2014 жылғы 28 тамыздағы шығыс № 9-3-5/2881-и хатқа










Отправить по почте
«Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 10475 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қағида жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз:
Бүгінгі күнде Қазақстанда егістіктердің әртараптандыруы өсуде, қызметті дәнді дақылдармен жұмыс істеу және басқа да дақылдармен жұмыс істеу бойынша бөлу – есептер жағынан да, ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес келу жағынан да дұрыс емес. Баяндалғанды ескере отырып, Қағиданың 3-тармағын мынадай редакцияда жазу қажет:
«Конкурсқа Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің шаруа (фермер) қожалықтары және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істейтін, ғылым мен техниканың жетістіктерін, еңбек ұйымдастырудың озық тәжірибесін өндіріске енгізетін, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын өсімдік шаруашылығындағы агрономдар , ветеринарлық дәрігерлер, зоотехниктер, сауу машина операторлары, комбайнерлар қатысады».
2. Өсімдік шаруашылығы саласының кадрлар тапшылығы кезінде жас білікті мамандарды көтермелеу қажет. Сондықтан Қағида жобасының 8-тармағының 2-тармақшасын мынадай редакцияда жазу қажет:
«2) өндірістік көрсеткіштер конкурсқа қатысу күнінің алдындағы үш жыл ішінде мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы саласы үшін оң серпінге ие».
3. Кәсіби қасиеттер құжаттардың бар болуын дәлелдемейді. Осылайша, аграрийлер арасында өзін-өзі кемелдендіріп жүрген дарынды адамдар көп кездеседі. Осыған байланысты, конкурс барысында курстардан өту қорытындылары бойынша емес, нақты қол жеткізілген көрсеткіштер бойынша бағалау керек. Бұл ретте, мал шаруашылығы саласында малдың көрмелерде алған марапаттарының бар болуын ескеру қажет. Осыған орай 9-тармақты алып тастауды ұсынамыз.
4. Конкурсқа бірнеше он номинанттың қатысуы болжанып отыр. Бұл ретте конкурс нәтижелерін анағұрлым нақты және ыңғайлы анықтау мақсатында бағалар анағұрлым амплитудада өзгертілуі тиіс. Осыған байланысты Қағида жобасының 12-тармағында «бес балдық» деген сөздерді «10-балдық» деген сөздермен ауыстыруды ұсынамыз.
5. Агрономның жұмыс көрсеткіші өнімнің шығымдылығы, өнім сапасы болып табылады. Ал рентабельділік, өз кезегінде, агрономға емес, жалпы шаруашылықты жүргізу деңгейіне байланысты шоғырландырылған көрсеткіш. ISO-9001 сапа стандарты – өнімнің емес, менеджменттің көрсеткіші. Бұдан басқа, агроном жасыл технологиялар стандарттары бойынша жұмыс істеуі және тыңайтқыштар мен гербицидтерді пайдаланбауы мүмкін. Ветеринарлық дәрігер біліктілігінің негізгі көрсеткіші шаруашылықтағы эпизоотиялық жағдайдың тұрақтылығы және төл алудың көрсеткіші мен сақталуы болуы тиіс.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, конкурс критерийлерінен келесілерді алып тастауды ұсынамыз:
Минералды және органикалық тыңайтқыштарды пайдалану;
Астық өндірісінің рентабельділігі;
ISO-9001 сапасының стандартын енгізу;
Жұмыс өтілі;
- Мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтардың болуы.
6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес аталған байқауды өткізу Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді. Осыған байланысты, Қағида жобасының 10-тармағының 1-тармағын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
«1) Саны жеті адамнан аспайтын құрамына аудан әкімінің орынбасары, тиісті мәслихаттың депутаты, саланың білікті мамандары, жұртшылық өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін конкурс комиссиясын қалыптастырады, конкурс комиссиясының төрағасын тағайындайды және отырыс күнін белгілейді».
Тиісінше, Қағида жобасының 11-тармағының 1-тармақшасын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
«1) Саны тоғыз адамнан аспайтын құрамына аудан әкімінің орынбасары, тиісті мәслихаттың депутаты, саланың білікті мамандары, жұртшылық өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін байқау комиссиясын қалыптастырып, оның жұмысын ұйымдастырады, байқау комиссияның төрағасын тағайындайды және отырыс күнін белгілейді».
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес дәлелді жауап жіберуді сұраймыз.
Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары Г. Құрбанбаева

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |