Bestprofi Logo

Сараптамалық қорытынды № 10809 от 2014-10-06г./Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

«Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

«Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 6 қазандағы № 10809 сараптамалық қорытындысы

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» ММ

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

«Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі - Жоба) қарап келесіні хабарлаймыз.

Эксперименттік режимде жұмыс істеу кезіндегі әкімшілік кедергілерді жою үшін Жобаның 3-бөлімінің 1-тармағын мынадай мазмұндағы ескертумен толықтыруды ұсынамыз: «Жұмыс оқу жоспарларының техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарына сәйкес келуі туралы біліктілік талаптары эксперименттік режимде жұмыс істейтін білім беру ұйымдарына қолданылмайды».

Осыған ұқсас, эксперименттік режимде жұмыс істеу кезіндегі әкімшілік кедергілерді жою үшін Жобаның 4-бөлімінің 1-тармағын мынадай мазмұндағы ескертумен толықтыруды ұсынамыз: «Жұмыс оқу жоспарларының типтік оқу жоспарларына сәйкес келуі туралы біліктілік талаптары эксперименттік режимде жұмыс істейтін білім беру ұйымдарына қолданылмайды».

2. Арнайы пәндер оқытушылары біліктілігінің сәйкестілігін анықтау үшін 3-бөлімнің 3-тармағының және 4-бөлімнің 3-тармағының құжаттарын «диплом бойынша біліктілік» деген сөздермен толықтыруды ұсынамыз.

3. Жан басы қаржыландырудың енгізілуіне байланысты мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландыру нормативі едәуір ұлғайтылады, себебі оған тәрбие, ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарға, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және т.б. жұмсалатын шығындар енгізілетін болады. Нәтижесінде бір студентті оқытудың бір жылғы орташа құны 700 мың теңгеден асып түседі.

Сонымен қатар, кадрларды коммерциялық негізде даярлау кезде оқу процесінің қатысушылары - әртүрлі объектілермен (мысалы, базалық кәсіпорын, білім беру орталықтары және т.б.) өзара есеп айырысуды қолдану мүмкіндігі бар. Бұл кадрларды даярлау құнын елеулі азайтады. Осыған байланысты Жобаның 3-бөлімі 7-тармағын алып тастауды ұсынамыз.

Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 5-бабына және ҚР «Нормативтік құқықтық актілер» Заңының 15-бабына сәйкес негізделген жауап ұсынуды сұраймыз.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание