• Мое избранное

Отправить по почте

«Пайдаланушы ұйымның персоналын аттестаттаудан өткiзу ережесiн бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Пайдаланушы ұйымның персоналын аттестаттаудан өткiзу ережесiн бекiту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 25 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында және «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пайдаланушы ұйымның персоналын аттестаттаудан өткiзу ережесi бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (Есімханов С.Қ.) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына жіберуді және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр  В. Школьник
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2014 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Пайдаланушы ұйымның персоналын аттестаттаудан өткiзу ережесi бекiту туралы
Жалпы ережелер
Осы Атом энергиясын пайдалану саласындағы пайдаланушы ұйымның персоналын аттестаттаудан өткiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегi Заңына сәйкес әзiрленген және атом энергиясын пайдалану саласындағы пайдаланушы ұйымдар (бұдан әрi - пайдаланушы ұйымдар) персоналының аттестаттаудан өту тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi және барлық пайдаланушы ұйымдарға қолданылады.  
Осы Ережелерде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
басқарушы персонал – пайдаланушы ұйымның директорын қоса алғанда, топтардың немесе бригадалардың жұмысын басқаратын тікелей басшылардан орта деңгейдегі басшылар мен аға басшыларға дейінгі басшылардың барлық деңгейі.
пайдаланушы персонал – атом энергиясын пайдалану объектілерінде жүйелер мен жабдықтарды пайдалануға немесе техникалық қызмет көрсетуге тікелей қатысатын персонал;
2. Мемлекеттік органда аттестаттаудан өткізу тәртібі
3. Пайдаланушы ұйым персоналының мынадай санаттары уәкілетті органда аттестаттаудан өтеді:
лауазымдық міндеттері атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, қондырғыны тікелей басқаруды көздейтін басқарушы персонал;
лауазымдық міндеттері ядролық материалдарды, иондаушы сәуле көздерін, радиоактивті заттарды есепке алумен және бақылаумен, ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғаумен байланысты ядролық қондырғының персоналы;
лауазымдық міндеттеріне иондаушы сәуле көздерін есепке алу және бақылау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау кіретін радиациялық, электрфизикалық қондырғының персоналы;
1 деңгейлі радиациялық қауіпті ядролық қондырғыны пайдаланушы ұйым кәсіби біліктілік деңгейі және персоналдың өз қызметіне сәйкестігін анықтау мақсатында атом энергиясын пайдалану нысандарында жұмыс істейтін персоналға ішкі аттестаттауды жүргізеді.
Уәкілетті органда персоналды аттестаттау:
алғашқы аттестаттауға;  
кезеңдік аттестаттауға
кезектен тыс аттестаттауға бөлінеді.
Персоналды алғашқы аттестаттау 3-тармақта санамаланған персоналдың санатына қатысты лауазымға тағайындалғаннан кейін жүргізіледі. Алғашқы аттестаттаудан өтуге арналған өтінімді уәкілетті органға қызметке тағайындалғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей жіберіледі.  
Персоналды кезеңдік аттестаттау үш жылда бір рет жүргізіледі.
Кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
өндірісте жазатайым оқиғаларға жол берген;
уәкілетті орган пайдаланушы ұйымда жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу барысында радиациялық және ядролық қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталған;
пайдаланушы ұйымдардың шешімі бойынша тағайындалады.
Кезектен тыс аттестаттау кезеңдік аттестаттау мерзімдерін ауыстырмайды.
Аттестаттаудан өту үшін пайдаланушы ұйым уәкілетті органға мынадай құжаттарды қамтитын өтінімді тапсырады:
осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша пайдаланушы ұйымнан ұсыным;
аттестатталуға тиісті қызметкердің білімін, біліктілігін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар;
аттестатталуға тиісті қызметкердің лауазымдық нұсқаулығы;
егер қызметкер А санатының персоналына жатқан жағдайда қосымша ионданушы сәулемен жұмыс істеуге қарсы айғақтамалары жоқ медициналық тексеруден өткені туралы құжат ұсынылады;
үміткерді белгіленген нысан бойынша (қажеттілігіне қарай) құпия мәліметтерге жіберу туралы жазбаша растау;
қызметке тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі (бірінші аттестаттауды өткен жағдайда).
Уәкілетті орган өтінім материалдарын алған сәттен бастап екі күндік мерзімде пайдаланушы ұйымға өтінімдердің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлайды. Өтінімдер қабылданбаған жағдайда қабылданбау себептері көрсетіледі. Пайдаланушы ұйым көрсетілген кемшіліктерді жойғаннан кейін қайтадан өтінім бере алады.
Өтінімдер қабылданған жағдайда уәкілетті орган аттестаттау жүргізу күні мен орны туралы шешім қабылдайды, ол туралы пайдаланушы ұйымға хабарлайды.
Аттестаттауды өткізу үшін уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен құрамы бес адамнан кем емес және мүшелерінің саны тақ болып табылатын уәкілетті органның төраға орынбасарлары мен басқарма басшылары арасынан комиссия құрылады.  
Комиссия отырысы комиссия құрамының кем дегенде үштен екі бөлігі құрайтын кворум бар болған кезде заңды.
Хатшы комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығы жоқ.  
Аттестаттау оны өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін 30 күннен кешікпейтін күнге белгіленеді.
Уәкілетті органда персоналды аттестаттау мыналарды:
тестілеуді;
әңгімелесуді (радиациялық қауіпсіздікті бақылауға жауапты персонал үшін);
аттестаттауды өткізу нәтижелерін куәландыратын хаттаманы беруді қамтиды.
Тестілеу аттестатталушы қызметкердің таңдауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде автоматтандырылған компьютер тәсілімен жүргізіледі.
Тестілеу сұрақтарының тізбесін уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Тестілеу нәтижелерін оң деп санау үшін негіз болып табылатын дұрыс жауаптардың шекті деңгейі тесттердегі сұрақтар санының 80 %-ын құрайды.
Егер тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден аз болған жағдайда аттестатталушы қызметкер әңгімелесуге жіберілмейді.  
Сұрақ-жауап нысанында өткізілетін әңгімелесу кезінде комиссия қызметкердің радиациялық қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын білуіне көз жеткізеді.
Әңгімелесудің қорытындысы бойынша комиссия қызметкерді радиациялық қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын білуін «қанағаттанарлық», «қанағаттанғысыз» бағалары бойынша бағалайды.  
Уәкілетті орган аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
қайтадан аттестатталуы тиіс.  
Пайдаланушы ұйымның аттестатталушы қызметкері атқаратын лауазымына сәйкес келмеген жағдайда осы Ереженің 3-тармағында санамаланған міндеттерді орындауға жіберілмейді. Қайтадан аттестаттаудан өтпеген қызметкер екі жылдан кейін аттестатталуға мәлімделуі мүмкін.
Аттестаттаудың нәтижелері бойынша хаттама ресімделеді, оған комиссия мүшелері қол қояды және уәкілетті органның басшысы бекітеді.
Аттестаттауды өткізгеннен кейін 3 күнтізбелік күн ішінде хаттама толтырылады.
Аттестаттау жүргізу хаттамаларын есепке алу мен сақтау тәртібін, тестілеу мен әңгімелесу нәтижелерін уәкілетті орган бекітеді.
Атттестаттау жүргізу хаттамасы екі данада ресімделеді. Бір данасы аттестатталушы қызметкерге беріледі. Хаттаманың екінші данасы уәкілетті органда сақталады.
Аттестатталушы қызметкер аттестаттау нәтижелерімен келіспеген жағдайда уәкілетті орган басшысының атына аттестаттау хаттамасын алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде арыз ресімдеу жолымен аттестаттау нәтижелеріне шағымдануға құқығы көзделеді.
Пайдаланушы ұйымның персоналын
аттестаттаудан өткiзу ережесiне
1-қосымша
Ұсыну
Әкімшілік
  ______________________________________________________________
 (Пайдаланушы ұйымның атауы)
 ______________________________________________________________
  (ұйымның, қондырғының, бөлімнің, лауазымның атауы)
лауазымы бойынша міндеттерді орындау кезінде
 ______________________________________________________________
 (тегі, аты-жөні)
аттестаттаудан өткізуді өтінеді.
  Қоса берілген құжаттар:________________________________________
 Пайдаланушы ұйымның жетешісі ___________________
  (тегі, аты-жөні)
__________________
   (қолы)
   М.Ө. «___»_______20__ж.
«Пайдаланушы ұйымның персоналын аттестаттаудан өткiзу ережесi» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Энергетика министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 25 қыркүйектегі қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 25 қыркүйектегі. қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында және «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

5.

Нормативтiк құқықтық актілердің жойылғаны туралы деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Жоқ

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің www.energo.gov.kz интернет-ресурсында жарияланған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)



Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі  
Заң қызметі
департаментінің директоры М. Хайруллин
 2014 жылғы «____»___________