Bestprofi Logo

Сараптамалық қорытынды № 10102 от 2014-09-19г./Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

«Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

«Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 10102 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 03 шілдедегі Заңы 7-бабының 21-тармағына сәйкес әзірленген «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйырық жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.

Ұсынылған жоба жеке кәсiпкерлiктің мүдделерiн қозғайтын құқық нормаларын қамтымайтынын ескере отырып, сараптама жүргізу мүмкін емес.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание