Bestprofi Logo

Өзге НҚА-дің жобалары от 2014-10-22г./null

«Денсаулық сақтау саласындағы лицензияларды беруге келісуді жүзеге асыратын лицензиарларды, мемлекеттік органдарды айқындау туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

«Денсаулық сақтау саласындағы лицензияларды беруге келісуді жүзеге асыратын лицензиарларды, мемлекеттік органдарды айқындау туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Денсаулық сақтау саласындағы лицензияларды беруге келісуді жүзеге асыратын лицензиарларды, мемлекеттік органдарды айқындау туралы

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары – медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;

2) санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері – медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік орган болып белгіленсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 71 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 жыл, № 13, 242-құжат);

2) «Қазақстан Республикаcы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 жыл, № 68, 917-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов

«Денсаулық сақтау саласындағы лицензияларды беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге

тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

2

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

3

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды

4

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Талап етілмейді

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

жоқ

7

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

ж о қ

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ

9

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелерді) беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)

2014 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.mzsr.gov.kz интернет ресурсында Үкімет қаулысының жобасы орналастырылған.



12

Пресс-релиз

2014 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.mzsr.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

«Денсаулық сақтау саласындағы лицензияларды беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі – жоба) анықтама-негіздеме

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру үшін әзірленген.

Сонымен қатар, осы жобамен, медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия алу кезінде келісетін мемлекеттік органдар айқындалған.

Бұдан басқа, Заңның 53-бабының 2-тармағымен «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң күші жойылды деп танылды.

Осыған байланысты, «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңның нормаларына сәйкес осы жобамен:

1) «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 71 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 242-құжат);

2) «Қазақстан Республикаcы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 917-құжат) күші жоюға қойылды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание