғаныш заттарының бар болуы. |
|
| 35 | Өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыратын және ластаушы заттардың төгінділері, стационарлы шығарындылар көздері бар, санитарлы-қорғаныс объектілерінің аймақтарында экологиялық талаптарды сақтау. |
|