Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 18-35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Видео










Видео
Отправить по почте
«Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 18-35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (Б. О. Азбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының жетекшілік етуші Вице-министріне жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Мамытбеков |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы «___»______________ №___ бұйрығымен бекітілген
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне сәйкес әзірленді және осы іс-шараларды қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бағдарлама әкімшісі – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
2) жекеше орман питомниктерін құру және дамыту – орман питомниктерін құру немесе қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды жүргізудің бүкіл циклы, ол 5-10 жылға созылып, жобалау-іздестіру және құрылыс-монтаж жұмыстарын, көгалдандыру, ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін ағаш пен бұта тұқымдыларын өсіруді қамтиды;
3) қатысушы – бағдарламаны іске асыруға қатысушы іріктеп алынған өтініш беруші;
4) өтініш беруші – осы Қағидалар белгілеген тәртіппен іріктеуге қатысуға өтініш берген, ағаш пен бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға жасалған ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бар жекеше орман иеленуші және (немесе) орман пайдаланушы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы;
5) тез өсетін ағаш пен бұта тұқымдыларының плантацияларын отырғызу мен өсіру – жобалау-іздестіру жұмыстарынан бастап сүрек және (немесе) өзге өсімдік өнімін дайындауға дейін сүрек және ағаш пен бұта өсімдіктерінің өзге өнімін өндірудің бүкіл циклы, ұзақтығы 10-15 жыл;
6) үлгі жоба – өнімді өткізуге немесе өңдеуге дейін оны өсірудің бүкіл циклын қамтитын, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі әзірлеген, тез өсетін ағаш пен бұта тұқымдыларының плантацияларын немесе орман питомнигін құру жобасы;
7) іріктеу – республикалық бюджетте көзделген қаражатты Бағдарламаны іске асырушылар арасында бөліп беру үшін оларды анықтау.
2. Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеуге байланысты іс-шараларды қаржыландыру тәртібі
3. Бағдарлама әкімшісі іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлға жүзеге асыратын жобалауға негіз болатын үлгі жобаларды әзірлейді.
Жобалау-іздестіру жұмыстарына жұмсалған шығындар бағдарлама әкімшісі үлгі жобалардың негізінде айқындайтын шығындардың 50 %-ға дейінгі мөлшерінде қатысушыға өтеледі.
4. Бағдарлама әкімшісі іріктеу жүргізуден бір жыл бұрын республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау туралы хабарландыру жариялайды, онда:
1) іріктеуге қатысуға өтініш беру мерзімі мен орны;
2) жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау түрлері;
3) үлгі жобаны алу орны;
4) жобалау-іздестіру жұмыстарына жұмсалған шығындарды өтеу шарттары мен мөлшері көрсетіледі.
5. Жеке және заңды тұлғалар хабарландыруда көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш тапсырып, оған мына құжаттарды қоса тіркейді:
1) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін – іріктеуге қатысуға өтініштер қабылдау күні аяқталатын күннің алдынан үш айдан аспайтын мерзімде берілген, бірінші басшының немесе тиісті салық органының мөрімен қол қою құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы немесе болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
3) түйіндеме – жеке тұлға үшін, негізгі қызметкерлердің түйіндемесі – мемлекеттік емес заңды тұлға үшін (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, білімі, кәсіби тәжірибесі, жоғары білімі туралы тиісті дипломдарының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері қоса тіркелген байланыс ақпараты);
4) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелері; заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
5) «орман өсіру үшін» нысаналы мақсатымен жер учаскесіне меншік немесе жер пайдалану құқығына мемлекеттік актінің немесе ағаш пен бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) мемлекеттік сәулет-құрылыс және экологиялық сараптамалардың оң қорытындыларымен тез өсетін ағаш пен бұта тұқымдыларының плантацияларын және (немесе) орман питомнигін құрудың жұмыс жобасы (бұдан әрі – жұмыс жобасы) қоса тіркеледі.
6. Іріктеуді жүргізу үшін бағдарлама әкімшісі өзінің қызметкерлерінен және бір саладағы қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен комиссия құрады, оның құрамында комиссия төрағасы, комиссия мүшелері мен хатшысы болады. Комиссияның сандық құрамы кемінде бес адам мөлшерінде тақ саннан тұруға тиіс, бұл ретте хатшы оның құрамына кірмейді. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделіп, оған комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері, хатшы қол қояды.
7. Іріктеуге мына талаптарға сай келетін өтінім білдірушілер жіберіледі:
1) Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлғалар үшін);
2) Қазақстан Республикасының азаматы (жеке тұлғалар үшін);
3) жекеше орман қорының және (немесе) ағаш пен бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының болуы;
4) салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы (заңды тұлға үшін);
5) жеке тұлға немесе заңды тұлға үшін орман шаруашылығы саласындағы білікті маман үшін жоғары білімі туралы тиісті дипломының бар болуы, орман шаруашылығында үш жылдан кеме емес жұмыс істеу тәжірибесінің болуы.
8. Өтініш барлық қоса тіркелген құжаттармен бірге бір топтамаға тігіледі, парақтар нөмірленеді, соңғы парақтың сырт жағында жіптердің ұшына «___ парақ тігілді және нөмірленді. Күні 20__ жылғы ___ ____» деген жазуы бар қағаз жолағы желімделеді, өтініш беруші қол қояды және мөр басылады.
9. Комиссия өтініштерді қабылдау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың түгел болуын және осы Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес келуін қарайды және оларды іріктеуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
Берілген құжаттар көрсетілген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда бағдарлама әкімшісі комиссия қарағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге дәлелді бас тарту жібереді.
10. Комиссия күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мына шарттарды ескере отырып іріктеу жүргізеді:
1) арнайы тағайындалған плантациялық екпелер және ағаш пен бұта тұқымдыларының отырғызу материалдарын өсіру кезінде жаңа технологиялар қолдану;
2) суарудың суды үнемдеу жүйесін пайдалану;
3) күтілетін өндіріс көлемі мен жобаның өтімділігі;
4) жобаны енгізуден әлеуметтік-экономикалық тиімділіктер (жұмыс орындарының саны, жергілікті тұрғындардың мүдделерінің есебі).
11. Қатысушыларды іріктеу туралы комиссияның шешімінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бағдарламаның әкімшісі мен қатысушы арасында шарт жасалады.
12. Шарт бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды бағдарлама іске асырылып жатқан орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) лауазымды тұлғалары жүзеге асырылады.
13. Қатысушы бағдарламаның әкімшісіне жобалау-іздестіру жұмыстарына жұмсалған шығындарды растайтын құжаттарды төлемақы жасауға береді.
14. Тез өсетін ағаш пен бұта тұқымдыларының плантацияларын отырғызу мен өсіруге және (немесе) жекеше орман питомнигін құру мен дамытуға жұмсалған өзінің шығындарын өтеу үшін қатысушы мынадай құжаттар береді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тез өсетін ағаш пен бұта тұқымдыларының плантацияларын отырғызу мен өсіруге және (немесе) жекеше орман питомнигін құру мен дамытуға жұмсалған шығындарды өтеуге өтініш;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Комитеттің тиісті орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының лауазымды тұлғасы қол қойған, мөр басылған және өтінім беруші куәландырған орындалған жұмыстарды қабылдау актілері.
15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қатысушыға бағдарламаның әкімшісі тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей береді.
16. Тез өсетін ағаш пен бұта тұқымдыларының плантацияларын отырғызу мен өсіруге және (немесе) жекеше орман питомниктерін құру мен дамытуға жұмсалған шығындарды қатысушыларға өтеу үлгі жоба бойынша жұмыстар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерде жүзеге асырылады.
17. Іріктеу кезінде қаражат толық бөлінбеген, сондай-ақ бөлінген бюджет қаражатынан қатысушы бас тартқан жағдайда бюджеттік Бағдарламаның әкімшісі осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайталама іріктеу өткізеді.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Өтініш
(өтініш берушінің атауы)
мемлекеттік қолдау шеңберінде республикалық бюджеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іріктеуге қатысуға ниет білдіреді.
1. Өтініш беруші туралы мәлімет
________________________________________________________________________________
(толық атауы)
________________________________________________________________________________
(заңды мекенжайы)
Іс жүзіндегі мекенжайы, телефондары, факсы, электрондық поштасы _________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Жарғылық капиталының мөлшері, теңге _________________________________________
________________________________________________________________________________
Меншікті капиталының____________ мөлшері, теңге ______________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Құрылтайшылар (мемлекеттік емес заңды тұлға үшін) _____________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Банктік деректемелері ________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) байланыс телефондары __________
________________________________________________________________________________
2. Негізгі қызметінің түрлері ___________________________________________________
________________________________________________________________________________
Жылдық айналымы, сомасы ____________________________________________________
________________________________________________________________________________
Қызметкерлердің нақты саны ___________________________________________________
________________________________________________________________________________
3. Жобаның қысқаша сипаттамасы ______________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Жоба бойынша жұмыстардың басталған және аяқталған күні ________________________
________________________________________________________________________________
4. Жұмыс жобасын іске асырудан жоспарланып отырған нәтижелер __________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(мөр орны, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, күні,)
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу туралы шарттың үлгі нысаны
Астана қаласы 20__ жылғы «__»_____________________
________________________________________________________________________________
(бағдарлама әкімшісінің атауы)
негізінде әрекет ететін ____________________________ арқылы және ____________________
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлға үшін тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
бұдан әрі «Қатысушы», бірлесіп «Тараптар» деп, аталатын _____________________________
_____________________________ негізінде әрекет ететін _______________________________
арқылы мына төмендегілер жайында осы Шартты жасасты.
1. Шарттың мәні
Осы шарт мына төмендегілер жайында жасалады:
1. Қатысушы осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес жұмыстарды орындау кестесі бойынша жұмыс жобасына сәйкес мына жұмыстарды орындауға міндеттенеді:
________________________________________________________________________________
(мемлекеттік сәулет-құрылыс және экологиялық сараптамалардан
________________________________________________________________________________
өткені туралы мәліметтер көрсетілген жобаның атауы)
2. Бағдарламаның әкімшісі ағымдағы жылдың аяғына дейін Қатысушыға үлгі жобаны әзірлеу құнының 50%-ға дейінгі мөлшерде жобалау-іздестіру жұмыстарына жұмсалған шығындарды ____________ теңге (цифрмен және жазбаша) сомасында өтеуге міндеттенеді.
3. Бағдарламаның әкімшісі жыл сайын қатысушыға жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс жобасын іске асыруға жұмсалған шығындардың 50 %-ға дейін, бірақ үлгі жобамен айқындалған жұмыстар құнының 50 % аспайтын мөлшерін өтеуге міндеттенеді.
2. Тараптардың құқықтары
4. Бағдарламаның әкімшісі өзінің аумақтық бөлімшелері арқылы қатысушының жұмыстарды жүргізу сапасына, толымдылығына және уақтылылығына бақылау жасайды.
Аумақтық бөлімше қатысушы орындаған жұмыстарды жыл қорытындылары бойынша қабылдайды.
5. Қатысушы жыл қорытындылары бойынша жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес орындалған жұмыстар шығындарын өтеу жөнінде уақтылы төлем жасалып отырылуын талап етуге құқылы.
3. Тараптардың міндеттері
6. Бағдарламаның әкімшісі:
а) шарттың белгіленген тәртіппен қазынашылық органдарында уақтылы тіркелуін;
б) жұмыстарды қабылдап, қатысушыға тиесілі соманың төленуін қамтамасыз етуге міндетті.
7. Қатысушы жұмыс жобасы мен жұмыс кестесінде көзделген жұмыстарды уақтылы және сапалы орындауға міндетті.
4. Тараптардың жауапкершілігі
8. Қатысушы жұмыс жобасында белгіленген көлемге қол жеткізбеген жағдайда бағдарламаның әкімшісі шартты бір жақты тәртіппен бұзып, бұдан бұрын жасалған төлемдер сомасын өндіріп алуға құқылы.
Еңсерілмейтін мән-жайлардың туындауы салдарынан шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтын жағдайда кез келген тарап осындай мән-жайлар туындаған сәттен бастап 10 күн ішінде басқа тарапқа хабарлама жолдау арқылы шартты тоқтата алады. Осы шарттың мақсаттары үшін «еңсерілмейтін мән-жайлардың» тараптардың бақылауы жүрмейтін, тараптардың жаңсақтығына немесе салақтығына байланысты емес және болжамсыз сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей күш апаттары, індет, карантин сияқты жағдаяттарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектеліп қалмайды. Бұл ретте міндеттемесін орындаған әрбір тарап алынбас күш жағдаяттары туындағанға дейін жұмсаған шығынын қайтаруды талап етуге құқылы.
5. Дауларды қарау тәртібі
9. Осы шартты орындауға байланысты барлық даулар, келіссөз және қосымша келісімдер жасау жолымен шешіледі. Тараптар келіспеген жағдайда даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттың қарауына жатады.
6. Өзге ережелер
10. Осы шартқа қоса тіркеліп отырған қосымша оның ажырамас бөлігі болып табылады.
11. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар осы шарттың мәтініне қайшы келмеуге тиіс және жазбаша түрде жасалып, оған тараптар қол қоюы керек.
12. Осы шартқа енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар қазынашылық органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады.
13. Осы шарт 3 данада – Қатысушы мен бағдарламаның әкімшісі үшін бір-бір данадан және қазынашылық органдарында сақтау үшін – бір дана жасалды. Барлық дананың заңдық күші бірдей және тең.
7. Шарттың қолданылуы
14. Шарт 201__ жылдан 201___ жылға дейін жасалды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарына оны тіркеген күнінен бастап күшіне енеді.
8. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
| Бағдарламаның әкімшісі |
| Қатысушы |
Тіркелді: _____________________________________________________ № ___
(аумақтық қазынашылық органының атауы)
Тіркелген күні 201_ жылғы «___»
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеуге өтініш
Осымен қатысушы _________________________________________Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінен ____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(тез өсетін ағаш пен бұта тұқымдыларының плантацияларын, орман питомниктерінде
________________________________________________________________________________
жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу туралы шартқа сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттің қаражатынан (банктің атауы) Қатысушының № ____________ шотына ____________________________________________
___________________________________________________ теңге соманы аударуды сұрайды.
________________________________________________________________________________ (мөр орны, кәсіпорынның атауы, бірінші басшының қолы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымша
Нысан
________________________________________________________________________________________________
(тез өсетін ағаш пен бұта тұқымдыларының плантацияларын құру мен өсіру бойынша
________________________________________________________________________________________________
және (немесе) жекеше орман питомниктерін дамыту)
20__ жылы ___________ ________________________________ орындаған жұмыстарды
(қатысушының атауы)
қабылдау актісі
| Р/с | Жұмыстар атауы мен материалдар сатып алуға жұмсалған шығындар | Өлшем бірлігі | Саны | Жалпы құны, теңге | ||
| Барлығы | Оның ішінде | |||||
| Негізгі жалақы | Машина, тракторларды пайдалану | |||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Жиыны |
|
|
|
|
|
|
| оның ішінде ҚҚС |
|
|
|
|
|
Төленуге жататын сома _____________________________________ теңге.
(цифрмен, жазбаша)
_____________________________________________________________________________
(мөр орны, қатысушы атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
______________________ орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі ____________________________________________________
______________________________________________________________________________
(мөр орны, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) қолы)
Тез өсетін ағаш пен бұта тұқымдыларының плантацияларын отырғызу мен өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу туралы шарттың үлгі нысанына қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________________________ бойынша (жұмыс жобасының атауы)
жұмыс жүргізу кестесі
| Р/с № | Жұмыстың атауы | Өлшем бірлігі | Көлемі | Орындау мерзімі | Барлық шығын, теңге |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 20__жыл | |||||
|
|
|
|
|
|
|
|
| жиыны |
|
|
|
|
| 20__жыл | |||||
|
|
|
|
|
|
|
|
| жиыны |
|
|
|
|
| 20__жыл | |||||
|
| жиыны |
|
|
|
|
|
| Барлығы |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы «____» ____________ № ______ «Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына анықтама-негіздеме
| Р/с | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 18-35) тармақшасына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | 1. « Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығы 2. «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 208-ІІ Заңы 3. Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу тәртібін орнату мақсатында. |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | 1. «Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 1014 Қаулысы
|
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме | Жоқ |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | Жоқ |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz сайтында және мемлекеттік органдардың ғаламто-порталында орналасқан |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | Қажет емес |
Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Ә. Жеңісов

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |