Bestprofi Logo

Өзге НҚА-дің жобалары от 2014-09-24г./null

«Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

«Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы

Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін бекiту туралы

«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

Қоса берiлiп отырған Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi бекiтiлсiн.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаменті:

осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін ресми жариялануын;

осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

«Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 240 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңiрлiк даму министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 196/НҚ бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қыркүйекте № 8722 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.

Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы ___________ № ___ бұйрығымен бекітілді

Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi

Осы Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi (бұдан әрi - Өлшемдер) «Тауар биржалары туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және тауар биржаларын түрлi тәуекел дәрежелерiне жатқызу мақсатында әзiрленген.

Осы Өлшемдерде тәуекел деп тауар биржалары қызметiнiң нәтижесiнде биржалық саудаға қатысушыларға мүлiктiк залал келтiру ықтималдылығы түсiндiрiледi.

Тауар биржасын тәуекел дәрежесi бойынша топқа жатқызу бастапқы және кейiнгi бөлу жолымен жүзеге асырылады.

Бастапқы кезеңде жаңадан құрылған тауар биржалары жоғары тәуекел тобына жатқызылады.

Бұдан әрi жүргiзiлген тексерулердiң нәтижесi бойынша тауар биржалары осы Өлшемдердiң қосымшасына сәйкес алған балдар сомасына байланысты тәуекелдер дәрежелерi бойынша бөлiнедi:

61 балл және одан жоғары – тәуекелдiң жоғары дәрежесiне жатады;

31-ден - 60 баллға дейiн – тәуекелдiң орташа дәрежесiне жатады;

0-ден - 30 баллға дейiн – тәуекелдiң елеусiз дәрежесiне жатады.

Жоспарлы тексеру нәтижесi бойынша бұзушылық болмаған жағдайда тауар биржасы тәуекел дәрежесi аз топка ауыстырылады.

Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiне қосымша

р/с

Өлшемдер атаулары

Балдар

1.

Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын жалпы талаптарына жауап беретiн тауар биржасының электрондық сауда жүйесiнiң болмауы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнiң 1-тармағына сәйкес)

30

2.

Құпиялылық (жасырын) режимiн, сондай-ақ тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштердегi мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажеттi құралдармен жарақтандырылған құрылымдық бөлiмшенiң болмауы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнiң 2-тармағына сәйкес)

30

3.

Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен биржа саудасының үлгi ережесi негiзiнде әзiрленген биржа саудасы ережесiнiң болмауы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнiң 3-тармағына сәйкес)

10

4.

Тауар биржасы қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнiң 4-тармағына сәйкес)

20

5.

Сауданы ұйымдастыру жөнiндегi және клиенттермен жұмыс жүргiзу жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелердiң болмауы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнiң 5-тармағына сәйкес)

20

6.

Клирингтiк орталықтың не клирингтiк орталық қызметтерiн пайдалану туралы шарттың болмауы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнiң 6-тармағына сәйкес)

30

7.

Тауар биржасының кемiнде жетi мүшесiнiң болмауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес)

10

8.

Тауар биржасы туралы және оның сауда-саттықтар өткiзу тәртiбi туралы ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттық нәтижелерiн орналастыру үшiн арнайы бөлiмдi қамтитын мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi өз интернет-ресурсының болмауы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнiң 8-тармағына сәйкес)

20

9.

Мына: тауар биржасы мүшелерiнiң бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкiн пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмiлелердi, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсiмдердi тiркегенi және ресiмдегенi үшiн бекiтiлген төлемдер мөлшерiнiң болмауы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекiтiлген Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердiң қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiнiң 9-тармағына сәйкес)

10

10.

Тауар биржасында биржалық төрелiктiң болмауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес)

30

11.

Кепiлдiк беру және сақтандыру қорының болмауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабының сәйкес)

60

12.

Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметтi жүзеге асыруы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес)

60

13.

Тауар биржасы қызметкерлерiнiң биржалық мәмiлелерге қатысуы немесе коммерциялық ақпаратты өз мүдделерiне пайдалануы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес)

60

14.

Биржалық мәмiлелердi тауар биржасының атынан және есебiнен жасау («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес)

60

15.

Тауар биржасының биржалық тауарларға күн сайынғы белгiлеулердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы мiндеттi орындамауы («Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес)

20

16.

Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмдi қаржыландыруды болдырмау мақсатында әзiрленген iшкi бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламасының болмауы («Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес)

20

«Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына анықтама-негіздеме

К ө рсетілуі тиіс м ә ліметтерді ң тізбесі

Мемлекеттік органны ң

а
қ параты

1.

Нормативтік құқ ы қ ты қ актіні ұ сын ға н мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

2.

Нормативтік құқ ы қ ты қ актіні ң тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, нормативтік құқ ы қ ты қ актіні қ абылдау негіздемес і (мемлекеттік органны ң құ зыреті)

«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес 1-тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқ ы қ ты қ актіні қ абылдау қ ажеттігіні ң негіз демес і (на қ ты ма қ саттары, себептері ж ә не акт неге байланысты қ абылданды)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 2014 жылғы 4 шілде №101-р «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы



4.

Осы м ә селе бойынша б ұ рын қ абылдан ғ ан нормативтік құқ ы қ ты қ актілер ж ә не нормативтік құқ ы қ ты қ актіні қ абылдау ғ а байланысты оларды ң ө згергені ж ә не толы қ тырыл ғ аны немесе к ү ші жойылды деп таныл ғ аны туралы м ә ліметтер

«Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 240 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңiрлiк даму министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 196/НҚ бірлескен бұйрығы

5.

Қ аза қ стан Республикасы Ү кiметiні ң 2006 жыл ғ ы 17 тамызда ғ ы № 778 қ аулысымен бекітілген Нормативтiк құқ ы қ ты қ актілерді мемлекеттiк тiркеу қ а ғ идаларыны ң 17-тарма ғ ыны ң талаптарын ескере отырып, оларды ң жойыл ғ аны туралы актілерді ң деректемелерін к ө рсете отырып, осы м ә селе бойынша б ұ рын қ абылдан ғ ан, мемлекеттік тіркеуден бас тартыл ғ ан нормативтік құқ ы қ ты қ актілер туралы м ә ліметтер

Жоқ



6.

Осы нормативтік құқ ы қ ты қ акт республикалы қ немесе жергілікті бюджет тер шы ғ ыстарыны ң ұлғаюын немесе т ү сімдерді ң азаю ын к ө здей ді ме

Талап етпейді

7.

Нормативтік құқ ы қ ты қ актіні м ү дделі мемлекеттік органдармен келісу туралы м ә лімет тер

Талап етпейді

8.

Жеке к ә сіпкерлік субъектілеріні ң м ү дделерін қ оз ғ айтын нормативтік құқ ы қ ты қ актілер жобаларыны ң интернет-ресурстарды қ оса ал ғ анда, б ұқ аралы қ а қ парат құ ралдарында,жариялау туралы м ә ліметтер

Талап етеді

9.

Сараптамалы қ қ орытындыларды ұ сынба ғ ан к ә сіпкерлерді ң аккредиттелген бірлестіктеріні ң тізімі (жеке к ә сіпкерлік субъектілеріні ң м ү дделерін қ оз ғ айтын актілер ү шін)

Жоқ

Директор орынбасарының міндетін атқарушы Е. Буденов

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание