Bestprofi Logo

Өзге НҚА-дің жобалары от 2014-10-02г./null

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Регламентін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Регламентін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 3-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына және 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің регламенті бекітілсін.

2. Министрліктің Әкімшілік жұмысы департаменті Қазақстан Республикасызаңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсындаорналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы К.Б. Сафиновке жүктелсін.

4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы « » ______ № ____ бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің регламенті

1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің осы регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүктелген функцияларды орындау процесіндегі Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі –– Министрлік) қызметінің жалпы ережелерін белгілейді .

2. Осы Регламентпен құжаттармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар мен белгіленген мерзімдер Министрлік пен оның ведомстволарының барлық қызметкерлеріне қолданылады.

Министрліктің кадр құрамымен жұмыс істеуге жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшесі Министрлік пен оның ведомстволарының жаңадан қабылданған барлық қызметкерлерін міндетті түрде осы Регламентпен қолдарын қойғызып таныстыруды қамтамасыз етеді.

3. Құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізу, хат-хабарларды қабылдау, өңдеу мен бөлу, оның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізу осы Регламентпен, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы, «Электрондық құжат айналымы және электрондық сандық қол қою туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес белгіленеді.

Құпия іс жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

4. Министрлік өз қызметін Стратегиялық (ұзақ мерзімді) және Операциялық (жылдық) жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын өңдеу, іске асыру, мониторингілеу және бағалау кезінде ішкі өзара іс-қимылы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

Министрліктің Стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, әлеуметтік-экономикалық дамуды болжау негізінде Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының ұсыныстары бойынша 60 күнтізбелік күнге бес жылдық кезеңге әрбір үш жыл сайын әзірлейді, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі келесі қаржы жылы бастағанға дейін бекітеді және заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеледі.

Министрліктің Операциялық жоспарын Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының ұсыныстары бойынша әзірлейді және Министрліктің жауапты хатшысы Министрліктің Стратегиялық жоспары бекітілгеннен кейін 15 күнтізбелік күн ішінде бекітеді.

Бекітілген Стратегиялық және Операциялық жоспарларын Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Министрге, вице-министрлерге, жауапты хатшыға, Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволарына, аумақтық органдарына танысу және орындау үшін жолданады.

5. Стратегиялық және Операциялық жоспарлардың іс-шаралары мен көрсеткіштерін алып тастау, толықтыру, түзету немесе олардың орындалу мерзімдерін ауыстыру туралы шешім Министрліктің Алқасында қабылданады.

Стратегиялық жоспардың іс-шараларын не көрсеткіштерін түзетуге бастамашылық еткен құрылымдық бөлімшелер аталған мәселені Министрліктің Алқасының қарауына шығарады. Алқаның мүшелерімен құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстарын келіскеннен кейін Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментіне жолданады.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің қолданыстағы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жылына кем дегенде екі рет – республикалық бюджетті нақтылау және қалыптастыру кезінде жүзеге асырылады.

6. Стратегиялық жоспардың іске асырылғаны туралы бірінші басшының қолы қойылған есеп (құпия сипатты және қызметтік пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) есеп беру жылынан кейінгі жылдың 20-ақпанынан кешіктірмей, Министрліктің веб-сайтында орналастырылады.

3. Алқа отырыстарын жоспарлау, дайындау және өткізу тәртібі

7. Министрліктің алқа отырыстарын жоспарлау, дайындау, өткізу тәртібін және олардың орындалуын бақылауды Министр «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес белгілейді.

8. Министрліктің алқа отырыстары алқаның жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі. Алқа отырыстарында қаралатын мәселелердің саны шектелмейді.

Қажет болған жағдайда Министрдің тапсырмасы бойынша кезектен тыс алқа отырыстары өткізілуі мүмкін.

Алқа отырысы, егер оған алқа мүшелерінің жалпы санынан кем дегенде үштен екісі қатысқан болса, заңды болып саналады.

Алқа мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.

Алқаның саны мен дербес құрамы Министрдің бұйрығымен белгіленеді.

Министрліктің алқа отырысына салалас қызмет салаларында ведомствоаралық үйлестіру міндеттеріне орай мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қажет болған жағдайда өзге де заңды тұлғалар шақырылады. Министрдің шешімі бойынша алқа отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін.

9. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселелер Министрліктің алқа отырысында кем дегенде тоқсанында бір рет қаралады.

10. Алқа отырысында мәселелерді қарау нәтижелері бойынша қатысушы алқа мүшелерінің басым көпшілік даусымен хаттама түрінде мемлекеттік тілде (қажет болған жағдайда орысшасы қоса тіркеледі) ресімделетін алқа шешімі қабылданады. Министрліктің алқа жұмысы стенографияланады.

11. Министрліктің алқа жұмысының қорытындысы туралы ақпарат Министрліктің ресми веб-сайтында міндетті түрде орналастырылады.

4. Ведомстволармен және олардың аумақтық органдарымен, ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара әрекеттесу

12. Министрлік ведомстволардың және олардың аумақтық органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметтеріне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес дамудың негізгі бағыттарын айқындайды.

13. Ведомстволар күнделікті қызметінде Министрге, бірінші вице-министрге, жетекшілік ететін вице-министрлерге есеп береді және өз қызметін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен қойылған міндеттерге, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және Министрдің тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырады.

14. Мемлекеттік органдарға және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарға, сондай-ақ азаматтардың ведомство мекенжайына тікелей жазған өтініштері бойынша оларға жолданатын құжаттар құзыретіне сәйкес ведомствоның басшысы (не басшының міндетін атқарушы тұлға) дайындайды және қол қояды.

15. Ведомство басшылары қызметтің тиісті салаларында жұмысты ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді.

16. Ведомство Қазақстан Республикасы Үкіметінің мекенжайына Министрдің келісімі (ведомствоның хатына бұрыштамалар) болған жағдайда ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшысының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тікеле тапсырмаларына олардың мекенжайларына жауап беру кезінде өздігінен жүгіне алады.

17. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметі бірінші кезекте Министрліктің стратегиялық мақсаттарына жетуге бағдарланған. Министрлік қызметінің тиісті бағыттары ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымында және олардың даму жоспарларында көрініс табады.

18. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара әрекеттесуі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание